EZEKIEL
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
Chapter 12
Ezek | Kaz | 12:2 | «Ей, пендем, сен бас көтергіш халықтың арасында тұрып жатырсың. Олардың көруге арналған көздері болса да, көрмейді, естуге арналған құлақтары болса да естімейді. Өйткені олар бас көтергіш халық. | |
Ezek | Kaz | 12:3 | Сондықтан сен, ей, пендем, жер аударылып кетуге дайындалып, қажетті заттарыңды жинақтап ал! Елдестеріңнің көзінше күндіз басқа жаққа кетіп қал. Олар бас көтергіш халық болса да, мүмкін, түсінер. | |
Ezek | Kaz | 12:4 | Сөйтіп күндіз олар қарап тұрғанда өзіңмен әкететін заттарыңды жинап алып, кешке олардың көзінше жер айдалып кетіп бара жатқан адамдай үйіңнен шық. | |
Ezek | Kaz | 12:5 | Сол үшін қала қабырғасын олардың көз алдында үңгіп қаз да, буып-түйген заттарыңды сол тесік арқылы алып шығатын бол. | |
Ezek | Kaz | 12:6 | Жұрттың көзінше заттарыңды иығыңа салып ал да, қараңғылыққа сүңгіп кет! Тастап бара жатқан еліңді көре алмайтындай етіп, бетіңді тұмшалап жауып ал. Өйткені Мен сені Исраил еліне (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші еттім». | |
Ezek | Kaz | 12:7 | Сонда мен өзіме айтылғандардың бәрін орындадым. Күндіз жер аударылып кетуге жинақтаған заттарымды алып шығып, кешке өз қолыммен қала қабырғасын үңгіп тесік жасап алдым. Қас қарайғанда заттарымды иығыма артып, жұрттың көзінше айдалып кетіп бара жатқан адамдай кетіп қалдым. | |
Ezek | Kaz | 12:9 | «Ей, пендем, бұл бас көтергіш Исраил халқы сенен «Не істеп жүрсің?» деп сұраған жоқ па? | |
Ezek | Kaz | 12:10 | (Егер сұрап жатса) оларға былай деп жауап бер: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Осы ауыр хабар Иерусалимдегі әмірші Седекиях және қаладағы Исраил халқының бәрі туралы. | |
Ezek | Kaz | 12:11 | Оларға былай де: Мен сендерге болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіремін. Менің істегендерім жуырда Иерусалим халқының басына түсетін болады. Олар тұтқындалып, бөтен елге айдалып кетеді. | |
Ezek | Kaz | 12:12 | Араларындағы әмірші қас қарайғанда заттарын иығына артып алып, кетіп қалатын болады. Ол шығып кете алуы үшін қызметшілері қала қабырғасында арнаулы тесік үңгіп қазады. Әмірші бетін тұмшалап, жауып алады, әрі елін енді қайтып көрмейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 12:13 | Сосын Мен, Жаратқан Ие, оған арнап тор құрып, ол торыма түседі. Оны Бабылға, халдейлердің еліне, алып барамын. Алайда ол оны көрмей-ақ, сол жақта өледі. | |
Ezek | Kaz | 12:14 | Мен оның айналасындағы барлық нөкерлері мен жасақшыларын желдің төрт бағытына шашыратып жіберіп, олардың соңынан жалаң семсермен қуамын. | |
Ezek | Kaz | 12:15 | Мен өздерін халықтардың арасына таратып, елдердің ішіне бытыратып жібергенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 12:16 | Бірақ олар сол ұлттардың арасына шашырағанда Мен кейбіреулерін семсерден, ашаршылық пен індеттен тірі қалдырамын. Мұнан кейін бұлар өз салт-дәстүрлерінің қаншама жексұрын болғанын мойындайды. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 12:19 | Бабыл еліндегі халқыңа былай де: Исраил елі мен Иерусалимде тұрып жатқандар туралы Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Олар нанын үрейлене отырып жеп, суын қорқып отырып ішетін болады. Өйткені ел қазіргі тұрғындарының жасаған зорлық-зомбылықтарының кесірінен барынан айырылып, жұрдай болады. | |
Ezek | Kaz | 12:20 | Қоныстанған қалалары тұрғынсыз қалып, ашық даласы да қаңырап бос тұрады. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 12:22 | «Ей, пендем, Исраил елінде жұрт: «Уақыт өте күндер созылар, әрбір аян да ғайып болар» деген мәтелді келтіріп жүр, бұл қалай? | |
Ezek | Kaz | 12:23 | Оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен бұл мәтелді жоямын, енді қайтып Исраилде оны ешкім де айтпайтын болады! Керісінше, оларға былай де: Аянда көрсеткендерімнің бәрі орындалатын күндер таяп қалды! | |
Ezek | Kaz | 12:24 | Өйткені Исраил халқының арасында бұдан былай өтірік аяндар мен жағымпаз болжаулар айтылмайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 12:25 | Бірақ Мен, Жаратқан Ие, қалаған сөздерімді айтамын және солар орындалады да. Олар ұзаққа созылмай, жуырда жүзеге асады. Ей, бас көтергіш халық, сендердің осы замандарыңда-ақ Мен сөзімді айтамын да, әрі іске асырамын да! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мұны нық айтамын». | |
Ezek | Kaz | 12:27 | «Пендем, Исраил халқы былай деп жүр: «Сол кісінің көрген аяны бұдан көп жылдан кейін ғана орындалады! Ол сонау болашақта болатындар жайлы пайғамбарлық сөз айтып жүр». | |