EZEKIEL
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
Chapter 23
Ezek | Kaz | 23:3 | Олар жастық шағынан-ақ Мысырда жеңіл жүріске салыныпты. Сол жерде еркектер олардың төстерін қысып, балғын тәндерін аймалапты. | |
Ezek | Kaz | 23:4 | Үлкенінің аты Охола, кішісінің аты Охолиба деп қойылды. Кейін Мен солардың екеуіне де үйленіп, олар Маған ұл-қыздар туып берді. Ал екеуінің шынайы есімдеріне келер болсақ, Охола — Самарияны, Охолиба — Иерусалимді білдіреді. | |
Ezek | Kaz | 23:5 | Охола Менің әйелім бола тұра, ассурлық жауынгерлерге аңсары ауып, солармен неке адалдығын бұза бастады. | |
Ezek | Kaz | 23:6 | Бұлар қою күлгін түсті киім киген әміршілер мен әкімдер, шетінен көрікті, атқа мінген жігіттер болатын. | |
Ezek | Kaz | 23:7 | Охола Ассурдың сол бетке ұстар еркектерімен азғындық жасап, өзінің аңсары ауған әркіммен және олардың жалған тәңірлерінің бейнелерімен өзін арамдады. | |
Ezek | Kaz | 23:8 | Сөйтіп Охола Мысырда болған кезінен бері айналысып келе жатқан жеңіл жүрісін қойған жоқ. Себебі жас кезінде-ақ мысырлықтар онымен бірге жатып, балғын тәніне қолдарын салып, онымен құмарларын қандыратын. | |
Ezek | Kaz | 23:10 | Олар оның тәнін жалаңаштап, ұл-қыздарын ұстап әкетіп, өзін семсермен шауып өлтірді. Осылайша ол өзіне тиісті жазаны алғанда, басқа әйелдердің өсек-аяңына айналды. | |
Ezek | Kaz | 23:11 | Сіңлісі Охолиба Охоламен не болғанын көрді. Сонда да ол әпкесінен бетер азғын құмарлыққа салынып, жезөкшелікпен одан әрмен айналысты. | |
Ezek | Kaz | 23:12 | Оның аңсары ассурлықтарға: әміршілер мен әкімдерге, көз тартқан сәнді киім киген жасақшылар мен атты әскерлерге, шетінен көрікті жігіттерге ауды. | |
Ezek | Kaz | 23:14 | Бірақ Охолиба жезөкшелік жағынан әпкесінен де асып түсті. Ол қабырғада ойылған жігіттердің суреттерін — қызылмен боялған халдейлердің бейнелерін көріп, соларға аңсары ауды. | |
Ezek | Kaz | 23:15 | Бұл суреттер — беліне белбеу байлап, басына үлкен сәлде орап, сырт түрі туған елі Халдея болатын бабылдық сардарлардың бейнесі болатын. | |
Ezek | Kaz | 23:17 | Бабылдықтар Охолибаның төсегінде жатып, оны өздерінің құмарлықтарымен арамдады. Ал арамдалғаннан кейін Охолиба бабылдықтардан жеркеніп, теріс бұрылып кетті. | |
Ezek | Kaz | 23:18 | Алайда Охолиба азғындығын ашықтан-ашық жасап, жалаңаш тәнін көрсете бастағаннан-ақ, Мен бұрын оның әпкесінен жеркеніп алшақтағанымдай, енді оның өзінен де жеркеніп алшақтап кеттім. | |
Ezek | Kaz | 23:19 | Әйтсе де Охолиба жас кезінде Мысырда жеңіл жүрісті қыз болғанын есіне түсіріп, бұрынғысынан бетер азғындыққа салынды. | |
Ezek | Kaz | 23:20 | Ол аталық мүшелері есектердікіндей, шәуеті айғырдікіндей мол бұрынғы ашыналарына ынтызар болды. | |
Ezek | Kaz | 23:21 | Ей, Охолиба, осылайша сен мысырлықтар төстеріңді қысып, балғын тәніңді аймалаған жастық шағыңдағы азғындығыңды аңсадың». | |
Ezek | Kaz | 23:22 | Сондықтан, ей, Охолиба, Жаратушы Тәңір Ие саған мынаны айтады: «Біліп қой, Мен өзің жиреніп, алшақтаған ашыналарыңды өзіңе қарсы арандатып, оларды жан-жақтан саған қарсы алып келемін: | |
Ezek | Kaz | 23:23 | бабылдықтарды да, Пеход, Шоа әрі Қоаның барлық халдейлерін де, күллі ассурлықтарды да. Олар — әміршілер мен әкімдер, бәрі де шетінен көрікті, сайгүлікке мінген жігіттер болмақ. Бұларды саған қарсы жан-жақтан аттандырып алып келемін. | |
Ezek | Kaz | 23:24 | Олар қару-жарақтанып, соғыс күймелері мен шаң-тозаң бұрқыратқан арбаларға мініп, қалың қолмен бірге солтүстіктен өзіңе қарсы аттанып келеді. Жау жан-жақтан үлкенді-кішілі қалқанмен, дулығамен бас салып, сені қоршауға алады. Мен оларға билікті табыстап, сонда олар саған өз әдет-ғұрыптарына сай үкім шығарады. | |
Ezek | Kaz | 23:25 | Мен саған лаулаған қаһарымды төккенімде, жау сенің адамдарыңды еш аямай, мұрындары мен құлақтарын кесіп алып, ұл-қыздарыңды әкетіп, құл қылады. Ал ең соңында сенен қалғандардың бәрін от жалмайды. | |
Ezek | Kaz | 23:26 | Оның үстіне олар үстіңдегі киімдеріңді сыпырып тастап, қымбат бағалы әшекейлеріңді тартып алады. | |
