Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
NUMBERS
Prev Up Next
Chapter 12
Numb Kaz 12:1  Мұса құштық әйелге үйленген болатын. Бір күні Мәриям мен Һарон соған бола Мұсаны сынады.
Numb Kaz 12:2  Олар тағы былай деді: «Жаратқан Ие тек Мұсаға ғана сөйлеп пе еді? Ол бізге де сөйледі емес пе?» — Бұлары Жаратқан Иенің құлағына жетті.
Numb Kaz 12:3  Ал Мұса жер бетіндегі барлық адамдардың ең кішіпейілі болатын.
Numb Kaz 12:4  Жаратқан Ие кенеттен Мұса, Һарон, Мәриямды: «Үшеуің кездесу шатырына келіңдер!» — деп шақырды. Үшеуі сонда барды.
Numb Kaz 12:5  Жаратқан Иенің Өзі бағана тәрізді бұлтпен төмен түсіп, шатырдың кіреберісінде тұрып, Һарон мен Мәриям екеуін шақырды. Екеуі алға қарай шықты.
Numb Kaz 12:6  Жаратқан Ие оларға тіл қатып былай деді: «Енді сөзіме құлақ салыңдар! Сендердің араларыңда пайғамбар бар болса, оған аян арқылы көрініп, түсінде онымен тілдесемін.
Numb Kaz 12:7  Ал қызметшім Мұсамен бұлай емес. Ол — Менің бүкіл үйімдегі адал қызметшім.
Numb Kaz 12:8  Мен онымен жұмбақтап емес, бетпе-бет, анық тілдесемін. Мұса Менің — Жаратқан Иенің бейнесін көреді. Өз қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуден сендер қалайша қорықпадыңдар?»
Numb Kaz 12:9  Жаратқан Иенің қаһары оларға қарсы лап етіп, Өзі қастарынан алшақтап кетті.
Numb Kaz 12:10  Бұлт киелі шатырдан жоғары көтеріліп кеткенде, Мәриямның бүкіл денесін қардай аппақ алапес басып кетті. Һарон Мәриямға қарай бұрылғанда, оның алапес екенін көрді.
Numb Kaz 12:11  Сонда Һарон Мұсаға: «Уа, мырзам! Ақымақтықтан жасаған күнәмізді бізге қарсы қоймаңыз!
Numb Kaz 12:12  Мәриямның ана құрсағынан шығып жатқан өлі нәресте іспетті болуына жол бермеңіз. Оның тәнінің жартысы шіріп кетіпті!» — деп жалынды.
Numb Kaz 12:13  Мұса Жаратқан Иеге:— Уа, Құдай, оны сауықтыра гөр! — деп жалбарына сиынды.
Numb Kaz 12:14  Жаратқан Ие Мұсаға:— Егер әкесі бетіне түкіріп жіберген болса, Мәриям ұялғаннан жеті күн бойы жұрттың көзіне көріне алмай жүрмес пе еді? Сол сияқты ол ел қонысының сыртына жеті күнге аластатылсын. Содан кейін оны қайтадан алып келуге болады, — деді.
Numb Kaz 12:15  Осылайша Мәриям жеті күн бойы қоныстың сыртына аластатылды. Оны қайтып алып келмейінше, халық жолға шыққан жоқ.