ROMANS
Chapter 11
Roma | Kaz | 11:1 | Ал енді мынаны сұрайын: «Құдай өз халқынан біржола бас тартты ма?» Жоқ, мүлдем олай емес! Мен өзім де исраилдікпін, Ыбырайымның ұрпағынан, Бунямин руынан тарағанмын. (Алайда Мәсіхке сенемін.) | |
Roma | Kaz | 11:2 | Демек, Құдай баяғы заманда ерекше таңдап алған халқынан біржола бас тартқан жоқ. Ілияс пайғамбар туралы Пайғамбарлар жазбаларында не айтылғаны естеріңде ме? Ол Құдай алдында Исраил туралы былай деп шағым айтқан: | |
Roma | Kaz | 11:3 | «Уа, Жаратқан Ие! Олар Сенің пайғамбарларыңды өлтіріп, Саған арналған құрбандық үстелдерін қиратты. Жалғыз өзім ғана қалдым, олар енді менің жанымды да алмақшы». | |
Roma | Kaz | 11:4 | Құдайдың оған берген жауабы былай емес пе: «Мен Өзіме жеті мың адамды аман қалдырып отырмын. Олар (Маған адал болып, жалған тәңір) Бағал алдында тізе бүкпегендер». | |
Roma | Kaz | 11:5 | Сол сияқты, қазірдің өзінде де Құдай Исраил халқының ішінен рақым етіп таңдап алған шағын топ Мәсіхке сенеді. | |
Roma | Kaz | 11:6 | Ал Құдай рақым етіп таңдаған болса, онда оларды еңбектері үшін таңдамағаны. Әйтпесе рақым нағыз рақым болмас еді. | |
Roma | Kaz | 11:7 | Бұның мәнісі не? Исраил халқы көздеген мақсатына жеткен жоқ, бірақ оның ішінен таңдап алынғандар оған жетті. Қалғандары қасарысып, сене алмай қалды. | |
Roma | Kaz | 11:8 | Бұл туралы мынадай сөздер жазылған ғой: «Құдай олардың ақыл-саналарын ұйықтатты. Олар көздері болғанмен (шындықты) көрмейді, құлақтары болғанмен (Құдайдың сөзін) естімейді, әлі күнге дейін солай». | |
Roma | Kaz | 11:9 | (Жауыз дұшпандарын Жаратқан Ие дәрменсіз қылсын деп сұраған кезде) Дәуіт пайғамбардың айтқаны мынадай болды: «Мол дастарқандары жауларыма тор болсын, бейқам ішкен астары тұзақ боп айналсын; содан олар тұтқындалып, жазалансын! | |
Roma | Kaz | 11:11 | «Ал енді, яһудилер Мәсіхті қабылдамай күнә жасағанда Құдайдан біржола ажырап кетті ме?» — деп сұрасам деймін. Жоқ, мүлдем олай емес! Алайда олардың безіп кетуі арқылы басқа халықтарға құтқарылу жолы ашылды. Құдай осылай исраилдіктердің қызғанышын оятпақ. | |
Roma | Kaz | 11:12 | Ендеше, бұлардың безіп кеткендіктері қалған адамзатты рухани байлыққа жеткізсе, әрі зиян шеккендіктері басқа халықтарға пайдалы болса, онда олардың Құдайға толық мойынсұнулары адамзатқа одан да зор игілік әкелмек! | |
Roma | Kaz | 11:13 | Уа, басқа ұлт адамдары, ендігі сөзім сендерге арналады. Мен Мәсіхтің басқа халықтарға жіберген елшісі ретіндегі қызметімді құрметтеймін, | |
Roma | Kaz | 11:14 | осылайша ұлттастарымның қызғанышын оятып, олардың да бірсыпырасын құтқарсам деп үміттенемін. | |
Roma | Kaz | 11:15 | Егер Құдайдың бұлардан бас тартуы арқылы басқа халықтар үшін Онымен татуласудың жолы ашылса, онда Құдайдың исраилдіктерді қайтадан қабылдауы қандай болады? Бұл оқиға өлімнен қайта тірілумен бірдей болмақ! | |
Roma | Kaz | 11:16 | Мысалы, алғашқы өнімнен пісіріліп, Құдайға ұсынылатын нанның қасиетті болатынындай, соның қалған қамыры да қасиетті. Сол сияқты, ағаштың түбірі қасиетті болғанындай, оның бұтақтары да қасиетті. | |
