Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II TIMOTHY
1 2 3 4
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 2
II T Kaz 2:1  Ал сен, балам менің, Мәсіх Исаның сыйлайтын рақымымен күшейе бер.
II T Kaz 2:2  Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта!
II T Kaz 2:3  Иса Мәсіхтің «адал сарбазы» ретінде азаптарды бірге көр!
II T Kaz 2:4  Есіңде болсын: ешбір сарбаз тұрмыстық істермен шырмалмайды, қайта, қолбасшысының көңілінен шығуға ұмтылады.
II T Kaz 2:5  Сондай-ақ, балуан күрес тәртібін бұзса, жүлдені жеңіп ала алмайды.
II T Kaz 2:6  Жиналған өнімнен үлесін ең алдымен жан сала еңбектенген диқан алуға тиіс.
II T Kaz 2:7  Айтқандарым туралы ойлана бер, сонда Құдай саған бәріне түсінік береді.
II T Kaz 2:8  Дәуіттің ұрпағынан шыққан, өлімнен қайта тірілген Иеміз Иса Мәсіхті әрдайым есіңде ұста! Мен уағыздаған Ізгі хабар — осы.
II T Kaz 2:9  Соған бола азап шегіп, қылмыскердей бұғауланудамын. Алайда Құдайдың сөзі бұғаулы емес!
II T Kaz 2:10  Сондықтан мен Құдайдың таңдаған адамдары үшін, олардың да Иса Мәсіх арқылы құтқарылып, мәңгілік ұлылықты иемденулері үшін бәріне де төземін.
II T Kaz 2:11  Мынау — дәл айтылған, шынайы сөз:«Егер Мәсіхпен бірге өлген болсақ,Онымен бірге өмір сүретін де боламыз.
II T Kaz 2:12  Егер қиыншылықтарға төзе берсек,Онымен бірге патшалық ететін де боламыз.Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ,Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ.
II T Kaz 2:13  Біз айтқанымызға адал болмасақ,Ол айтқанына адал болып қала береді,Өз болмысымен келіспейтінді Ол істемейді».
II T Kaz 2:14  Осыларды бәрінің есіне түсіріп, сөздер туралы айтыспасын деп Құдай алдында мықтап ескерт. Ондай айтыстардан ешқандай пайда жоқ. Қайта, олар тыңдағандардың сенімдеріне зор нұқсан келтіреді.
II T Kaz 2:15  Сен кінәратсыз жұмысшы — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл!
II T Kaz 2:16  Жай, бос әңгімелерден аулақ жүр. Бұларды айтатындар Құдайдың адал жолынан одан бетер адасып кетеді.
II T Kaz 2:17  Олардың сөздері қабынған жарадай жайыла беріп, рухани денені құртпақ. Солардың арасында Үменей мен Філет те бар.
II T Kaz 2:18  Олар шындық жолынан тайып, «Қайта тірілу болып кетті», — деп жариялап, кейбіреулердің сенімдерін жоюда.
II T Kaz 2:19  Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
II T Kaz 2:20  Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.)
II T Kaz 2:21  Сол себепті, кім өзін соңғылардан арылтып таза ұстаса, қадірлі ыдыстар іспетті Қожайынына бағышталған, пайдалы және әрбір ізгі істер үшін қолданылуға дайын болады.
II T Kaz 2:22  Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл.
II T Kaz 2:23  Ақылсыз, мәнсіз айтыстардан аулақ бол, олардың дау-жанжал туғызатынын білесің ғой.
II T Kaz 2:24  Жаратқан Иенің қызметшісінің жанжалдасуына болмайды. Ол бәріне бірдей жылы жүзді, жақсылап тәлім беретін, сабырлы болып,
II T Kaz 2:25  қарсыластарын ілтипаттылықпен түзету қажет. Мүмкін болса, Құдай оларды өкіндіріп, шындықты мойындатар.
II T Kaz 2:26  Осылайша олар ақылға келіп, өзінің еркіне бағындыру үшін ұстап алған шайтанның тұзағынан босап, құтыла алмақ.