NUMBERS
Chapter 23
Numb | Kaz | 23:1 | Сонда Балағам Балаққа:— Маған осы жерде жеті құрбандық орнын тұрғызып, жеті жас бұқа мен жеті қошқар дайындап қойыңыз, — деп тапсырды. | |
Numb | Kaz | 23:2 | Балақ оның айтқанын орындады. Екеуі әрбір құрбандық орнында бір-бірден жас бұқа мен қошқарды құрбандыққа шалып, өртеп ұсынды. | |
Numb | Kaz | 23:3 | Мұнан кейін Балағам Балаққа:— Мына шалынып, түгелдей өртелген құрбандықтарыңыздың қасында тұра тұрыңыз. Мен әрірек барып келейін, мүмкін, Жаратқан Ие кездесу үшін келіп қалар. Ол маған не ашып көрсетсе, соны сізге айтып беремін, — деп, бір тақыр төбе басына шығып кетті. | |
Numb | Kaz | 23:4 | Сол жерде Құдай оған кездескенде, Балағам:— Жеті құрбандық орнын тұрғызып, әрқайсысында бір-бір жас бұқа мен қошқарды құрбандыққа шалып, өртеп ұсындым! — деді. | |
Numb | Kaz | 23:5 | Жаратқан Ие Балағамның аузына айтатын сөздерін салып, оған:— Енді Балаққа қайтып бар да, оған осы хабарымды жеткіз, — деп бұйырды. | |
Numb | Kaz | 23:6 | Сонымен Балағам қайтып келсе, Балақ өзінің шалып, түгелдей өртеген құрбандықтарының жанында тұр екен. Моаб елінің барлық әміршілері оның қасында болды. | |
Numb | Kaz | 23:7 | Енді Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Балақ мені шақырды Арама аймағынан,Моаб патшасы алдыртты шығыс тауларынан:«Келіп, Жақыптың ұрпағын қарғап беріңіз, — Деп, — Исраил халқын лағынеттеп кетіңіз!» | |
Numb | Kaz | 23:9 | Оны көріп тұрмын жартастың шыңынан,Оған қарап тұрмын төбе бастарынан.Бұл халық оңашаланып бөлек тұрады,Басқа ұлттарға қосылудан бас тартады. | |
Numb | Kaz | 23:10 | Жақыптың құмдай көп ұрпағын кім есептер?Исраилдің төрттен бірінің өзін санап көр!Көз жұмған кезімде сол әділдердей өлейін,Бұлардай ақ өліммен дүниеден өтейін! | |
Numb | Kaz | 23:11 | Балақ Балағамға:— Бұ не қылғаныңыз маған? Мен сізді жауымды қарғауға алдырттым, ал сіз оған ақ бата жаудырдыңыз?! — деп налыды. | |
Numb | Kaz | 23:12 | Балағам:— Жаратқан Ие маған не бұйырса, дәл соны ғана айтуым қажет емес пе? — деп жауап берді. | |
Numb | Kaz | 23:13 | Балақ:— Менімен бірге басқа бір жерге жүріңіз, халыққа сол жерден қарайсыз. Бірақ оны толығымен емес, тек бір бөлшегін ғана көретін боласыз. Сол жерден оларды қарғап беріңізші, — деді де, | |
Numb | Kaz | 23:14 | көріпкелді Писга тауының басындағы «Қарауылдар» атты алаңқай жерге алып барды. Балақ патша сонда жеті құрбандық орнын тұрғызып, әрқайсысында бір жас бұқа мен бір қошқардан құрбандыққа шалып, өртеп ұсынды. | |
Numb | Kaz | 23:15 | Көріпкел Балаққа:— Мен Құдаймен ана жақта кездесіп жатқанда сіз мұнда, түгелдей өртелген құрбандықтарыңыздың қасында тұра тұрыңыз, — деп тапсырды. | |
Numb | Kaz | 23:16 | Мұнан кейін Жаратқан Ие Балағамды кездестіріп, оның аузына айтатын сөздерін салып беріп былай деп бұйырды: «Балаққа қайтып бар да, оған осы хабарымды жеткіз!» | |
Numb | Kaz | 23:17 | Балағам қайтып келсе, патша Моаб елінің әміршілерімен бірге өзінің түгелдей өртелген құрбандықтарының жанында тұр екен. Балақ:— Жаратқан Ие не деді? — деп сұрады. | |
Numb | Kaz | 23:18 | Сонда Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Уа, Балақ, тұрыңыз да, мені тыңдаңыз,Иә, Сипор ұлы, маған құлақ салыңыз! | |
Numb | Kaz | 23:19 | Құдай өтірік айтатын пенде емес,Ойын өзгерте беретін адам да емес.Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма? | |
Numb | Kaz | 23:21 | Жақыптың ұрпағынан пәле көрінбейді,Исраил халқынан бейнет деген білінбейді.Құдайы Жаратқан Ие арасында тұрады,Оны Патшамыз деп кернеймен жар салады. | |
Numb | Kaz | 23:23 | Жақыпқа қарсы ешбір сиқырлық жүрмейді,Исраилге қарсы сәуегейлік өтпейді!Қазір де Жақып пен Исраил жөнінде:«Қарашы Құдайдың ісін!» — деп дәріптейді. | |
Numb | Kaz | 23:24 | Ана арыстандай халық өрлеп шығады,Дәу арыстандай ол орнынан тұрады,Олжасын жалмап, қанын ішіп тояды,Содан соң ғана жатып, тыным табады. | |
Numb | Kaz | 23:25 | Балақ сонда Балағамға:— Ендеше бұл халыққа қарғыс та айтпаңыз, бата да бермеңіз! — деп бұйырды. | |
Numb | Kaz | 23:26 | Балағам оған:— Жаратқан Ие маған не айтса, соның бәрін істеуге тиіспін деп өзіңізге ескертпеп пе едім? — деп жауап берді. | |
Numb | Kaz | 23:27 | Сонда Балақ патша Балағамға:— Жүріңізші, басқа бір жерге барайық. Мүмкін, Құдай сіздің оларды сол жерден қарғағаныңызды құп көрер, — деді. | |
Numb | Kaz | 23:29 | Сол жерде Балағам тағы да Балаққа:— Маған осында жеті құрбандық орнын тұрғызып, жеті бұқа мен жеті қошқар дайындап қойыңыз, — деп тапсырды. | |