Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
DEUTERONOMY
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
Deut Kaz 5:1  Содан Мұса бүкіл Исраил халқын жинап алып, былай деді:— Уа, Исраил халқы, мен бүгін өздеріңе жеткізетін ережелер мен шешімдерге құлақ асыңдар! Оларды сақтап, орындау үшін үйреніңдер!
Deut Kaz 5:2  Құдай Иеміз бізбен Хориб тауында Келісім жасаған еді.
Deut Kaz 5:3  Осы Келісімді Жаратқан Ие ежелгі ата-бабаларымызбен емес, біздің өзімізбен, яғни қазір осы жерде тірі тұрған біздің бәрімізбен жасады.
Deut Kaz 5:4  Жаратқан Ие таудағы оттың ішінен сендермен бетпе-бет тілдесті.
Deut Kaz 5:5  Мен сол кезде Жаратқан Ие мен сендердің екі араларыңда тұрып Оның сөздерін сендерге жеткізетінмін. Өйткені сендер оттан қорқып, тау басына көтерілмей қойған едіңдер. Сонда Жаратқан Ие былай деген еді:
Deut Kaz 5:6  «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.
Deut Kaz 5:7  Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
Deut Kaz 5:8  Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
Deut Kaz 5:9  Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,
Deut Kaz 5:10  ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.
Deut Kaz 5:11  Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Өз атын орынсыз қолданғандарды Жаратқан Ие жазасыз қалдырмайды.
Deut Kaz 5:12  Құдай Иең саған өсиеттегендей, демалыс күнін Оған бағыштауды сақтайтын бол!
Deut Kaz 5:13  Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,
Deut Kaz 5:14  ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын.
Deut Kaz 5:15  Сенің де Мысырда құл болғаныңды, Құдайың Жаратқан Иенің сені Өзінің алға созылған құдіретті қолымен сол елден алып шыққанын есіңнен шығарма! Сондықтан да Құдай Иең саған демалыс күнін сақтауды бұйырды.
Deut Kaz 5:16  Құдай Иең саған өсиеттегендей, ата-анаңды сыйла!Сонда Құдай Иең өзіңе табыстайтын елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың.
Deut Kaz 5:20  Ешкімді бекерге айыптама!
Deut Kaz 5:21  Басқаның әйеліне, оның үйіне не жеріне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»
Deut Kaz 5:22  Осы сөздерді Жаратқан Ие оттың және бұлт пен қою қараңғылықтың ішінен таудың етегінде жиналып тұрған сендерге зор дауыспен айтып берді. Оларға басқа еш нәрсе қосқан жоқ. Сол өсиеттерін Ол екі тас тақташаға жазып, маған тапсырды.
Deut Kaz 5:23  Тау от болып жанып жатқан кезде сендер қараңғылық ішінен дауысты естігенде, барлық рубасыларың мен ақсақалдарың маған жақындап келіп,
Deut Kaz 5:24  былай деді: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге Өзінің нұрлы салтанаты мен ұлылығын көрсетті, от ішінен Оның даусын естідік. Бүгін біз Құдай адаммен тілдескенде адамның тірі қала алатынын да көрдік.
Deut Kaz 5:25  Ал енді, біз неге өлуге тиіспіз? Мына жалындаған от бізді жалмағалы тұр. Егер Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай ести берсек, онда құрып кетерміз.
Deut Kaz 5:26  Мәңгі тірі Құдайдың дауысын от ішінен біз естігендей естіп, тірі қалған пенде бар ма?
Deut Kaz 5:27  Сіз өзіңіз Құдай Иемізге жақындап барып, Оның айтқандарын тыңдаңызшы. Содан кейін Құдайымыз Жаратқан Иенің өзіңізге білдіргендерінің бәрін бізге жеткізіңіз. Соларды тыңдап, орындайтын боламыз».
Deut Kaz 5:28  Сендердің осы сөздерің Жаратқан Иенің құлағына жетіп, Ол маған былай деді: «Мына халықтың саған айтқан сөздерін естідім. Соларының бәрі дұрыс.
Deut Kaz 5:29  Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады.
Deut Kaz 5:30  Енді оларға барып, қостарына қайтсын де.
Deut Kaz 5:31  Ал өзің осы жерде Менің қасымда қал. Мен саған айтып беретін барлық өсиеттерім, ережелерім және шешімдерімді сен халыққа үйрет. Мен өздеріңе мұралық меншікке бергелі тұрған елде олар бұларды орындайтын болсын».
Deut Kaz 5:32  (Содан Мұса халыққа былай деді:)— Өз Құдайларың Жаратқан Ие сендерге бұйырғанды толығымен орындауға қырағы болып, одан оңға да, солға да бұрылмаңдар!
Deut Kaz 5:33  Құдай Иеміз өздеріңе нұсқаған жолмен жүріңдер! Сонда сендер тірі қалып, иемденгелі тұрған елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласыңдар.