LEVITICUS
Chapter 3
Levi | Kaz | 3:1 | Егер біреу Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандыққа еркек не ұрғашы мүйізді ірі қара малдан ұсынса, онда Жаратқан Иенің алдына еш мінсіз бір малды алып келсін. | |
Levi | Kaz | 3:2 | Адам құрбандығының басына қолын қойсын. Оны кездесу шатырының кіреберісінде шалсын. Діни қызмет атқарушы Һаронның ұлдары малдың қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын. | |
Levi | Kaz | 3:3 | Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдірген осы құрбандығынан Оған мына бөліктерді өртеу арқылы ұсынсын: малдың бүкіл ішмайы мен шарбы майын, | |
Levi | Kaz | 3:4 | қос бүйректі, олардағы майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті. Соңғысын бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. | |
Levi | Kaz | 3:5 | Һаронның ұлдары осы бөліктерді құрбандық үстелінде жанып жатқан отынның үстінде түгелдей өртелетін тартумен бірге түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. | |
Levi | Kaz | 3:6 | Егер біреу Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандығына еркек не ұрғашы бір ұсақ малын алып келсе, онысы еш мінсіз болуға тиіс. | |
Levi | Kaz | 3:8 | Адам құрбандығының басына қолын қойсын. Оны кездесу шатырының алдында шалсын. Һаронның ұлдары тоқтының қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын. | |
Levi | Kaz | 3:9 | Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығынан Оған өртеу арқылы мына бөліктерді тарту етсін: барлық майын, яғни құйымшағының қасынан кесіп алған майлы құйрығын түгелдей, бүкіл ішмайы мен шарбы майын, | |
Levi | Kaz | 3:10 | қос бүйректі, олардағы майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті. Соңғысын бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. | |
Levi | Kaz | 3:11 | Діни қызметкер осы бөліктерді құрбандық үстелінде тамақ іспетті түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған тарту. | |
Levi | Kaz | 3:12 | Егер біреу құрбандыққа ұрғашы ешкі ұсынса, ол онысын Жаратқан Иенің алдына алып келсін. | |
Levi | Kaz | 3:13 | Адам ешкінің басына қолын қойып, содан кейін оны кездесу шатырының алдында шалсын. Һаронның ұлдары малдың қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын. | |
Levi | Kaz | 3:14 | Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығынан Оған мына бөліктерді өртеу арқылы тарту етсін: малдың бүкіл ішмайы мен шарбы майын, | |
Levi | Kaz | 3:15 | қос бүйректі, олардағы майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті. Ол соңғысын бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. | |
Levi | Kaz | 3:16 | Діни қызметкер осы бөліктерді құрбандық үстелінде тамақ іспетті түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Құрбандықтың бар майы Жаратқан Иеге бағышталсын! | |