II KINGS
Chapter 20
II K | Kaz | 20:1 | Сол күндері Езекия қатты науқастанып, өлім аузында жатты. Амос ұлы Ишая пайғамбар оған келіп, былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Үй ішіңе соңғы өсиеттеріңді беріп, істеріңді аяқта! Себебі бұл аурудан жазылмай, қайтыс боласың». | |
II K | Kaz | 20:3 | «Уа, Жаратқан Ие, Сенің көз алдыңда ізгі жолыңмен жүріп, шын жүректен әділ істер істеп келгенімді ескере көрші!» — деді. Мұнан кейін Езекия қатты жылады. | |
II K | Kaz | 20:4 | Ишая пайғамбар Езекияның қасынан кетіп, сарайдың ортаңғы ауласынан шықпай жатып, Жаратқан Ие оған сөзін арнап былай деді: | |
II K | Kaz | 20:5 | «Қайтып барып, халқымның көсемі Езекияға былай де: Түп атаң Дәуіттің Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Сенің мінажатыңды естіп, көз жасыңды көрдім. Біліп қой, Мен сені ауруыңнан сауықтырамын. Үшінші күні Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп бара алатын боласың. | |
II K | Kaz | 20:6 | Сенің өміріңе тағы он бес жыл қосамын. Мен өзіңді және мына қаланы Ассур патшасының қолынан құтқарып, қаланы Өзім үшін және адал қызметшім Дәуіт үшін қорғап қаламын!» | |
II K | Kaz | 20:7 | Ишая бұдан кейін патшаның қызметкерлеріне: «Інжір жемістерінен шелпек алып келіңдер!» — деп тапсырды. Олар соны шиқанның үстіне қойғаннан кейін патша айығып кетті. | |
II K | Kaz | 20:8 | Осы екі арада Езекия Ишаядан:— Жаратқан Иенің мені сауықтыратыны жайлы алдын ала беретін ғажап белгісі не болады? Үшінші күні Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп бара алатынымды қалай біле аламын? — деп сұраған еді. | |
II K | Kaz | 20:9 | Сонда Ишая оған:— Жаратқан Ие Өзінің уәде еткенін іске асыратындығының саған арнаған белгісі мынау болмақ: Өзің айтшы, баспалдаққа түсіп тұрған көлеңке он қадам алға жылжысын ба, әлде он қадам артқа жылжысын ба? — деді. | |
II K | Kaz | 20:10 | Езекия:— Көлеңкенің алға он қадам жылжуы еш ғажап емес. Ол он қадам артқа жылжысын! — деп өтінді. | |
II K | Kaz | 20:11 | Ишая пайғамбар дауыстап Жаратқан Иеге сиынғанда, көлеңке шынымен Ахаз патша салғызған баспалдақтың үстімен он қадам кері жылжыды! | |
II K | Kaz | 20:12 | Сол кездері Бабыл патшасы Баладан ұлы Меродах-Баладан Езекияның қатты ауырып қалғаны туралы естіп, оған сәлемхаттары мен сыйлығын жіберді. | |
II K | Kaz | 20:13 | Езекия келген бабылдық елшілерді жылы қабылдап, оларға өзінің бүкіл қазына қоймаларын: ондағы алтын-күмісін, дәмдеуіштері мен құнды иісмайларын, тіпті қару-жарақ қоймасын да түгелдей көрсетті. Езекияның өз сарайы мен барлық патшалығында оларға көрсетпеген бағалы заттары қалмады. | |
II K | Kaz | 20:14 | Кейін Ишая пайғамбар Езекия патшаның алдына барып, оған:— Ана адамдар не деді, олар қайдан келді? — деген сауал қойды. Езекия:— Олар алыстағы елден келді, сонау Бабылдан, — деді. | |
II K | Kaz | 20:15 | Пайғамбар:— Олар сарайыңыздан не көрді? — деп сұрағанда, Езекия:— Менің сарайымда не бар, соның бәрін көрді. Менің қазына қоймаларымда оларға көрсетпеген ештеңем қалған жоқ, — деп жауап берді. | |
II K | Kaz | 20:17 | Өз сарайыңдағы бар нәрсенің, ата-бабаларыңның осы кезге дейін жиған-тергендерінің барлығы да Бабылға әкетілетін күн туады. Мұнда ештеңе қалмайтын болады! — деп нық айтады Жаратқан Ие. — | |
II K | Kaz | 20:18 | Өзіңнен тарайтын ұрпақтарыңның кейбіреулері де сол елге әкетіледі. Бабылдықтар оларды белінен айырып азбанқұл қылып, Бабыл патшасының сарай қызметшілері етіп қояды! — | |
II K | Kaz | 20:19 | Сонда Езекия Ишаяға:— Сіз жеткізген Жаратқан Иенің сөзі жөн екен, — деді. Өйткені ол: «Әйтсе де менің тірі кезімде тыныштық пен аман-есендік болады», — деп ойлады. | |
II K | Kaz | 20:20 | Езекияның қалған барлық істері мен қажыр-қайраты, оның тоған жасап, тауды тесіп өткен үңгір жол арқылы (Гихон қайнар көзінен) Иерусалим қаласының ішіне су ағызып әкелгені туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |