NUMBERS
Chapter 10
Numb | Kaz | 10:2 | «Исраил қауымына жиналу не жолға шығу туралы белгі беру үшін күмістен балғамен соққызып екі керней жасатып ал. | |
Numb | Kaz | 10:4 | Ал біреуі ғана тартылғанда тек жетекшілер — Исраилдің мыңбасылары ғана сенің алдыңа жиналсын. | |
Numb | Kaz | 10:5 | Кернейлермен дабыл тартылғанда, кездесу шатырының шығыс жағында қостарын тіккен рулар жолға аттансын. | |
Numb | Kaz | 10:6 | Кернейлермен екінші рет дабыл тартылғанда, шатырдың оңтүстігіндегі рулар жолға аттансын. Сонымен кернейдің дабыл берген дауысы жолға шығудың белгісі болады. | |
Numb | Kaz | 10:8 | Кернейлерді тартатындар — Һароннан тараған діни қызметкерлер болсын. Бұл — болашақтағы ұрпақтарыңа да тиісті тұрақты ереже. | |
Numb | Kaz | 10:9 | Елдеріңде өздеріңе зорлық жасаған жауға қарсы соғысқандарыңда да, кернейлерді дабыл беріп тартыңдар! Сонда Мен, Құдайларың Жаратқан Ие, сендерді ескеріп, жауларыңнан құтқаратын боламын. | |
Numb | Kaz | 10:10 | Сендер қуана той тойлағанда, белгіленген мейрамдарыңды өткізген уақыттарыңда, әр айдың бірінші күні, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынған кездеріңде де, кернейлеріңді тартыңдар! Сонда Мен сендерді ерекше ескеретін боламын. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». | |
Numb | Kaz | 10:11 | Сол екінші жылдың екінші айының жиырмасыншы күні Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың үстіндегі бұлт жоғары көтеріліп, алға жылжи бастады. | |
Numb | Kaz | 10:12 | Сонда исраилдіктер Синай атты елсіз даладан шығып, бұлт жылжи Паран даласына келіп тоқтағанша көштерін жалғастырды. | |
Numb | Kaz | 10:13 | Осылайша олар Жаратқан Иенің Мұса арқылы жақында берген нұсқауларына сай алғаш рет жолға шықты. | |
Numb | Kaz | 10:14 | Яһуда тұрағындағы үш ру соның байрағының астында көш бастап шықты. Яһуда руы жасағының басшысы Әминадап ұлы Нағасон, | |
Numb | Kaz | 10:17 | Бұлардан кейін Леуі руының Герсон мен Мерариден тараған екі тармағы киелі шатырды жинап, оны көтеріп алып жолға шықты. | |
Numb | Kaz | 10:18 | Олардан соң Рубен тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Рубен руы жасағының басшысы Шедеур ұлы Елисур, | |
Numb | Kaz | 10:21 | Олардан кейін Леуі руының Қахаттан тараған тармағы киелі шатырдың жиһаздары мен жабдықтарын көтеріп алып жолға шықты. Бұлар қоныстанатын жерге келіп жетпес бұрын киелі шатыр құрылып, дайын тұратын. | |
Numb | Kaz | 10:22 | Солардан кейін Ефрем руының тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Ефрем руы жасағының басшысы Амихуд ұлы Әлишама, | |
Numb | Kaz | 10:25 | Бүкіл көштің соңын қамтып, Дан тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Дан руы жасағының басшысы Амишадай ұлы Ахиезер, | |
Numb | Kaz | 10:29 | Мұсаның қайын атасы мадияндық Рәгуелдің ұлы Хобаб та сол жерде еді. Мұса (балдызы) Хобабқа былай деді:— Жаратқан Иенің бізге табыстауға сөз берген еліне қарай бара жатырмыз. Сол елге бізбен бірге жүрсеңші. Жаратқан Ие Исраилге игіліктерді уәде етті. Біз де саған жақсылық жасайтын боламыз. — | |
Numb | Kaz | 10:30 | Хобаб оған:— Жоқ, бармаймын. Мен өз еліме, өз жұртыма қайтып оралмақшымын, — деп жауап қатты. | |
Numb | Kaz | 10:31 | Ал Мұса:— Өтінемін, бізді тастай көрме. Елсіз далада тұрақтауға болатын жерлерді жақсы білесің ғой. Біздің көзіміз іспетті жол бастаушымыз болсаңшы. | |
Numb | Kaz | 10:32 | Егер бізбен бірге жүрсең, Жаратқан Иенің бізге сыйлайтын игіліктерін сенімен де бөлісеміз, — деді. | |
Numb | Kaz | 10:33 | Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің тауынан шығып, үш күндік жол жүрді. Сол үш күн бойы Келісім сандығы оларға тынығып демалатын орын табу үшін алдарында жүріп отырды. | |
Numb | Kaz | 10:35 | Келісім сандығы көшпен бірге жолға шыққан сайын Мұса былай деп сиынатын:— Уа, Ием, көтерілші, жауларың шашырасын,Өзіңді жек көретіндер алдыңнан қашсын! | |