Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
NUMBERS
Prev Up Next
Chapter 10
Numb Kaz 10:1  Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
Numb Kaz 10:2  «Исраил қауымына жиналу не жолға шығу туралы белгі беру үшін күмістен балғамен соққызып екі керней жасатып ал.
Numb Kaz 10:3  Кернейдің екеуі де тартылған кезде, бүкіл қауым кездесу шатырының алдында жиналсын.
Numb Kaz 10:4  Ал біреуі ғана тартылғанда тек жетекшілер — Исраилдің мыңбасылары ғана сенің алдыңа жиналсын.
Numb Kaz 10:5  Кернейлермен дабыл тартылғанда, кездесу шатырының шығыс жағында қостарын тіккен рулар жолға аттансын.
Numb Kaz 10:6  Кернейлермен екінші рет дабыл тартылғанда, шатырдың оңтүстігіндегі рулар жолға аттансын. Сонымен кернейдің дабыл берген дауысы жолға шығудың белгісі болады.
Numb Kaz 10:7  Ал қауымның жиналуына белгі бергенде, кернейлеріңді дабыл бермей, басқаша тартыңдар.
Numb Kaz 10:8  Кернейлерді тартатындар — Һароннан тараған діни қызметкерлер болсын. Бұл — болашақтағы ұрпақтарыңа да тиісті тұрақты ереже.
Numb Kaz 10:9  Елдеріңде өздеріңе зорлық жасаған жауға қарсы соғысқандарыңда да, кернейлерді дабыл беріп тартыңдар! Сонда Мен, Құдайларың Жаратқан Ие, сендерді ескеріп, жауларыңнан құтқаратын боламын.
Numb Kaz 10:10  Сендер қуана той тойлағанда, белгіленген мейрамдарыңды өткізген уақыттарыңда, әр айдың бірінші күні, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынған кездеріңде де, кернейлеріңді тартыңдар! Сонда Мен сендерді ерекше ескеретін боламын. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін».
Numb Kaz 10:11  Сол екінші жылдың екінші айының жиырмасыншы күні Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың үстіндегі бұлт жоғары көтеріліп, алға жылжи бастады.
Numb Kaz 10:12  Сонда исраилдіктер Синай атты елсіз даладан шығып, бұлт жылжи Паран даласына келіп тоқтағанша көштерін жалғастырды.
Numb Kaz 10:13  Осылайша олар Жаратқан Иенің Мұса арқылы жақында берген нұсқауларына сай алғаш рет жолға шықты.
Numb Kaz 10:14  Яһуда тұрағындағы үш ру соның байрағының астында көш бастап шықты. Яһуда руы жасағының басшысы Әминадап ұлы Нағасон,
Numb Kaz 10:15  Исашар руы жасағының басшысы Суғар ұлы Нетанел,
Numb Kaz 10:16  Забулон руы жасағының басшысы Хелон ұлы Елиап болды.
Numb Kaz 10:17  Бұлардан кейін Леуі руының Герсон мен Мерариден тараған екі тармағы киелі шатырды жинап, оны көтеріп алып жолға шықты.
Numb Kaz 10:18  Олардан соң Рубен тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Рубен руы жасағының басшысы Шедеур ұлы Елисур,
Numb Kaz 10:19  Шимон руы жасағының басшысы Суришадай ұлы Шелумиел,
Numb Kaz 10:20  Ғад руы жасағының басшысы Рәгуел ұлы Әлиасаф болды.
Numb Kaz 10:21  Олардан кейін Леуі руының Қахаттан тараған тармағы киелі шатырдың жиһаздары мен жабдықтарын көтеріп алып жолға шықты. Бұлар қоныстанатын жерге келіп жетпес бұрын киелі шатыр құрылып, дайын тұратын.
Numb Kaz 10:22  Солардан кейін Ефрем руының тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Ефрем руы жасағының басшысы Амихуд ұлы Әлишама,
Numb Kaz 10:23  Манаса руы жасағының басшысы Педасур ұлы Гамалиел,
Numb Kaz 10:24  Бунямин руы жасағының басшысы Гидеони ұлы Абидан болды.
Numb Kaz 10:25  Бүкіл көштің соңын қамтып, Дан тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Дан руы жасағының басшысы Амишадай ұлы Ахиезер,
Numb Kaz 10:26  Ашир руы жасағының басшысы Охран ұлы Пагиел,
Numb Kaz 10:27  Нафталим руы жасағының басшысы Енан ұлы Ахира болды.
Numb Kaz 10:28  Көшкен кезде исраилдіктер жасақтарына сәйкес осындай тәртіппен жолға шығатын.
Numb Kaz 10:29  Мұсаның қайын атасы мадияндық Рәгуелдің ұлы Хобаб та сол жерде еді. Мұса (балдызы) Хобабқа былай деді:— Жаратқан Иенің бізге табыстауға сөз берген еліне қарай бара жатырмыз. Сол елге бізбен бірге жүрсеңші. Жаратқан Ие Исраилге игіліктерді уәде етті. Біз де саған жақсылық жасайтын боламыз. —
Numb Kaz 10:30  Хобаб оған:— Жоқ, бармаймын. Мен өз еліме, өз жұртыма қайтып оралмақшымын, — деп жауап қатты.
Numb Kaz 10:31  Ал Мұса:— Өтінемін, бізді тастай көрме. Елсіз далада тұрақтауға болатын жерлерді жақсы білесің ғой. Біздің көзіміз іспетті жол бастаушымыз болсаңшы.
Numb Kaz 10:32  Егер бізбен бірге жүрсең, Жаратқан Иенің бізге сыйлайтын игіліктерін сенімен де бөлісеміз, — деді.
Numb Kaz 10:33  Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің тауынан шығып, үш күндік жол жүрді. Сол үш күн бойы Келісім сандығы оларға тынығып демалатын орын табу үшін алдарында жүріп отырды.
Numb Kaz 10:34  Күндіз қоныстан көшкенде Жаратқан Иенің бұлты олардың үстінде болды.
Numb Kaz 10:35  Келісім сандығы көшпен бірге жолға шыққан сайын Мұса былай деп сиынатын:— Уа, Ием, көтерілші, жауларың шашырасын,Өзіңді жек көретіндер алдыңнан қашсын!
Numb Kaz 10:36  Келісім сандығын көтеріп алып жүргендер тоқтап тыныққан сайын Мұса былай деп өтінетін:— Уа, Жаратқан Ием, тұрақтай гөр қайтаИсраилдің сан мыңдағандарына!