I KINGS
Chapter 9
I Ki | Kaz | 9:1 | Сүлеймен Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, барлық қалағандарын жүзеге асырып болғанда, | |
I Ki | Kaz | 9:3 | Бұл жолы Жаратқан Ие Сүлейменге былай деді:— Маған бағыштаған мінажатың мен өтініш-тілектерің құлағыма жетті. Сен салған мына үйді Менің есімім сонда әрдайым орнықсын деп Өзіме бағыштадым. Оны ұдайы жүрегімде ұстап, көзімнен таса қылмаймын. | |
I Ki | Kaz | 9:4 | Егер сен әкең Дәуіт сияқты, жүрегің таза, әділ болып жүріп, өзіңе берген өсиеттерімді көз алдымда орындап, ережелерім мен шешімдеріме бағынатын болсаң, | |
I Ki | Kaz | 9:5 | онда Мен Исраил елінде Сенің патшалық тағыңды мәңгілікке берік етемін. Өйткені көзі тірісінде әкең Дәуітке: «Әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады», — деп уәде берген едім. | |
I Ki | Kaz | 9:6 | Алайда егер өзің және кейінгі ұрпақтарың Менен теріс бұрылып, өздеріңе тапсырған өсиеттерім мен ережелерімді орындамай, басқа тәңірлерге құлшылық етіп табынатын болсаңдар, | |
I Ki | Kaz | 9:7 | онда Мен Исраилді Өзім табыстаған осы елден қуып шығамын, әрі өз есіміме бағыштаған бұл киелі үйді де қасымнан алып тастаймын. Осылайша барлық басқа халықтар Исраилді мысалға келтіріп, табалап мазақтайтын болады. | |
I Ki | Kaz | 9:8 | Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. | |
I Ki | Kaz | 9:9 | Сонда жұрт: «Себебі олар ата-бабаларын Мысырдан бастап алып шыққан Құдайы — Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, бөтен тәңірлерге бет бұрды да, соларға табынып, құлшылық ететін болды. Сондықтан Жаратқан Ие олардың бастарына осы бақытсыздықтың барлығын үйіп-төкті!» деп мысалдайтын болады. | |
I Ki | Kaz | 9:10 | Сүлеймен екі ғимаратты: Жаратқан Иенің киелі үйін және өзінің патшалық сарайын жиырма жылда салып бітірді. | |
I Ki | Kaz | 9:11 | Осы кезеңнің ішінде Тир патшасы Хирам Сүлейменді қалаған барлық самырсын, қарағай ағаштарымен және алтынмен қамтамасыз етіп отырды. Сол үшін Сүлеймен Тир патшасына Ғалилея аймағынан жиырма қаланы берді. | |
I Ki | Kaz | 9:12 | Ал Хирам Тирден келіп, Сүлеймен берген осы қалаларды аралап көргенде, олар оған ұнамады. | |
I Ki | Kaz | 9:13 | Хирам: «Маған бергендерің не деген қалалар өзі, бауырым?!» — деп наразылығын білдіріп, осы өңірге «Қабул жері» (демек, «түкке тұрғысыз жер») деген ат қойды. Сол өңір әлі күнге дейін осылай аталып келеді. | |
I Ki | Kaz | 9:15 | Сонымен Сүлеймен патша Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, қорғанның саты тәрізді беткейін, Иерусалим қамалының қабырғаларын, әрі Хазор, Мегидо, Гәзер қалаларын бекітіп қойған еді. Осы үшін патша міндетті жұмысқа қызметшілер жинаған болатын. Бұл туралы мәлімет төменде берілген. | |
I Ki | Kaz | 9:16 | Гәзер қаласын Мысыр патшасы перғауын басып алып, өртеп, оның қанахандық тұрғындарының көздерін құртқан еді. Перғауын қызын Сүлейменге ұзатқанда, осы қаланы қызына еншісі ретінде сыйлады. | |
I Ki | Kaz | 9:18 | Бағалат және (Яһуда) жеріндегі елсіз далада орналасқан Тамар атты қалаларды бекіткізіп салғызды. | |
I Ki | Kaz | 9:19 | Патша, сондай-ақ, астық сақтау үшін қойма қалаларын және соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқылары үшін арнайы қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды. | |
I Ki | Kaz | 9:20 | Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни аморлық, хеттік, перездік, хевтік, ебустік ұлттар да болды. | |
I Ki | Kaz | 9:21 | Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібере алмаған ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді. | |
I Ki | Kaz | 9:22 | Ал патша исраилдіктердің ешқайсысын малайы етпеді. Бұларды жасақшылары, нөкерлері, әміршілері, әскери бөлім басшылары, соғыс күймелері мен атты әскерлерінің жетекшілері етіп тағайындады. | |
I Ki | Kaz | 9:23 | Сүлеймен патшаның түрлі жұмыстарын басқарған бес жүз елу қызметкері де осылардың арасынан еді. | |
I Ki | Kaz | 9:24 | Сүлеймен өзінің жұбайы — Мысыр патшасы перғауынның қызына арнап сарай салғызып, оны Дәуіттің шаһарынан сол сарайға көшірді. Мұнан кейін ол қорғанның саты тәрізді беткейін бекітіп салғызды. | |
I Ki | Kaz | 9:25 | Сүлеймен жылына үш рет Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінде шалынып, түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын ұсынып, Жаратқан Иенің алдындағы арнайы үстелде хош иісті заттарды да түтететін. Сонымен ол Жаратқан Иенің киелі үйін салып бітірді. | |
I Ki | Kaz | 9:26 | Сүлеймен патша Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Елат қаласының жанындағы Есион-Гәберде кемелер де жасатты. | |
I Ki | Kaz | 9:27 | Хирам патша өзінің тәжірибелі теңізшілерін сол кемелерде Сүлейменнің қызметшілерімен бірге қызмет етуге жіберді. | |