Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I KINGS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 4
I Ki Kaz 4:1  Сонымен Сүлеймен бүкіл Исраил еліне патшалық құрды.
I Ki Kaz 4:2  Оның лауазымды қызметкерлері мыналар болды: Садық ұлы Азариях — діни қызметкер,
I Ki Kaz 4:3  Шишаның ұлдары Елихореп пен Ахиях — хатшылар, Жосапат ұлы Ахилуд — уәзір әрі жылнамашы,
I Ki Kaz 4:4  Еходай ұлы Бенаях — қолбасшы, Садық пен Абиятар — діни қызметкерлер,
I Ki Kaz 4:5  Натан ұлы Азариях — аймақ әкімдерінің бастығы, Натан ұлы Забуд — діни қызметкер әрі патшаның жеке кеңесшісі,
I Ki Kaz 4:6  Ахисар — сарай басқарушысы және Абда ұлы Адонирам — халықтың міндетті жұмыстарын басқарушы.
I Ki Kaz 4:7  Сүлеймен патшаның бүкіл Исраилдің үстінен қарайтын он екі әкімі болды. Әкімдер патшаны және оның сарай қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Әрқайсысы мұны кезекпен жылдың бір айы бойы атқарды.
I Ki Kaz 4:8  Олардың аты-жөндері: Ефремнің таулы аймағының әкімі — Бен-Хур,
I Ki Kaz 4:9  Мақас, Шағалбим, Бет-Шәміш және Елон-Бетханан аймақтарының әкімі — Бен-Декер,
I Ki Kaz 4:10  Арубот аймағының әкімі — Бен-Хесед, оның қарамағында Сохо мен Хефердің бүкіл жері де болды.
I Ki Kaz 4:11  Дордың қыратты аймағының әкімі — Бен-Абинадап, ол Сүлейменнің қызы Тафатқа үйленген болатын.
I Ki Kaz 4:12  Тағанах пен Мегидо қалаларында және олардан бастап Ізрелден төмен қарай Сартанның жанындағы Бет-Шанның барлық маңайында әрі Әбел-Мехола арқылы Жоқмеамның арғы жағына дейін созылып жатқан аймақтың әкімі — Ахилуд ұлы Бағана.
I Ki Kaz 4:13  Ғилақадтағы Рамоттың әкімі — Бен-Гебер. Ғилақадтағы Манаса ұлы Жайырдың қоныстары әрі Башандағы Арғоптың төңірегі, жалпы саны алпыс үлкен де бекіністі қала оның қарамағында болды. Қалалар қамал қабырғаларымен қоршалып, қақпалары кесе-көлденең қола ысырмалармен бекітілетін.
I Ki Kaz 4:14  Маханайым аймағының әкімі — Иддо ұлы Ахинадаб.
I Ki Kaz 4:15  Нафталим жерінің әкімі — Ахимағас, ол Сүлейменнің қызы Басематқа үйленген болатын.
I Ki Kaz 4:16  Ашир жері мен Алот қаласының әкімі — Хушай ұлы Бағана.
I Ki Kaz 4:17  Исашар жерінің әкімі — Паруах ұлы Жосапат.
I Ki Kaz 4:18  Бунямин жерінің әкімі — Ела ұлы Шимей.
I Ki Kaz 4:19  Ғилақадтағы бұрын аморлықтардың патшасы Сихон мен Башанның патшасы Ог билік жүргізген аймақтың әкімі — Ұри ұлы Гебер. Яһуда жерінің де бір әкімі болатын.
I Ki Kaz 4:20  Яһуда мен Исраилдің халқы теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай көп болды. Олар тойына тамақтанып, көтеріңкі көңілмен өмір кешті.
I Ki Kaz 4:21  Сүлеймен патша (солтүстік-шығыстағы) Евфрат өзенінен (оңтүстік-батыстағы) філістірлер елі мен Мысыр шекарасына дейінгі барлық патшалықтарға билік жүргізді. Сол елдер Сүлейменнің көзі тірісінде оған алым-салықтарын төлеп, тәуелді болды.
I Ki Kaz 4:22  Күн сайын Сүлейменнің сарайына мына азық-түліктің төмендегі мөлшері әкелінетін: отыз қап таңдаулы бидай ұны, алпыс қап өзге ұн,
I Ki Kaz 4:23  бордақыланған он және жайлауда семіртілген жиырма мүйізді ірі қара, жүз қой-ешкі, оның үстіне бұғы, киік, елік және семіртілген құстар.
I Ki Kaz 4:24  Сүлеймен Евфрат өзенінің бойындағы Типсахтан бастап батысқа қарай, (Жерорта теңізінің жағалауындағы) Газаға дейінгі бүкіл өлкеге және ондағы барша патшаларға үстемдік жүргізді. Оның патшалығының барлық жағында тыныштық орнады.
I Ki Kaz 4:25  Сүлеймен патшалық құрған уақыттың бәрінде Яһуда мен Исраилдің халқы алаңсыз тіршілік етіп, солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейінгі бүкіл өлкеде әр адам өз бау-бақшасында тұрып жемістерін рақаттана жейтін.
I Ki Kaz 4:26  Сүлейменнің төрт мың жылқыға арналған қоралары әрі он екі мың жылқысы болды.
I Ki Kaz 4:27  Тағайындалған он екі аймақ әкімі Сүлеймен патшаны және оның дастарқан басындағылардың бәрін азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды. Әрбір әкім өз кезегін атқаратын айда ештеңенің де қалыс қалмауын бақылап қызметін атқаратын.
I Ki Kaz 4:28  Бұған қоса әкімдер патшаның күймелеріне жегілетін жылқылары мен өзге көліктерге арнап, белгілі жерлерге өз кезектері бойынша арпа мен сабан да жеткізіп тұратын.
I Ki Kaz 4:29  Құдай Сүлейменге орасан зор даналық пен түсінік дарытып, теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады.
I Ki Kaz 4:30  Сүлейменнің даналығы шығыс елдері мен Мысыр елінің кемеңгерлерінің ақыл-парасатынан да асып түсті.
I Ki Kaz 4:31  Ол барлық басқа адамдардан да өткен дана болды. Оның ақылы езрахтық Етаннан, Мақолдың ұлдары Хеман, Халқол, Дардалардан да асты. Осылайша Сүлейменнің атақ-даңқы айналадағы барлық елдердің халықтарына тарады.
I Ki Kaz 4:32  Сүлеймен үш мың нақыл сөз айтып, бір мың бес ән-жыр құрастырды.
I Ki Kaz 4:33  Ол Ливандағы зәулім самырсын ағашынан бастап, қабырға жарығынан өсіп шығатын сайсағызға дейін күллі өсімдіктер жайлы тәлім берді. Сондай-ақ, ол малдар, құстар, бауырымен жорғалаушылар және балықтар туралы да айтып кеткен.
I Ki Kaz 4:34  Бүкіл дүниенің патшалары Сүлеймен патшаның даналығы туралы естіп білгендіктен, күллі ұлттардың өкілдері оның даналығын тыңдап, үйренуге келіп жататын.