Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ROMANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 10
Roma Kaz 10:1  Қымбатты бауырластар, менің жүрегімнің тілегі және Құдайдан жалбарынып сұрайтыным — исраилдіктердің құтқарылуы.
Roma Kaz 10:2  Олардың Құдай үшін ынта көрсетіп жүргендеріне куәмін, алайда ынталары дұрыс түсінікке негізделмеген.
Roma Kaz 10:3  Өйткені олар Құдайдың адамды ақтау жолын ұқпай, өздерінің әділдігін орнатуға тырысты, осылайша Тәңір Иенің дайындаған ақтау жолын мойындамай қойды.
Roma Kaz 10:4  Адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатты, енді Оның құрбандық өліміне сенетіндер ақталады.
Roma Kaz 10:5  Таурат заңының ережелерін орындау арқылы ақталу туралы Мұса пайғамбар былай деп жазған: «Оларды бұлжытпай орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді».
Roma Kaz 10:6  Ал сенім жолымен ақталу туралы Тауратта мына тәрізді сөздер айтылған: Кім көкке көтеріледі? Яғни кім Мәсіхті көктен алып келеді? — деп іштей сұрама.
Roma Kaz 10:7  Немесе: Кім тұңғиыққа түседі? Яғни кім Мәсіхті өлімнен қайтарып алып келеді? — деп те айтпа.
Roma Kaz 10:8  Қайта, сенім жолымен ақталу жөнінде былай делінген: «Бұл сөз саған өте жақын, ол ауызыңда және жүрегіңде».Сенім туралы біз жариялап жүрген сөз — осы.
Roma Kaz 10:9  Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың.
Roma Kaz 10:10  Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсінен ақталады, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады.
Roma Kaz 10:11  Осы туралы Ишая пайғамбардың жазбасында «Оған сенімін артқан ешкім ұятқа қалмайтын болады лайым» делінген ғой.
Roma Kaz 10:12  Бұл жерде яһудилер мен басқа ұлттардың араларында айырмашылық жоқ, олардың жалғыз бір Жаратқан Иесі бар: Ол Өзіне сиынғандардың бәріне де шексіз рақымды.
Roma Kaz 10:13  Себебі: «Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады» деп те жазылған.
Roma Kaz 10:14  (Енді былай деулерің де мүмкін:) «Олар Иемізге сенбесе, қалай Оған сиынады? Ол туралы естімесе, қалай сенеді? Оны ешкім уағыздамаса, қайдан естиді?
Roma Kaz 10:15  Ал Құдай жібермесе, қалай уағыздайды?» Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер бар: (Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушілердің келгені қандай тамаша!
Roma Kaz 10:16  Бірақ Құдай Ізгі хабарды жіберген болса да, исраилдіктердің бәрі бірдей оған сенген жоқ, оны қабылдаған да жоқ. Осы туралы Ишая пайғамбар мынадай сөздер айтқан: Уа, Ием, біздің хабарымызға азғана кісілер сенді!
Roma Kaz 10:17  Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады.
Roma Kaz 10:18  Енді: «Олар хабарды естіген жоқ па?» деп сұрағым келіп тұр. Әрине, естіген. «Үндері жайылады бар жер бетіне, сөздері таралады жердің шетіне» деп (Забурда) жазылған ғой.
Roma Kaz 10:19  Онда мен: «Мүмкін Исраил халқы түсінбеген шығар?» деп сұраймын. Тіпті басқа ұлттық адамдар оны түсінді ғой! Мұса пайғамбар мұны бірінші болып Құдайдың мына тәрізді сөздерімен алдын ала айтты: «Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылы сендердің қызғаныштарыңды оятамын. Иә, өздерің түсінігі жоқ деп санайтын өзге халықпен сендерді ашуландырамын!»
Roma Kaz 10:20  Ишая пайғамбар бұл туралы батылдықпен Құдайдың мынадай хабарын жеткізді: «Іздемегендер Мені таба алды. Мен туралы сұрамағандарға Өзімді көрсеттім».
Roma Kaz 10:21  Ал Исраил халқы жайында Құдай мына тәрізді сөздер айтты: «Мен құлақ аспайтын, қасарысқан халықты күні бойы қол созып шақырумен болдым».