EZEKIEL
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
Chapter 19
Ezek | Kaz | 19:2 | Анаң арыстандардың ішіндегіҚандай керемет арыстан еді!Күшті арыстандар арасында жатып,Ол абдандарын асырайтын еді. | |
Ezek | Kaz | 19:3 | Солардың бірін айрықша қып өсірді,Сол қуатты арыстан болып өсті,Аулаған олжасын жыртып паршалады,Адамдарға да бас салып, жалмады. | |
Ezek | Kaz | 19:4 | Басқа ұлттар ол туралы естіді,Торуылдап апандарына түсірді,Шынжырлап Мысырға айдап әкетті. | |
Ezek | Kaz | 19:5 | Анасы үмітінің ақталмағанынКөріп, күткенінің іске аспағанын,Күшті арыстан қып өсірді басқасын. | |
Ezek | Kaz | 19:6 | Арыстандармен бірге ол жортуылдады,Нығайып, мықты арыстанға айналды,Аулаған олжасын жыртып паршалады,Адамдарға да бас салып, жалмады. | |
Ezek | Kaz | 19:7 | Ол солардың қамалдарын қиратты,Қалаларын ойрандап қаңыратты,Зор даусымен бүкіл елді қалтыратты. | |
Ezek | Kaz | 19:8 | Халықтар сонда қарсы шықты оған,Шабуылдады көрші аймақтардан,Олар торларын жайды оған арнап,Қолға түсті ол апандарына құлап. | |
Ezek | Kaz | 19:9 | Оны шынжырлап тор ішіне кіргізді,Бабыл патшасының алдына әкелді.Сосын зынданға салып күзетті,Исраилдің тауларында содан беріАқырған дауысы еш естілмейді. | |
Ezek | Kaz | 19:10 | Су бойына орналасқан жүзімдіктегіЖүзім бұтасына анаң ұқсас еді.Сол бұта мол судан жемісті көп берді,Бұтақтары жайқалып тұратын еді. | |
Ezek | Kaz | 19:11 | Бұтақтарының күшті болғаны сонша,Лайықты билеуші асатаяғына.Қалың жапырақтан сол бұта асқақтады. | |
Ezek | Kaz | 19:12 | Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,Жерге тасталды тамырымен жұлына,Шығыстан соққан аңызақтан қурады,Бар жемістерінен бұта айырылды,Күшті бұтақтары оның қурап қалды,От оларды аяусыз құртып жалмады. | |