NUMBERS
Chapter 24
Numb | Kaz | 24:1 | Ал Балағам Жаратқан Иенің Исраилді жарылқағысы келіп отырғанын сезіп, енді бұрынғыдай сәуегейлікке сүйенбеді. Қайта, ол елсіз далаға қарай бет-жүзін бұрып қарады. | |
Numb | Kaz | 24:2 | Балағам көз тастап, рулары бойынша қатар-қатар тұрақтаған исраилдіктерді көрген кезде, оған Құдайдың Рухы қонды да, | |
Numb | Kaz | 24:3 | ол мына нақыл сөзін айтты:— Беғор ұлы Балағамның пайғамбарлық сөзі,Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі: | |
Numb | Kaz | 24:4 | Құлағым шалады Құдайдың хабарын,Көзім көреді Құдіреттінің аянын,Көзім ашық күйі жерге жығыламын,Құдайдың хабарын енді айтамын. | |
Numb | Kaz | 24:6 | Бұл халық кеңінен жайылған алқаптардай,Өзен жағасында өсетін бақтардай,Жаратқан отырғызған алып ағаштардай,Су жағалай өсетін самырсындардай. | |
Numb | Kaz | 24:7 | Халықтың шелектерінен су мол ағады,Сепкен тұқымдарына ылғал мол барады,Оның патшасы Агагтан да үстем болады,Иә, патшалығының даңқы тым асады. | |
Numb | Kaz | 24:8 | Құдай осы халықты Мысырдан алып шықты,Жабайы бұқаның мүйізіндей оның күш-қуаты,Жауласқан бөгде ұлттарды ол қиратады,Олардың сүйектерін күйретіп сындырады,Һәм жебелерімен тәндерін тесіп атады. | |
Numb | Kaz | 24:9 | Халық арыстандай еңкейіп дайын тұрады,Ана арыстандай тыншып жерге жатады.Оны мазалауға кімнің батылы барады?Жақып, саған бата бергеннің өзі жарылқанады,Ал сені қарғағанның өзін қарғыс атады. | |
Numb | Kaz | 24:10 | Сонда Балақтың Балағамға деген ашу-ызасы лаулап, екі алақанын сарт еткізіп, былай деп айқайлады:— Сені жауымды қарға деп шақырсам, сен оның орнына оларға үш рет ақ бата бердің! | |
Numb | Kaz | 24:11 | Лезде өз жөніңе тайып тұр! Сені молынан сыйлаймын деген едім. Ал Жаратқан Иенің Өзі сені сыйыңнан құр қалдырып отыр! | |
Numb | Kaz | 24:12 | Сонда Балағам Балаққа мына жауапты қайырды:— Маған жіберген елшілеріңе-ақ былай деп айтпап па едім: | |
Numb | Kaz | 24:13 | Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не жақсы, не жаман болсын, еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Мен тек Жаратқан Иенің айтқанын ғана айтатын боламын. | |
Numb | Kaz | 24:14 | Ал енді, мен өз халқыма қайтпақпын. Кәне, болашақта мына халықтың сіздің халқыңызға не істейтіні жайлы ақыл берейін, — деді. | |
Numb | Kaz | 24:15 | Сонымен Балағам мына нақыл сөзін айтып берді:«Мынау — Беғор ұлы Балағамның айтқан сөзі,Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі, | |
Numb | Kaz | 24:16 | Құдайдың айтқан сөздерін еститіннің,Тағаланың білдіргенін білетіннің,Көздері ашық күйі сіресіп құлап,Құдіреттінің аянын көретінніңАйтқандары (тыңдаған пенде құлақ түрсін!): | |
Numb | Kaz | 24:17 | Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес,Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес:Жақыптан бір жұлдыз туатын болады,Исраилден ұлы патша шығатын болады.Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды,Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады. | |
Numb | Kaz | 24:18 | Сонда ол Едом елін басып алады,Сейірдегі жаулары оған бағынады,Ал Исраил үнемі күшейіп нығаяды. | |
Numb | Kaz | 24:20 | Балағам Амалек халқына көз салып мына нақыл сөзді айтты:«Амалек халықтардың алғашқысы еді,Бірақ ақыр соңында ол құрып бітеді». | |
Numb | Kaz | 24:21 | Балағам кендіктерге де көз салып, олар туралы мына нақыл сөзін айтты:«Сондай берік екен сенің тұрағың,Жартасқа салынған, қауіпсіз екен ұяң. | |
Numb | Kaz | 24:24 | Ал Киттим жағасынан жүзіп келген кемелерАссурға әрі Еберге жәбір көрсетер,Бірақ өздері де кейін күйретілер». | |