Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
DEUTERONOMY
Prev Up Next
Chapter 14
Deut Kaz 14:1  Сендер Құдайларың Жаратқан Иенің рухани балаларысыңдар. Сондықтан өлгендерді жоқтағанда денелеріңнің терісіне жарақат салмаңдар, кекілдеріңді алмаңдар!
Deut Kaz 14:2  Себебі сендер Құдай Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Жаратқан Ие сендерді Өзінің ерекше құнды меншігі болуға таңдап алды.
Deut Kaz 14:3  Ешбір арам нәрсені жемеңдер!
Deut Kaz 14:4  Мына жануарларды азық етулеріңе болады: мүйізді ірі қара, қой, ешкі,
Deut Kaz 14:5  бұғы, киік, елік, жабайы ешкі, таутеке, бөкен, арқар.
Deut Kaz 14:6  Тұяғы екіге бөлінген аша тұяқты, күйіс қайыратын кез келген жануардың етін жеулеріңе болады.
Deut Kaz 14:7  Бірақ күйіс қайыратын немесе аша тұяқты хайуандар арасынан сендерге түйенің, қоянның және майбасардың етін жеуге болмайды. Олар күйіс қайырғанмен, тұяқтары аша емес, сол себепті олардың еті сендер үшін арам.
Deut Kaz 14:8  Ал шошқа аша тұяқты болғанмен, күйіс қайырмайды. Сондықтан ол да сендер үшін арам. Осы хайуандардың не етін жеулеріңе, не өлімтігіне жанасуларыңа болмайды.
Deut Kaz 14:9  Суды мекендейтін мақұлықтардың қайсыларында қанаттары мен қабыршақтары бар болса, соларды азық етулеріңе болады.
Deut Kaz 14:10  Ал егер қанаттары мен қабыршақтары болмаса, жеулеріңе болмайды, сондайлар сендер үшін арам.
Deut Kaz 14:11  Кез келген адал құсты жеулеріңе болады.
Deut Kaz 14:12  Бірақ мыналарды жемеулерің керек: бүркіт, күшіген, тазқара,
Deut Kaz 14:13  қызыл кезқұйрық, қара кезқұйрық, сұңқардың кез келген түрін,
Deut Kaz 14:14  қарғаның кез келген түрін,
Deut Kaz 14:15  түйеқұс, батпақ жапалағы, шағала, қаршығаның кез келген түрін,
Deut Kaz 14:16  байғыз, құлақты жапалақ, ақ үкі,
Deut Kaz 14:17  бірқазан, тұйғын, суқұзғын,
Deut Kaz 14:18  ләйлек, құтанның кез келген түрін, бәбісек және жарқанат.
Deut Kaz 14:19  Қанаты бар құжынаған барлық жәндіктер де сендер үшін арам, оларды жемеңдер!
Deut Kaz 14:20  Ал қанаты бар адал құстар мен жәндіктердің кез келгенін жеулеріңе болады.
Deut Kaz 14:21  Арам өлген ешқандай жануарды жеулеріңе болмайды! Оны не елді мекендеріңде тұрып жатқан жат жұрттыққа жеуге беруге, не шетелдікке сатуға болады. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар.Лақты енесінің сүтіне пісірмеңдер!
Deut Kaz 14:22  Жыл сайын егістіктеріңде жиналатын өнімдеріңнің он бөлігінің бірін жеке бөліп алып қойыңдар.
Deut Kaz 14:23  Астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының өнімінің он бөлігінің бірін және мүйізді ірі қара әрі ұсақ малдарыңның алғаш туған төлдерін Құдайларың Жаратқан Ие өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайындайтын орынға апарыңдар. Олардан Жаратқан Иенің алдында тамақ дайындап, ішіп-жеңдер. Осылай сендер Құдай Иемізді әрдайым терең қастерлеуді үйренесіңдер.
Deut Kaz 14:24  Бірақ егер Құдайларың Жаратқан Ие сендерді жарылқап, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін Жаратқан Иенің өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайындайтын орынға апару үшін тым алыс болса,
Deut Kaz 14:25  онда он бөлігіңнің бірін сатып, түскен күмісті сол жерге апарыңдар.
Deut Kaz 14:26  Сонда сендер сол күміске қалаған нәрселеріңді: мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жүзім шырыны, ашытылған сусын немесе басқа қалағандарыңды сатып ала аласыңдар. Осы азық-түліктен сол орында, Құдай Иенің алдында отбасыларыңмен бірге қуана ішіп-жеңдер.
Deut Kaz 14:27  Елді мекендеріңде тұратын леуіліктерді ұмытпай қамқорлаңдар. Себебі оларға араларыңда мұралық жер үлестірілген жоқ.
Deut Kaz 14:28  Әрбір үш жыл сайын, сол жылғы өніміңнің он бөлігінің бірін қалаларыңның ішіне алып барып, арнайы жерге жинап қойыңдар.
Deut Kaz 14:29  Осылайша араларыңдағы мұралық жер үлестері жоқ леуіліктер әрі жат жұрттықтар мен жетім-жесірлер келіп, соны жеп, тойынуларына болады. Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайды.