HEBREWS
Chapter 10
Hebr | Kaz | 10:1 | Таурат заңына негізделген ескі құлшылық ету жолы Құдайдың адамдарға дайындап қойған игілігінің өзі емес, оның күңгірт жобасы ғана. Сол заң бойынша жыл сайын қайталап жасала беретін бірдей құрбандықтар Құдай алдына баратын адамдарды еш уақытта түпкілікті тазартып, мүлтіксіз ете алмайды. | |
Hebr | Kaz | 10:2 | Егер адамдар құрбандық жасаулары арқылы біржола тазартылса, онда олар өз күнәкарлықтарын сезінуден қалып, құрбандық жасауларын доғарған болар еді. | |
Hebr | Kaz | 10:3 | Ал шын мәнісінде жылма-жыл ұсынылатын құрбандықтар адамдардың жасаған күнәларын естеріне түсіріп қана отырады. | |
Hebr | Kaz | 10:4 | Өйткені құрбанға шалынған бұқалар мен қошқарлардың қаны адамның күнәсін толығымен алып тастай алмайды. | |
Hebr | Kaz | 10:5 | Сол себепті Мәсіх бұл дүниеге келгенде, Өзін құрбандыққа қиятыны туралы (Құдай Әкеге) мынадай сөздер айтқан:Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың,Бірақ Маған тәндік денемді дайындадың. | |
Hebr | Kaz | 10:7 | Сонда Мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын,Уа, Құдай, Сенің еркіңді орындау үшін.Шиыршық кітапта Мен туралы жазылған». | |
Hebr | Kaz | 10:8 | Сол құрбандықтардың Таурат заңына сай ұсынылатынына қарамастан, Ол алдымен былай деді: «Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, шалып, өртелетін не күнәнің құнын өтейтін құрбандықтарды жақтырмадың». | |
Hebr | Kaz | 10:9 | Содан кейін Ол: «Келе жатырмын, уа, Құдай, Сенің еркіңді орындау үшін» деп қосты. Осылайша Тәңір Ие бұрынғы құрбандық рәсімдерін доғартып, олардың орнына Мәсіхтің құрбандығын енгізді. | |
Hebr | Kaz | 10:10 | Иса Мәсіхтің өз денесін біржола құрбан етіп, Құдайдың еркін орындауы арқылы біз Оның қасиетті адамдарына айналдық. | |
Hebr | Kaz | 10:11 | Әрбір діни қызметкер күн сайын міндетін атқарып, әрдайым бірдей құрбандықтарды ұсынады. Бірақ шын мәнісінде солар ешқашан күнәларды толығымен алып тастай алмайды. | |
Hebr | Kaz | 10:12 | Ал біздің Бас діни қызметкеріміз — Мәсіх сенушілердің күллі күнәларының құнын өтеп, тазарту үшін бір ғана құрбандық ұсынған соң, Құдайдың оң жағындағы құрметті орнына мәңгілікке жайғасты. | |
Hebr | Kaz | 10:14 | Сонымен Мәсіх Құдайға бағышталғандарды жалғыз-ақ құрбандығымен мәңгілік кінәратсыз таза қылды. | |
Hebr | Kaz | 10:16 | «Жаратқан Ие мынаны айтады: Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді жүректеріне дарытамын әрі ақыл-саналарына «жазып» та қоямын». | |
Hebr | Kaz | 10:17 | Бұған Ол мына тәрізді сөздерді қосты: «Мен олардың күнәлары мен әділетсіз істерін бұдан былай есіме алмайтын боламын». | |
Hebr | Kaz | 10:18 | Ал күнәлар кешірілген жерде енді қайтып оларды алып тастайтын құрбандықтың қажеті де жоқ. | |
Hebr | Kaz | 10:19 | Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. | |
Hebr | Kaz | 10:20 | Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. | |
Hebr | Kaz | 10:22 | Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын. | |
Hebr | Kaz | 10:25 | Кейбіреулер сенушілердің жиналыстарына бармай қалуды дағдыға айналдырып алған сияқты. Ал біздер солай істемей, бір-бірімізді одан бетер жігерлендірейік. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой. | |
Hebr | Kaz | 10:26 | Ал егер шынайы хабарды естіп-білгеннен кейін де әдейі күнә жасай берсек, онда бізді күнәмізден арылта алатын ешқандай құрбандық жоқ. | |
Hebr | Kaz | 10:27 | Қайта, қиямет сотын және Иемізге қарсы шыққандарды жалмайтын тозақ отын үрейленіп күтуден басқа бізге түк те қалмайды. | |
Hebr | Kaz | 10:28 | Егер біреу Мұсаға берілген Таурат заңынан бас тартып, онысын екі-үш куә дәлелдесе, сол адам аяусыз өлімге кесіледі. | |
Hebr | Kaz | 10:29 | Ендеше Құдайдың рухани Ұлын аяқпен таптағандай менсінбеген әркім бұдан бетер қаншама ауыр жазаға лайық деп ойлайсыңдар!Сондайлар Тәңір Ие Жаңа Келісімін бекіткен Исаның қаны арқылы күнәларынан арылғанмен, енді Оның қанына немкетті қарайды, әрі өздеріне Құдайдың рақымын жеткізген Киелі Рухты қорлайды. | |
Hebr | Kaz | 10:30 | «Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын~Өзім!» дегеннің Кім екенін білеміз ғой. «Жаратқан Ие сотта тергейді өз халқын» деп те (Тауратта) жазылған. | |
Hebr | Kaz | 10:32 | Бұрынғы уақытты еске алыңдаршы: Құдайдың нұры жүректеріңді ағартқаннан кейін, сендер азапқа толы күреске тап болып, соған төтеп бердіңдер. | |
Hebr | Kaz | 10:33 | Кейбіреулерің масқараға, зорлық-зомбылыққа ұшырап, жұрт қызықтап қарайтын тамашаға айналдыңдар. Ал өзгелерің осылай күйзеліп жүрген бауырластарыңның қасіретін бөлісіп, | |
Hebr | Kaz | 10:34 | тұтқынға түскендерге жандарың ашып, жәрдем бердіңдер. Мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуана қабылдадыңдар! Себебі көкте өздеріңе арналған, одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер. | |
Hebr | Kaz | 10:35 | Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр. | |
Hebr | Kaz | 10:38 | Әділ адамым сенімі арқылы шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып, бағытынан кері қайтса, Мен оған риза болмаймын. | |