Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ROMANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 16
Roma Kaz 16:1  Сендерге бауырласымыз Фөбе апайды ұсынамын, ол — Кеніхреядағы қауымның қызметшісі.
Roma Kaz 16:2  Оны Иеміздің кісісі ретінде Құдайдың адамдарына лайықты қабылдап, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер! Бұл кісі көп адамдарға қамқорлық жасап келеді, солардың арасында мен де бармын.
Roma Kaz 16:3  Мәсіх Исаның қызметіндегі әріптестерім Прискила мен Ақилаға сәлем айтыңдар.
Roma Kaz 16:4  Олар мен үшін өмірін қиюға дайын болды. Бұған өзім ғана емес, басқа халықтардың күллі қауымдары да алғыс айтуда. Екеуінің үйінде бас қосатын қауымға да сәлемімді жеткізіңдер.
Roma Kaz 16:5  Азия өлкесінде Мәсіх жолына түскен алғашқылардың бірі болған сүйікті Епенетке де сәлем.
Roma Kaz 16:6  Сендер үшін жан аямай қызмет еткен Мәриямға да сәлем айтыңдар.
Roma Kaz 16:7  Түрмеде бірге отырған ағайындарым Андроник пен Юнияға да сәлем. Елшілер арасында абыройлары ерекше, олар менен бұрын Мәсіхтің жолына түсті.
Roma Kaz 16:8  Иемізбен байланысымыздағы ерекше жақсы көретін бауырласым Амплиға да сәлем.
Roma Kaz 16:9  Мәсіхтің қызметіндегі әріптесіміз Ұрбанға және қымбатты досым Стахиға сәлемімді жеткізіңдер.
Roma Kaz 16:10  Мәсіхке деген сенімі дәлелденген Апеллеске де сәлем. Аристобулдың отбасына сәлем айтыңдар.
Roma Kaz 16:11  Туысқаным Иродионға, Иеміздің қарамағындағы Нарқистың үй ішіндегілерге де сәлем.
Roma Kaz 16:12  Иеміз үшін құлшына жұмыс істеп жүрген Трифена мен Трифозаға сәлем айтыңдар; Иеміз үшін көп еңбек сіңірген қымбатты Персидаға да сәлем.
Roma Kaz 16:13  Иеміздің таңдаулысы Руфқа және оның маған да ана болған шешесіне сәлем.
Roma Kaz 16:14  Асинкіритке, Філегонға, Ерімге, Патробқа, Ермиге және олармен бірге бас қосатын бауырластарға да сәлем жолдаймын.
Roma Kaz 16:15  Филолог пен Юлияға, Нире мен оның қарындасына және Олимпанға, сондай-ақ олармен бірге жиналатын Құдайдың барлық адамдарына да сәлем айтыңдар.
Roma Kaz 16:16  Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп, сәлемімізді жеткізіңдер. Мәсіхтің осындағы барлық қауымдары сендерге сәлем жолдауда.
Roma Kaz 16:17  Бауырластарым, сендерге өтіне айтарым: жік шығарып, өздеріңе үйреткен ілімге қарсы араздық туғызушылардан сақ болып, аулақ жүріңдер!
Roma Kaz 16:18  Мұндайлар Иеміз Иса Мәсіхке қызмет етпейді, қайта, қарындарының ғана қамын ойлап, жағымпазданып, майда да сылдыр сөздерімен тәжірибесіздерді алдайды.
Roma Kaz 16:19  Сендердің Құдайға мойынсұнғандықтарың әлемге әйгілі болды. Сондықтан сендер үшін қуаныштымын, әрі жақсылыққа дана, жамандықтан аулақ болуларыңды тілеймін.
Roma Kaz 16:20  Тыныштық сыйлайтын Құдай жуық арада әзәзіл шайтанды аяқтарыңа жығып бермек. Иеміз Иса Мәсіх сендерге жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.
Roma Kaz 16:21  Қызметкерім Тімоте және ағайындарым Лұси, Ясон және Сосипатыр сәлем айтуда.
Roma Kaz 16:22  Осы хатты (Пауыл үшін) қағазға түсіріп отырған мен, Терти, Иса Мәсіхпен жүрген сендерге сәлем жолдаймын.
Roma Kaz 16:23  Маған және бүкіл қауымға қонақжайлылық танытқан Гайдан да сәлем. Осы қаланың қазына бастығы Ераст пен бауырласымыз Кварт та сәлем айтуда.
Roma Kaz 16:24  (Бәріңе де Иеміз Иса Мәсіх жар болып, рақымын жаудыра көрсін! Аумин.)