EZEKIEL
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
Chapter 35
Ezek | Kaz | 35:2 | «Пендем, бет-жүзіңді Сейір тауына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап былай де: | |
Ezek | Kaz | 35:3 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Сейір тауы, Мен өзіңе қарсы шығамын! Саған қарсы қолымды созып, сені қаңыратып, елсіз қалдырамын. | |
Ezek | Kaz | 35:4 | Қалаларың қиратылып, өзің қаңырап бос қаласың. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. | |
Ezek | Kaz | 35:5 | Сен қаскүнем пиғылыңнан арылмай, Исраил халқының басына күн туып, зұлымдығы жазаланатын ақырғы сағаты соққанда, оларды семсерден қырылуға тастап кеттің. | |
Ezek | Kaz | 35:6 | Сол себептен мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Мен сені қантөгіске үкімдеймін де, бұдан былай ол сенің қыр соңыңнан қалмай қояды. Сен қантөгісті еш жек көрмегендіктен, ол сені өкшелейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 35:7 | Мен Сейір тауын қиратып, қаңыратамын. Енді одан қашып кетіп, не қайтып келетіндердің бәрін құртамын. | |
Ezek | Kaz | 35:8 | Таулы жеріңді өліктермен жауып тастаймын. Адамдар сенің қырат-қырқаларыңда, аңғарларың мен барлық сай-салаларыңда семсерден қырылатын болады. | |
Ezek | Kaz | 35:9 | Өзіңді ұдайы қаңыратып бос қалдырамын, қалаларыңды енді қайтып ешкім мекендемейтін болады. Осылайша сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. | |
Ezek | Kaz | 35:10 | Сен: «Осы екі ел — Яһуда мен Исраилдің халықтары да, жерлері де менікі болады. Оларды иемденіп аламын!» деген болатынсың. Ал Мен, Жаратқан Ие, сол жерде болдым ғой! | |
Ezek | Kaz | 35:11 | Сондықтан өз атыммен ант етемін, — дейді мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие. — Мен сені оларды сондай жек көріп, ашу-ыза мен қызғанышқа салынғандығыңа сай жазалаймын. Саған істегендерім арқылы Мен Өзімді халқыма танытамын. | |
Ezek | Kaz | 35:12 | Сонда сен Менің, Жаратқан Иенің, Исраилдің тауларына қарсы айтқан сенің барлық қорлау сөздеріңді естігенімді білетін боласың. Сен: «Олар қаңырап бос қалып, маған жалмап қоюға берілді» деп оларды табаладың ғой. | |
Ezek | Kaz | 35:13 | Оның үстіне Менің көз алдымда мақтанып, еш шімірікпестен Маған қарсы сөздеріңді көбейттің. Мен соларыңды да естідім!» | |
Ezek | Kaz | 35:14 | Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Бүкіл жер шат-шадыман болып жатқанда, Мен сені қаңыратып бос қалдырамын! | |