Ezek | Kaz | 23:27 | Мен осылай сенің Мысыр елінен әкелген азғындығың мен жезөкшелігіңді тыямын. Енді қайтып мысырлықтарға ынтыға қарамайтын әрі Мысырды есіңе алмайтын боласың». | |
Ezek | Kaz | 23:28 | Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Біліп қой, Мен сені өзің жек көріп, әрі алшақтап кеткен жауларыңның жиренішті қолына тапсырамын! | |
Ezek | Kaz | 23:29 | Олар сені жек көре отырып саған қарсы іс-әрекет жасайды. Жауларың сенің істеген істеріңнің жемістерін түгелдей тартып алып, өзіңді тыр жалаңаш қалдырады. Осылайша сенің масқара жезөкшелігің, жалаңаштығың және опасыздығың барша жұртқа мәлім болады. | |
Ezek | Kaz | 23:30 | Себебі сен басқа ұлттармен бірге азғындық жасап, өзіңді солардың жалған тәңірлерімен арамдадың. | |
Ezek | Kaz | 23:31 | Охолиба, сен де өз әпкеңнің жолымен жүресің. Сондықтан ол ішкен тостағанды енді сенің қолыңа ұстатамын! | |
Ezek | Kaz | 23:32 | Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны кесіп айтамын: Осылайша әпкең ішкен (азапқа толы) тостағаннан сен де ішесің! Сол тостаған терең де үлкен, оның ішіне көп сыяды. Сен күлкіге қалып, масқараланасың. | |
Ezek | Kaz | 23:33 | Тостағаннан ішкеніңнен сен масайып, қайғы-қасірет шегесің. Әпкең Самария қорқыныш пен қаңырауға толы сол тостағаннан ішкен еді. | |
Ezek | Kaz | 23:34 | Сен де содан ішіп, тауысасың. Кейін оны лақтырып тастап, паршалап сындырасың. Қатты қиналғандықтан кеудеңді ұрғылайсың. Өйткені Мен осылай дедім!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны ескертеді. | |
Ezek | Kaz | 23:35 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сен Мені ұмытып, мүлдем елемей кеткенің үшін асқан азғындығың мен жезөкшелігіңнің зардабын тарт!» | |
Ezek | Kaz | 23:36 | Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, сен Охола мен Охолибаны сотқа дайындамақсың ба? Онда оларға өздерінің жасаған жексұрын күнәларын әшкерелеп айт! | |
Ezek | Kaz | 23:37 | Екеуі неке адалдығын бұзды, кісі өлтіріп қолдары да қан. Олар өз жалған тәңірлерімен опасыздық жасап, тіпті өздерінің Маған туып берген ұлдарын соларға «тамақ» болсын деп отқа өртеп құрбан етті! | |
Ezek | Kaz | 23:38 | Оның үстіне, Маған мынаны да істеді: сол күні олар Менің киелі орнымды арамдап, демалыс күніме қатысты ережелерімді бұзып, бұл күннің қасиеттілігін құрметтемей, оны арамдады. | |
Ezek | Kaz | 23:39 | Олар өз ұлдарын жалған тәңірлеріне арнап құрбан қылған күні-ақ Менің киелі үйіме келіп, оны арамдады. Біліп қой, олар Менің киелі үйімде осылай істеген! | |
Ezek | Kaz | 23:40 | (Ей, опасыз әйелдер!) Сендер тіпті алыстан еркектерді шақыртып, олар да келді. Солар үшін суға түсіп, жуынып, көздеріңді бояп, асыл әшекейлеріңді тағып алдыңдар. | |
Ezek | Kaz | 23:41 | Керемет әдемі төсектің үстіне отырып, алдыңа дастарқан жайып, үстіне Маған тиісті хош иісті заттарым мен зәйтүн майын қойдың. | |
Ezek | Kaz | 23:42 | Әйелдің жанынан дырду салған алаңсыз тобырдың даусы естілетін еді. Олар шөл даладан әкелінген маскүнемдер болатын. Солар осы опасыз екі әйелдің қолдарына білезік салып, бастарына әдемі тәж кигізді. | |
Ezek | Kaz | 23:43 | Сонда Мен неке адалдығын бұзып, қартайып қалжыраған сондай әйел туралы былай дедім: Еркектер бұған жезөкшедей қарасын, өйткені ол соның нағыз өзі! | |
Ezek | Kaz | 23:44 | Олар жезөкше әйелге барғандай оған да барды. Сол еркектер әдепсіз екі әйелге, Охола мен Охолибаға, барып, олармен азғындық жасады. | |
Ezek | Kaz | 23:45 | Бірақ әділ адамдар солардың екеуіне де неке адалдығын бұзған және кісі өлтіріп қан төккен әйелдерге тиісті жазаны кеседі. Себебі олар неке адалдығын бұзған әрі қолдары қанға малынған. | |
Ezek | Kaz | 23:46 | Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қалың қолды жинап алып кел, олар екеуінің зәре-құтын алып, тонасын! | |
Ezek | Kaz | 23:47 | Қалың қол екеуін таспен атқылап, семсерлерімен шауып өлтіреді, әрі ұл-қыздарын қырып, үйлерін өртеп жібереді. | |
Ezek | Kaz | 23:48 | Осылайша Мен елдегі азғындықты тыямын. Бұл, басқа әйелдерге олар сияқты жеңіл жүріске салынбауға ескерту болмақ. | |