HAGGAI
Chapter 2
Hagg | Kaz | 2:1 | Жетінші айдың жиырма бірінші күні Жаратқан Ие халыққа Хаққай пайғамбар арқылы сөзін арнап былай деді: | |
Hagg | Kaz | 2:2 | «Яһуданың әкімі Салатиел ұлы Зоробабелге, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаға және халықтың тірі қалған басқаларына енді мынаны айт: | |
Hagg | Kaz | 2:3 | Осы киелі үйді оның бұрынғы салтанатында көргендерден араларыңда кім қалды? Ал қазір көріп тұрғандарың қандай? Бұрынғыға қарағанда ол сендерге түк еместей болып көрінбей ме? | |
Hagg | Kaz | 2:4 | Дегенмен енді нығайып батыл бол, уа, Зоробабел! — дейді Жаратқан Ие. — Сен де нығайып батыл бол, уа, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуа! Нығайып батыл болыңдар, уа, елдің бүкіл халқы! — деп шақырады Жаратқан Ие. — Еңбек етіңдер! Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — Әлемнің Иесі осы уәдені береді. — | |
Hagg | Kaz | 2:5 | Мысырдан шыққандарында Мен осылай болады деп сендердің ата-бабаларыңмен Келісім жасағанмын. Бұдан былай да Менің Рухым араларыңда тұратын болады. Қорықпаңдар!» | |
Hagg | Kaz | 2:6 | Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Біраздан кейін Мен тағы да аспан мен жерді, теңіз бен құрлықты шайқалтамын! | |
Hagg | Kaz | 2:7 | Мен барлық халықтарды да шайқалтамын. Сонда халықтардың бәрі өздерінің ерекше бағалаған қазыналарын әкеліп, Мен бұл үйді салтанатты ұлылыққа кенелтемін, — деп уәде береді Әлемнің Иесі. — | |
Hagg | Kaz | 2:9 | Бұл киелі үйдің болашақ салтанаты бұрынғы киелі үйдікінен де асып түседі, — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Осы жерде Мен амандық пен тыныштық сыйлаймын!» — Әлемнің Иесінің Өзі осы уәдені береді. | |
Hagg | Kaz | 2:10 | Дарийдің патшалық құрған екінші жылының тоғызыншы айының жиырма төртінші күні Жаратқан Ие Хаққай пайғамбарға сөзін арнап былай деді: | |
Hagg | Kaz | 2:12 | Егер біреу құрбандықтың Құдайға бағышталған киелі етін бір нәрсеге орап алып бара жатқанда, онысы нанға, піскен етке, сусынға, зәйтүн майына немесе басқа бір тағамға тиіп кетсе, сол тағам Құдайға бағышталған киелі болып қала бере ме?» — Діни қызметкерлер:— Жоқ, киелі болмайды, — деп жауап берді. | |
Hagg | Kaz | 2:13 | Хаққай сөзін сабақтап:— Ал егер өлікпен жанасып арамданған біреу осындай заттарға жанасып кетсе ше, олар да арамданып қала ма? — деп сұрады. Діни қызметкерлер:— Иә, арамданады, — деп жауап берді. | |
Hagg | Kaz | 2:14 | Сонда Хаққай былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы халықтың адамдары да (Маған толығымен бағынбағандықтарына бола) Менің көз алдымда арамданған. Сол себепті олардың істеп жүрген істері мен шалып жүрген құрбандықтарының бәрі де арамданған. | |
Hagg | Kaz | 2:15 | Бірақ осы күннен бастап басқаша болады! Маған бағышталған осы киелі үйдің алғашқы тасы қаланбай тұрып, қалай өмір сүргендеріңе ден қойып, ойланып алыңдар! | |
Hagg | Kaz | 2:16 | Өнім жинайтын кезінде біреу бастыруға үйілген масақ бауларынан жиырма қап астық шығады деп дәметсе, расында одан тек он қап қана шығады. Шырын сыққыштан елу шелек жүзім шырынын аламын деп дәметсе, онда небәрі жиырма шелек қана шырын бар болып шығады. | |
Hagg | Kaz | 2:17 | Себебі Мен сендерді және істеген істеріңнің бәрін өсімдік татымен, қуаңшылықпен және бұршақпен зақымдадым. Әйтсе де сендер өкініп, Маған қайтып келмедіңдер, — деп ескертеді Жаратқан Ие. | |
Hagg | Kaz | 2:18 | Бүгін, тоғызыншы айдың жиырма төртінші күні, сендер Менің киелі үйімнің іргетасын қайтадан қалап болдыңдар. Бүгінгі күннен бастап не болатынына ден қойып ойланып алыңдар! | |
Hagg | Kaz | 2:19 | Тұқым әлі де қамбаларыңда сақталып келеді, солай емес пе? (Демек, сендер әлі де егін егіп, жинаған жоқсыңдар.) Жүзім, анар, інжір және зәйтүн ағаштары да жемістерін әлі берген жоқ. Алайда бүгіннен бастап Мен сендерді жарылқайтын боламын!» | |
Hagg | Kaz | 2:20 | Сол айдың жиырма төртінші күні Жаратқан Ие Хаққай пайғамбарға тағы бір рет сөзін арнап былай деді: | |
Hagg | Kaz | 2:22 | патшалықтардың тақтарын төңкеріп, басқа халықтардың мемлекеттерінің күш-қуатын жоямын. Мен соғыс күймелерін оларды айдайтындарымен қоса аударамын. Атты әскерлер де жерге құлап, бір-бірінің семсерінен қаза табады». | |