I KINGS
Chapter 21
I Ki | Kaz | 21:1 | Бұлардан кейін ізрелдік Набутай деген кісінің жүзімдігіне байланысты мына оқиға болды. Осы жүзімдік Самарияның патшасы Ахабтың Ізрел қаласындағы сарайының жанында орналасқан еді. | |
I Ki | Kaz | 21:2 | Ахаб Набутайға:— Жүзімдігің менің сарайымның қасында екен. Оны маған бере сал, сонда көкөніс өсірейін. Ал оның орнына мен саған одан әлдеқайда артық бір жүзімдікті берейін, не болмаса құнын күміспен төлейін! — деді. | |
I Ki | Kaz | 21:3 | Бірақ Набутай оған:— Бұл жүзімдік — ата-бабаларымнан қалған мұралық үлесім. Оны сізге сатудан Жаратқан Иенің Өзі сақтасын! — деп жауап қайтарды. | |
I Ki | Kaz | 21:4 | Ізрелдік Набутайдың «Ата-бабаларымнан қалған мұраны сізге бермеймін!» деген жауабына Ахаб қапаланып, түнере ашуланған күйі сарайына қайтты. Сонда ол төсегіне жатып, бетін басқа жаққа бұрып, нәр татпады. | |
I Ki | Kaz | 21:5 | Әйелі Езабел Ахабтың бөлмесіне кіріп:— Тіпті тамақтан бас тартатындай неге көңіліңіз түсіп қапаланып отырсыз? — деп сұрады. | |
I Ki | Kaz | 21:6 | Ахаб былай деп жауап қатты:— Мен ізрелдік Набутайға: «Жүзімдігіңді маған күміске сатшы, немесе оның орнына басқа жүзімдік берейін» деп едім. Бірақ ол: «Мен сізге жүзімдігімді бермеймін!» деп бас тартты. — | |
I Ki | Kaz | 21:7 | Сонда Езабел:— Сен енді осындай әрекетіңмен Исраилге патшалық құрасың ба?! Орныңнан тұрып, тамақ же! Ол туралы уайымдамай-ақ қой! Ізрелдік Набутайдың жүзімдігін мен-ақ қолыңа тапсырамын, — деді. | |
I Ki | Kaz | 21:8 | Езабел Ахабтың атынан бірнеше хат жаздырды да, оларды патшаның мөрімен бекіттіріп, Набутайдың тұрып жатқан қаласының ақсақалдары мен басқа да жетекшілеріне жібертті. | |
I Ki | Kaz | 21:9 | Сол хаттарда ол былай деп бұйырды: «Ораза тұту күнін жариялап, жиналыңдар! Сонда Набутайды төрге отырғызыңдар! | |
I Ki | Kaz | 21:10 | Оған қарама-қарсы екі арсыз адамды отырғызып, олар Набутайды: «Сен Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айттың!» деп айыптасын. Содан оны қаладан шығарып, таспен атқылап өлтіріңдер!» | |
I Ki | Kaz | 21:11 | Ізрел қаласының ақсақалдары мен атақты байлары Езабелдің хатында бұйырғанын бұлжытпай орындады. | |
I Ki | Kaz | 21:13 | Екі арсыз адам да келіп, оның қарсы алдына отырды. Сол екеуі халықтың алдында: «Набутай Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айтты!» — деп жалған куәлік келтіріп, кінә тақты. Содан халық Набутайды қаланың сыртына алып шығып, таспен атқылап өлтірді. | |
I Ki | Kaz | 21:14 | Мұнан кейін ақсақалдар Езабелге «Набутай таспен атқыланып өлтірілді» деген хабар жіберді. | |
I Ki | Kaz | 21:15 | Езабел оның осылай өлтірілгенін естігеннен кейін, Ахабқа: «Бар да, ізрелдік Набутайдың саған күміске сатудан бас тартқан жүзімдігін иемденіп ал. Өйткені Набутай жоқ, өліп қалыпты ғой», — деді. | |
I Ki | Kaz | 21:16 | Ізрелдік Набутайдың өлгенін естігенде, Ахаб орнынан тұрып, оның жүзімдігін иемденіп алмақ болып сонда барды. | |
I Ki | Kaz | 21:18 | «Жиналып, Самарияда тұрып жатқан Исраил патшасы Ахабқа бар! Дәл қазір ол Набутайдың жүзімдігін иемденіп алу үшін сонда ылдилап барды. | |
I Ki | Kaz | 21:19 | Оған Менің атымнан былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Кісі өлтіріп, енді оның мұралық жер үлесін тартып алмақсың ба?! Оған тағы мына сөзді айт: Набутайдың қанын жалаған орында иттер сенің де қаныңды жалайтын болады!» | |
I Ki | Kaz | 21:20 | Ал Ахаб Ілиясқа тіл қатып:— Таптың ба мені, жауым! — деді. Сонда пайғамбар былай деп жауап қайырды:— Сізді таптым, себебі Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге толықтай сатылғансыз! | |
I Ki | Kaz | 21:21 | Сол себепті Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: «Саған жамандық жіберіп, сені түп-тамырыңмен құртамын. Ахабтың әулетіне жататын азат болсын, басыбайлы болсын, барлық еркек кіндіктілерді жоямын! | |
I Ki | Kaz | 21:22 | Сенің әулетіңді Набат ұлы Еробоғамның әулетіндей әрі Ахиях ұлы Бағасаның әулетіндей етіп құртамын! Себебі сен Мені қаһарландырып, Исраилді күнәға батырдың». | |
I Ki | Kaz | 21:23 | Ал Езабел туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Ізрел қамалының маңында иттер Езабелдің тәнін жалмайды! | |
I Ki | Kaz | 21:24 | Ахабтың әулетіне жататын адам қалада өлсе, оны иттер жалмайды, далада өлсе, жыртқыш құстар шоқиды!» | |
I Ki | Kaz | 21:25 | Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге соншама берілген Ахаб сияқты ешкім де бұған дейін болмады. Оның әйелі Езабел осыған түрткі салып отырды. | |
I Ki | Kaz | 21:26 | Ахаб жалған тәңірлердің мүсіндеріне табынып өте жеркенішті қылық жасап жүрді. Осылай ол Жаратқан Ие баяғыда исраилдіктердің алдынан қуып жіберген аморлықтардың зұлым істеріне еліктеді. | |
I Ki | Kaz | 21:27 | Ахаб патша (Жаратқан Иенің пайғамбар арқылы жеткізген) осы сөздерін естігенде, көйлегінің өңірін айыра жыртып, жалаңаш тәніне азалы киім киіп, тамақ татпады. Ол тіпті азалы киімімен ұйықтап, қатты қайғырып жүрді. | |