Roma | Kaz | 11:17 | Ал Құдай «асыл тұқымды зәйтүн ағашының бірнеше бұтақтарын», яғни яһудилердің көпшілігін, сындырып тастап, қалғандарының арасына басқа ұлттық сендерді теліп кіріктірді. Сендер жай ғана «жабайы зәйтүн ағашынан» болсаңдар да, енді «асыл ағаштың түбінен шыққан шырыннан» олармен бірге нәр алып жатырсыңдар! | |
Roma | Kaz | 11:18 | Солай болғандықтан, сындырып алып тасталған сол «бұтақтарға» бола мақтанып шіренбеңдер! Ал егер біреуің шірене қалсаң, біліп қой: «ағаштың түбіне» сен нәр бермейсің, қайта, «түбі» саған нәр беріп тұр. | |
Roma | Kaz | 11:19 | Ал сен: «Құдай мені теліп кіріктіру үшін бұрынғы бұтақтарды сындырып алып тастады ғой», — дерсің. | |
Roma | Kaz | 11:20 | Дұрыс! Құдай сол яһудилерді Мәсіхке сенбеген соң («асыл ағаштан», яғни Құдай халқынан) сындырып алып тастады. Енді олардың орнында сен тұрсың, өйткені Мәсіхке сенесің. Ендеше өркөкірек болмай, сақ болып жүр! | |
Roma | Kaz | 11:22 | Сонымен, Құдайдың мейірімін әрі қатаңдығын көре аласың: Ол Өзіне мойынсұнбай, ажырап кеткендерге қатаңдық танытты. Ал егер сен Оның мейірімін бағалай білсең, соған кенеле бересің. Бірақ егер Оған мойынсұнудан бас тартсаң, сен де кесіліп тасталасың. | |
Roma | Kaz | 11:23 | Сол яһудилер сенбеушіліктерінен бас тартса, олар да қайтадан телініп кіріктіріледі. Құдай оларды тағы да телуге құдіретті ғой. | |
Roma | Kaz | 11:24 | Өйткені сендер «жабайы зәйтүн ағашынан» кесіліп алынып, қалыптасқан дағдыға қайшы «асыл тұқымды зәйтүн ағашына» телінгенсіңдер; сондықтан өзінің «табиғи бұтақтары» болғандар (яғни яһудилер) сол «ағашқа» оп-оңай-ақ «телініп» қайтарылмай ма?! | |
Roma | Kaz | 11:25 | Бауырластарым, сендердің ақылгөйсіп мақтанбауларың үшін мына құпия жоспарды ашқым келеді: басқа ұлт адамдарының Құдай белгілеген саны Оның Патшалығына түгелдей кіріп болғанша, Исраил халқының бір бөлігі қасарысып, сенуден бас тартатын болады. | |
Roma | Kaz | 11:26 | Осылай күллі Исраил құтқарылмақ. Бұл туралы Пайғамбарлар жазбаларында мынадай сөздер алдын ала айтылған еді: Сион қаласынан Құтқарушы келеді. Ол Жақыптың үрім-бұтағын теріс жолдарынан қайтарады. | |
Roma | Kaz | 11:28 | Сол яһудилер Ізгі хабарды қабылдамағандықтан, олар Құдаймен қас, бұның пайдасы сендерге тиюде. Дегенмен Тәңір Ие ата-бабаларын таңдап алғандықтан, олардың өздерін де сүйеді. | |
Roma | Kaz | 11:30 | Басқа ұлттық сендер бұрын Құдайға мойынсұнбайтын едіңдер, ал қазір яһудилердің мойынсұнбағандығынан Оның рақымына ие болдыңдар. | |
Roma | Kaz | 11:31 | Сол секілді бұл яһудилер де қазір Құдайға бағынбай жүр, бірақ Ол сендерге рақым етуі арқылы оларға да өз рақымын қабылдатпақ. | |
Roma | Kaz | 11:32 | Сонымен Құдай барлық адамдардың Өзіне мойынсұнбай, құлдықта жүргендерін әшкереледі. Осылай Ол бәріне де рақымын көрсетпек. | |
Roma | Kaz | 11:33 | О, неткен бай Құдайдың даналығы,Неткен терең Оның білік-парасаты;Шешімдеріне адам ақылы жетпес,Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес! | |