HEBREWS
Chapter 3
Hebr | Kaz | 3:1 | Бұл солай болғандықтан, қымбатты бауырластарым, әрі көктегі Құдай сендерді Өзіне бағыштап, қасиетті болуға басқалармен бірге шақырғандықтан, Мәсіх Исаға берік ден қойыңдар: Ол — Құдайдың Елшісі және Бас діни қызметкері. Оған сенім артқанымызды ашық мойындаймыз. | |
Hebr | Kaz | 3:2 | Мұса пайғамбар Құдайдың бүкіл үйіндегі қызметін адал атқарғанындай, Иса да Өзін тағайындаған Құдайға адал болды. | |
Hebr | Kaz | 3:3 | Ал салынған үйден гөрі үй салушы көбірек құрметке лайық, сол сияқты Иса да Мұсаға қарағанда әлдеқайда зор құрметке ие. | |
Hebr | Kaz | 3:4 | Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің де Жаратушысы — Құдай. (Сондықтан да Оның рухани Ұлы Мәсіх Мұсадан анағұрлым мәртебелі!) | |
Hebr | Kaz | 3:5 | Мұса Құдайдың бүкіл үйінде адал қызметшісі болып, Оның кейін жариялайтын хабарына меңзеп, ол туралы алдын ала айтып кетті. | |
Hebr | Kaz | 3:6 | Ал Мәсіх Құдайдың рухани Ұлы ретінде Оның үйін (яғни Құдайдың халқын) адал басқарады. Егер (Мәсіхке деген) нық сенімімізді және мақтан тұтып келген үмітімізді берік ұстансақ, біз Соның рухани үйіміз. | |
Hebr | Kaz | 3:7 | Сондықтан Киелі Рухтың мынадай айтқандарына мән беріңдер:Бүгін сендер Оның даусын естігенде, | |
Hebr | Kaz | 3:8 | Ежелде айдалада сыналған кездеБас көтергендердің істегендері секілдіҚасарыстырмаңдар енді жүректеріңді! | |
Hebr | Kaz | 3:9 | (Тәңір Ие олар туралы былай деген еді:)Қырық жыл ата-бабаларың сол жердеКөріп жүрсе де керемет істерімді,Еркінсіп сынай берді төзімімді. | |
Hebr | Kaz | 3:10 | Бұл ұрпаққа сол себепті ашуландым,Сонымен былай деп қорыттым:Жүрек қалаулары теріс бағыттағыОлар тағылымымды қабылдамады! | |
Hebr | Kaz | 3:11 | Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындағанЕлге кірмейді олар енді ешқашан! | |
Hebr | Kaz | 3:12 | Бауырластар, сақ болыңдар: ешқайсың жүректеріңді қасарыстырып сенбейтін болмаңдар, мәңгі тірі Құдайдан безіп кетіп жүрмеңдер! | |
Hebr | Kaz | 3:13 | Қайта, бірде-біреуің күнәнің кесірінен алданып, қасарысып кетпеу үшін, әлі де «бүгін» деген мерзім бітпей тұрғанда, күн сайын өзара дем берісіп отырыңдар! | |
Hebr | Kaz | 3:14 | Алғашқы сенімімізді аяғына дейін берік ұстанғанда ғана Мәсіхпен тығыз байланыста болып, бірге қызмет етеміз. | |
Hebr | Kaz | 3:15 | Жоғарыда айтылғандай, «Бүгін сендер Оның даусын естігенде, бас көтергендердің істегендері секілді қасарыстырмаңдар енді жүректеріңді!» | |
Hebr | Kaz | 3:16 | Жаратқан Иенің даусын естісе де, Оған қарсы бас көтергендер кімдер? Олар Мұса пайғамбардың соңынан еріп Мысыр елінен көшіп шыққандардың бәрі емес пе еді? | |
Hebr | Kaz | 3:17 | Ал Құдай қырық жыл бойы кімдерге ашуланды? Олар күнә жасағандықтан айдалада жүргенде өліп, жерленген ата-бабаларымыз емес пе еді? | |
Hebr | Kaz | 3:18 | Құдай кімдер туралы «Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындаған елге кірмейді олар енді ешқашан!» деп ант еткен болатын? Оған мойынсұнбаған ата-бабаларымыз туралы емес пе еді? | |