REVELATION OF JOHN
Chapter 21
Reve | Kaz | 21:1 | Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады. | |
Reve | Kaz | 21:2 | Сонда мен көктен, Құдайдың қасынан түскен қасиетті қаланы: жаңа Иерусалимді байқадым. Ол күйеуінің алдынан шығуға безеніп киінген қалыңдықтай дайындалған еді. | |
Reve | Kaz | 21:3 | Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! | |
Reve | Kaz | 21:4 | Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды». | |
Reve | Kaz | 21:5 | Сонда тақта Отырған:— Енді бәрін де жаңадан жаратамын, — деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы! — деп қосты. | |
Reve | Kaz | 21:6 | Содан соң Ол былай деді: — Енді түгел орындалды! Алғашқы да Соңғы, Басы да Аяғы Менмін. Жаны сусаған әркімге шынайы өмірдің қайнар көзінен суды тегін ішкіземін. | |
Reve | Kaz | 21:7 | Жеңіп шыққан әркім осы игіліктердің бәрін иемденеді. Мен оған Құдай, ол Маған рухани бала болады. | |
Reve | Kaz | 21:8 | Алайда қорқақтар, сенімсіздер, зұлымдар, кісі өлтіргендер, азғындар, сиқыршылар, жалған тәңірге құлшылық етушілер және бүкіл өтірікшілердің алатын үлестері күкірт жанып тұрған отты көлде болмақ. Бұл — «екінші өлім». | |
Reve | Kaz | 21:9 | Соңғы жеті пәлеге толы жеті тостағанды әкелген жеті періштенің біреуі қасыма келіп:— Жүр, мен саған «Қалыңдықты» — «Тоқтының үйленетін әйелін» көрсетейін, — деді. | |
Reve | Kaz | 21:10 | Сонда періште мені Киелі Рухтың әсерімен биік те ұлы таудың басына алып шығып, маған қасиетті Иерусалим қаласын көрсетті. Ол көктен, Құдайдың қасынан түсіп, | |
Reve | Kaz | 21:11 | Оның нұрлы салтанатына кенелді. Қала өте құнды асыл тас іспетті, мөлдір тастай айқын яспис сияқты жалт-жұлт етіп жарқырап жатты. | |
Reve | Kaz | 21:12 | Оны өте биік қабырға қоршап, он екі қақпасында он екі періште тұрды. Қақпаларда Исраил халқының он екі руының аттары жазылған екен. | |
Reve | Kaz | 21:14 | Қала қабырғасының он екі іргетасы да бар екен, оларға Тоқтының он екі елшісінің есімдері жазылыпты. | |
Reve | Kaz | 21:15 | Маған тіл қатқан періште қолына бір өлшеуіш алтын таяқты ұстапты. Осы таяқпен ол қаланы, оның қақпалары мен қабырғаларын өлшеп шықпақ болды. | |
Reve | Kaz | 21:16 | Қаланың ұзындығы мен ені бірдей төрт бұрышты болып салынған екен. Періште өлшеуіш таяғымен қаланы өлшегенде оның ұзындығы — он екі мың стади, ені мен биіктігі де дәл сондай болды. | |
Reve | Kaz | 21:17 | Періште қаланы қоршаған қабырғаны да өлшеп шықты, ол жүз қырық төрт шынтақ екен. Періште әдеттегі адамдар өлшемін қолданды. | |
Reve | Kaz | 21:19 | Қала қабырғасының іргетастары әр түрлі асыл тастармен әшекейленген еді. Бірінші іргетасы яспис, екіншісі сапфир, үшіншісі агат, төртіншісі алмас, | |
Reve | Kaz | 21:20 | бесіншісі оникс, алтыншысы карнелиан, жетіншісі сары кварц, сегізіншісі изумруд, тоғызыншысы топаз, оныншысы хрисопрас, он біріншісі жақұт, он екіншісі аметист еді. | |
Reve | Kaz | 21:21 | Он екі қақпасы — он екі інжу-маржан: әр қақпа бір маржаннан жасалыпты. Қаланың даңғыл көшесі мөлдір шыныдай саф алтыннан салынған еді. | |
Reve | Kaz | 21:22 | Қаладан киелі үйді көрмедім. Себебі оның киелі үйі — бүкіл әлемнің Билеушісі Құдай Ие және Тоқты. | |
Reve | Kaz | 21:23 | Қалаға жарық түсіру үшін күн мен айдың да қажеті жоқ: Құдайдың нұрлы салтанаты оны жарқыратады, әрі Тоқты да — оның шам-шырағы іспетті. | |
Reve | Kaz | 21:24 | (Құтқарылған) халықтар оның нұрымен жүріп, жер бетінің патшалары салтанатты тарту-таралғыларын қалаға әкеліп тұрады. | |