Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
NUMBERS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 33
Numb Kaz 33:1  Мұса мен Һаронның бастауымен өз топтары бойынша Мысыр елінен шыққаннан кейін исраилдіктер көшіп-қонып жүрген сапарында төмендегі жерлер арқылы өтті.
Numb Kaz 33:2  Мұса Жаратқан Иенің бұйрығымен көшіп-қонып жүрген жолдарында өздері аялдаған жерлердің аттарын жазып алып отырды. Солар мыналар еді:
Numb Kaz 33:3  Бірінші айдың он бесінші күні, құтқарылу мейрамынан кейінгі келесі күні исраилдіктер мысырлықтардың көз алдында Рамсес қаласынан нық сеніммен алға басып шықты.
Numb Kaz 33:4  Жаратқан Ие мысырлықтардың барлық тұңғыштарын қырғынға ұшыратқандықтан, олар сол күні тұңғыштарының мәйіттерін жерлеп жатты. Себебі Жаратқан Ие олардың жалған тәңірлеріне Өзінің үкімін жүзеге асырған еді.
Numb Kaz 33:5  Исраилдіктер Рамсестен көшіп шығып, Соқотқа жетіп, қостарын тікті,
Numb Kaz 33:6  олар сол жерден шығып, айдаланың шет жағындағы Етамға барып тоқтады.
Numb Kaz 33:7  Халық Етамнан шығып, Бағал-Сефонның шығысындағы Пи-Һахиротқа қарай кері бұрылды да, Миғдолдың маңында аялдады.
Numb Kaz 33:8  Кейін олар Пи-Һахироттан шығып, Қамысты теңізден өтіп, арғы жақтағы иен далаға жетті. Олар Етамның жанындағы айдаламен үш күн жол жүріп, Мараға барып аялдады;
Numb Kaz 33:9  Марадан шығып, Елимге жетіп тоқтады. Сол шұратта он екі су көзі, жетпіс құрма ағашы болды.
Numb Kaz 33:10  Кейін халық Елимнен шығып, Қамысты теңіздің жағасына жетіп, қостарын тікті;
Numb Kaz 33:11  бұл жерден шығып, олар Сін атты елсіз далаға барып аялдады.
Numb Kaz 33:12  Халық сол даладан шыққаннан кейін Допқаға,
Numb Kaz 33:14  Алуштан шығып, Рефідимге жетіп тоқтады. Сол жерде халық ішетін ауыз су болмады.
Numb Kaz 33:15  Олар Рефідимнен шығып, Синай атты елсіз далаға жетіп тұрақтады.
Numb Kaz 33:16  Кейін халық сол даладан шығып, Қиброт-Хатауаға,
Numb Kaz 33:17  сол жерден шығып, Хасиротқа,
Numb Kaz 33:18  Хасироттан шығып, Ритмаға жетіп, қостарын тікті.
Numb Kaz 33:19  Олар Ритмадан шығып, Римнон-Пәреске,
Numb Kaz 33:20  сол жерден шығып, Либнаға,
Numb Kaz 33:22  Риссадан шығып, Кеһелатаға жетіп аялдады.
Numb Kaz 33:23  Сол жерден олар Шәфер тауына барып,
Numb Kaz 33:27  Тахаттан Тарахқа барып, қонды.
Numb Kaz 33:31  Мосероттан шығып, Бене-Яқанға жетіп, аялдады.
Numb Kaz 33:32  Бене-Яқаннан Хор-Агидгадқа,
Numb Kaz 33:34  Жотбатадан Абронға барып тоқтады.
Numb Kaz 33:35  Аброннан шығып, Есион-Гәберге,
Numb Kaz 33:36  сол жерден қайтадан Сін атты елсіз далаға жетіп тоқтады. Сол аймақ Қадеш деп те аталады.
Numb Kaz 33:37  Қадештен шыққаннан кейін халық Едом елінің шетіндегі Һор тауына жетіп тұрақтады.
Numb Kaz 33:38  Діни қызметкер Һарон Жаратқан Иенің айтқанына сәйкес Һор тауына көтеріліп, сол жерде көз жұмып дүние салды. Бұл, исраилдіктердің Мысыр елінен шыққаннан кейінгі қырқыншы жылдың бесінші айының бірінші күні болды.
Numb Kaz 33:39  Дүние салғанда Һаронның жасы жүз жиырма үште еді.
Numb Kaz 33:40  Сол кезде Қанахан елінің оңтүстік (Негев) бөлігінде тұрып жатқан Арадтың қанахандық патшасы исраилдіктердің көшінің елге жақындап қалғаны туралы естіді.
Numb Kaz 33:41  Халық Һор тауынан шығып, Салмонаға,
Numb Kaz 33:44  Моаб елінің шекарасындағы Ие-Абаримге жетіп тоқтады.
Numb Kaz 33:45  Сол жерден олар Дибон-Ғадқа,
Numb Kaz 33:47  содан Абарим қыратындағы Небо тауына жетіп, қостарын тігіп тұрақтады.
Numb Kaz 33:48  Халық Абарим қыратынан шыққаннан кейін Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарына жетіп қонды.
Numb Kaz 33:49  Сонда олар Моабтың елсіз алқаптарында Иордан өзенін бойлап Бет-Ешимоттан Әбел-Ситтимге дейінгі аралықта жайғасты.
Numb Kaz 33:50  Жаратқан Ие сол жерде, Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында, Мұсаға тіл қатып былай деді:
Numb Kaz 33:51  «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер Иордан өзенінен өтіп, Қанахан еліне кірген кезде
Numb Kaz 33:52  елде тұрып жатқандардың барлығын қуып шығып, олардың ойып жасаған және балқытып құйған тәңір мүсіндерінің бәрін де жойып, жоқ қылыңдар! Биіктеу жерлердегі табыну орындарын да талқандап қиратыңдар!
Numb Kaz 33:53  Елді иемденіп, сонда қоныстаныңдар, себебі Мен сол елді сендердің иеліктеріңе беріп қойғанмын.
Numb Kaz 33:54  Оның жерін жеребе тастап әулеттерің бойынша өзара бөлісіп алыңдар. Халқының саны көп әулетке көбірек, ал халқының саны аз әулетке азырақ жер берілетін болсын. Жеребе бойынша кімге қай жер үлесіне тиген болса, сол жер онікі болады. Жерді сендердің ата-бабаларыңнан тараған руларың бойынша бөлісіп, мұралық меншіктерің ретінде иемденіп алыңдар.
Numb Kaz 33:55  Ал егер елдің тұрғындарын қуып жібермесеңдер, онда елде қалып қойғандары көздеріңе тікендей кіріп, денелеріңе жаңқадай қадалып, қоныстанған сол елдеріңде сендерге жәбір көрсететін болады.
Numb Kaz 33:56  Сонда Мен оларға істемек болғандарымды сендердің өз бастарыңа түсіремін».