EPHESIANS
Chapter 3
Ephe | Kaz | 3:1 | Сондықтан мен, Пауыл, басқа ұлттық сендерге Мәсіх Исадан жіберілдім, сол себептен тұтқындалдым да. | |
Ephe | Kaz | 3:2 | Құдайдың өздеріңе арналған осы міндетті атқаруды рақымдылықпен маған жүктегенін, әрине, естідіңдер. | |
Ephe | Kaz | 3:3 | Себебі Ол Өзінің құпия жоспарын маған ашып білдірді, бұны қысқаша баяндап жазып қойдым. | |
Ephe | Kaz | 3:5 | Осы жоспар адамзаттың алдыңғы ұрпақтарына айтылмаған болатын, ал қазір Киелі Рух оны Құдайдың қасиетті елшілері мен пайғамбарларына ашып отыр. | |
Ephe | Kaz | 3:6 | Оның мазмұны мынау: басқа ұлттар Ізгі хабардың арқасында яһуди сенушілерімен бірге Құдайдың жарылқауын қабылдайды және олармен бірге Мәсіхтің рухани денесінің мүшелері болып, Тәңір Иеміздің берген уәдесінен өз үлестерін алмақ. | |
Ephe | Kaz | 3:7 | Құдай маған рақымын төгіп, Өзінің құдіретімен өмірімді өзгертіп, мені Ізгі хабарды уағыздайтын қызметшісі етіп қойды. | |
Ephe | Kaz | 3:8 | Оның адамдарының ең лайықсызы болсам да, Құдайдың рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді: | |
Ephe | Kaz | 3:9 | әлемді жаратқан Құдайдың әуел бастан Өзінде құпия сақтап келген жоспарының қалай іске асырғанын жұртқа ашып беру менің міндетім болды. | |
Ephe | Kaz | 3:10 | Құдайдың мұндағы ниеті — Өзінің жан-жақты даналығын көзге көрінбейтін дүниедегі билеушілер мен өктемдік иелеріне енді сенушілер қауымы арқылы ашып мәлім қылуы. | |
Ephe | Kaz | 3:12 | Онымен байланысқан біз Оған деген сенімімізге бола көктегі Әкемізге еркін жақындап, сиынуға батылымыз жетеді. | |
Ephe | Kaz | 3:13 | Сондықтан да сендерден өздерің үшін көрген азаптарыма бола жігерлеріңді жасытпауларыңды өтінемін. Себебі олар арқылы Құдайдың ұлылығына кенелесіңдер. | |
Ephe | Kaz | 3:16 | Былай деп мінажат етемін: Құдай өз ұлылығының байлығына сәйкес Киелі Рухының арқасында жан дүниелеріңді Өзінің құдіретімен нығайта көрсін. | |
Ephe | Kaz | 3:18 | әрі рухани өмірлерің Оның сүйіспеншілігіне тамыр жайып, негізделсін. Осылай сендер Мәсіхтің сүйіспеншілігінің қаншалықты кең де көз жеткісіз терең және биік екенін Құдайдың бүкіл халқымен бірге түсіне алып, | |
Ephe | Kaz | 3:19 | адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен. Сол арқылы Құдайдың рухани қасиеттері бойларыңа толықтай дари берсін! | |
Ephe | Kaz | 3:20 | Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады. | |