DEUTERONOMY
Chapter 20
Deut | Kaz | 20:1 | Жауларыңа қарсы соғысуға шығып, олардың аттары мен соғыс күймелерін көріп, әскерінің сендердікінен басым екенін байқасаңдар, олардан қорықпаңдар! Себебі өздеріңді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. | |
Deut | Kaz | 20:2 | Шайқасқа аттанып бара жатқанда діни қызметкер әскердің алдына шығып, былай деп сөз сөйлесін: | |
Deut | Kaz | 20:3 | «Тыңда, уа, Исраил жасағы! Қазір сендер жауларыңа қарсы шайқасқа кетіп бара жатырсыңдар. Жүрексініп қорықпаңдар, үрейленіп қалтырамаңдар! | |
Deut | Kaz | 20:4 | Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол жауларыңа қарсы соғысып, сендерге жеңіс сыйлайды». | |
Deut | Kaz | 20:5 | Ру басқарушылары да жасаққа сөз арнап былай десін: «Жаңадан үй салып, оған әлі қоныстанып үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Сондай адам үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, үйін басқа біреу қоныстанып жүрер. | |
Deut | Kaz | 20:6 | Немесе жүзімдік отырғызып, жемісін әлі жинап үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, жүзімдігінің жемісін басқа біреу жинап жүрер. | |
Deut | Kaz | 20:7 | Айттырылған қалыңдығы болып, әлі үйленіп үлгермеген жігіт бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, шайқаста қаза тапса, оның қалыңдығына басқа біреу үйленіп жүрер». | |
Deut | Kaz | 20:8 | Басқарушылар әскерге тағы былай десін: «Жүрексініп қорқып тұрған адам бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, оған қарап бауырластары да үрейленіп, қорқып жүрер!» | |
Deut | Kaz | 20:9 | Басқарушылар жасақшыларға арналған сөздерін бітірген соң, олардың үстінен қолбасшыларын тағайындасын. | |
Deut | Kaz | 20:10 | Бір қалаға қарсы соғысу үшін таяп келгендеріңде оған бітімге келіп, берілсін деген ұсыныс жасаңдар. | |
Deut | Kaz | 20:11 | Егер сол қала бітімді қабылдап, қақпаларын айқара ашса, онда қаладағы барлық адамдар сендерге міндетті жұмыс істеп, қызмет көрсететін болсын. | |
Deut | Kaz | 20:13 | Құдайларың Жаратқан Ие оларды қолдарыңа түсірген кезде қаладағы барлық еркектерді семсердің жүзімен құртыңдар, | |
Deut | Kaz | 20:14 | ал әйел, бала-шаға, мал-мүлікті өздеріңе алуға болады. Құдай Иеміз қолдарыңа табыстаған жауларыңның олжасын алып, өз қажеттеріңе жаратуларыңа болады. | |
Deut | Kaz | 20:15 | Қанахан елінен алыста орналасқан, осындағы халықтарға жатпайтын қалаларға осылай істеңдер. | |
Deut | Kaz | 20:16 | Бірақ Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге беріп отырған елдегі халықтардың қалаларында ешбір жан иесін тірі қалдырмаңдар! | |
Deut | Kaz | 20:17 | Керісінше, Құдай Ие сендерге әмір бергендей, хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді түгелдей құртуға тиіссіңдер. | |
Deut | Kaz | 20:18 | Әйтпесе, олар өз жалған тәңірлеріне табынатын кезде істейтін жексұрын істерінің бәрін сендерге де үйретеді. Сонда өз Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы күнә жасайсыңдар. | |
Deut | Kaz | 20:19 | Бір қаланы қолға түсіру үшін ұзақ уақыт қоршап тұрғанда айналасындағы ағаштарды шауып құртушы болмаңдар! Олардың жемістерін жей аласыңдар ғой. Далада өсіп тұрған ағаштар оларға қарсы соғысатындай, адамдар емес қой! | |