Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EZEKIEL
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 27
Ezek Kaz 27:1  Жаратқан Ие маған тағы сөзін арнап былай деді:
Ezek Kaz 27:2  «Ей, пендем, Тирге арнап жоқтау айт.
Ezek Kaz 27:3  Тир теңізге шығар қақпада билік етіп, көптеген аралдармен және жағалаулардағы халықтармен сауда-саттық жасайтын. Сонымен Тир жайлы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:Уа, Тир, сен өзіңді: «Мен керемет көріктімін!» деген едің.
Ezek Kaz 27:4  Сенің шекараларың теңіздің ортасына дейін жететін. Сәулетшілерің көркіңді кемеліне келтірді.
Ezek Kaz 27:5  Сен бір кеме сияқты болдың, тақтайларыңды Хермон тауының қарағайынан дайындады. Діңгегің ливандық самырсыннан болды.
Ezek Kaz 27:6  Ескектеріңді Башанның емендерінен ойып жасады. Үстіңгі қабатыңның еденін Кипр жағалауынан әкеліп, пілдің сүйегімен әшекейленген кипарис ағашынан төседі.
Ezek Kaz 27:7  Желкендеріңді мысырлық кестелі бәтестен тікті. Олар жалауың іспетті үстіңде жайқалып тұрды. Үстіңгі шатырың (Кипр аралындағы) Елишаның жағалауларынан әкелінген қою күлгін және күрең қызыл бәтестен жасалды.
Ezek Kaz 27:8  Ескекшілерің Сидон мен Аруадтан шыққан финикиялықтар, ал епті кеме жүргізушілерің өз шеберлеріңнен еді, уа, Тир қаласы!
Ezek Kaz 27:9  Кеме түбінің тесік-саңылауын бітеп жөндеу үшін гебалдық тәжірибелі аға шеберлер де өзіңде бар болатын, теңізде жүзетін күллі кемелер саудаласу үшін саған тоқтайтын.
Ezek Kaz 27:10  Ей, Тир қаласы, парсылар, лүдиялық және либиялық адамдар жасақшы болып сенің қалың қолыңда қызмет ететін. Олар қамалыңның қабырғаларына қалқан-дулығаларын іліп, өзіңе салтанат әперген болатын.
Ezek Kaz 27:11  Аруадтықтар кіликиялықтармен бірге бар қамал қабырғаларыңның үстінде орналасып, ғамадтықтар мұнараларыңда қызмет атқаратын. Олар қамалыңның қабырғаларын айналдыра іліп қойған қалқан-қорамсақтарымен көркіңді кемеліне жеткізді.
Ezek Kaz 27:12  Сен әр түрлі тауарларға бай болғандықтан Тарсис та сенімен сауда-саттық жасады. Олар тауарларыңды күміс, темір, қалайы және қорғасынға айырбастап сатып алатын.
Ezek Kaz 27:13  Грекиялық, тұбалдық және мешехтік саудагерлер де өзіңмен саудаласып, тауарларыңа адам басымен және қола бұйымдармен төлейтін.
Ezek Kaz 27:14  Бет-Тоғарма алып келген жұмыс жылқыларын, шайқаста мінетін аттарын және қашырларын сенің тауарларыңмен алмастыратын.
Ezek Kaz 27:15  Өзіңмен дедандықтар да сауда-саттық жасайтын, көптеген басқа аралдар мен жағалау елдері де сенімен тауарларын айырбастайтын. Олар саған төлем ретінде пілдің азу сүйегі мен қара ағаш әкелетін.
Ezek Kaz 27:16  Бұйымдарың ағыл-тегіл мол болғандықтан, Арама елі де сенімен алыс-беріс жасайтын. Олар тауарларыңды зүбәржат, інжу-маржан, лағыл іспетті асыл тастар және күрең қызыл, кестелі не ақ бәтес маталар беріп, сатып алатын.
Ezek Kaz 27:17  Яһуда мен Исраил елдері де өзіңмен саудаласатын. Тауарларыңа олардың беретіні — (Аммон елінен әкелінген) миниттік бидай, тәтті тағамдар, бал, зәйтүн майы және май дәрі болатын.
Ezek Kaz 27:18  Бұйымдарың ағыл-тегіл мол әрі байлығың зор болғандықтан Дамаск қаласы саған хелбондық шарап және ақшыл жүн әкеліп, сауда-саттық жасайтын.
Ezek Kaz 27:19  Узалдан дандықтар мен гректер де келіп, сенің тауарларыңның орнына қақталған темір, дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерін және хош иісті құрақ беретін.
Ezek Kaz 27:20  Дедан шұратының саудагерлері мініс малына арналған ер-тоқымдық матамен сауда жасайтын.
Ezek Kaz 27:21  Сен Арабиямен және Қидардың барлық әміршілерімен де саудаласып, олардан тоқты, қошқар, ешкі сатып алатынсың.
Ezek Kaz 27:22  Сәба мен Рахаманың саудагерлері де сенімен сауда-саттық жасасты. Олар тауарларыңа ең сапалы дәмдеуіштерін, асыл тастары мен алтынын алып келетін.
Ezek Kaz 27:23  (Арамадағы) Харан, Хане, Еден қалалары және Сәбаның, Ассур мен Хилмадтың саудагерлері де өзіңмен алыс-беріс жасайтын.
Ezek Kaz 27:24  Сенің базарыңда олар қымбат, сәнді шапандар, көк, қою күлгін және кестелі маталармен, әрі баулары берік иіріліп, тығыз байланған түрлі түсті кілемдермен сауда-саттық жасайтын.
Ezek Kaz 27:25  Алып сауда кемелері тауарларыңды басқа жақтарға жеткізетін. Осылайша теңіздегі аралда орналасқан сен байлыққа кенелдің де, даңқың кеңінен жайылды.
Ezek Kaz 27:26  Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел» теңіздегі сені қиратпақ.
Ezek Kaz 27:27  Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды.
Ezek Kaz 27:28  Кеме басқарушыларыңның айқайынан тіпті жағалаудағы дала да сілкінбек.
Ezek Kaz 27:29  Күллі ескекшілер де кемелерін тастап кетіп, теңізшілер мен кеме басқарушылары да жағада тұрып,
Ezek Kaz 27:30  сені ойлап бар дауыспен зар еңіреп, жоқтау айтып ащы көз жастарын төгеді. Олар бастарына топырақ шашып, қатты қайғырып күлге аунайды,
Ezek Kaz 27:31  әрі сені жоқтап шаштарын тақырлап алып тастап, азалы киім киеді. Содан олар жүректері сыздап, зар еңіреп жылап,
Ezek Kaz 27:32  сен үшін былай деп жоқтау айтатын болады: — Теңіз ортасындағы Тир сияқты үні өшкен қала болды ма екен, сірә?
Ezek Kaz 27:33  Тауарларың теңіздің ар жағынан келгенде, көптеген халықты қамтамасыз еттің. Өзіңнің мол байлығыңмен, саудаңмен әлемдегі патшаларды байытатын едің.
Ezek Kaz 27:34  Ал енді сен теңізде ойрандалып, тұңғиыққа шөгіп жоғалдың. Барлық тауарларың мен адамдарың өзіңмен бірге суға батып кетті.
Ezek Kaz 27:35  Аралдар мен жағалаудағы елдердің бәрі саған қарап аңтарылып, жандары түршігеді. Олардың патшаларының зәре-құты қалмай, өңдері қашқан.
Ezek Kaz 27:36  Басқа ұлттардың саудагерлері саған қарап мазақтап ысқырады. Себебі сен қорқынышты күйреуге ұшырап, бұдан былай еш болмайсың».