EZEKIEL
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
Chapter 36
Ezek | Kaz | 36:1 | «Ал енді, пендем, Исраилдің тауларына хабарымды жеткізіп былай де: Уа, Исраилдегі таулар, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! | |
Ezek | Kaz | 36:2 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жау сендер туралы: «Әп, бәлем, өздеріңе сол керек! Сол ежелгі қырат-қырқалар да иелігімізге көшті!» деп табалаған еді. | |
Ezek | Kaz | 36:3 | Сондықтан былай деп Менің хабарымды жеткіз:Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Олар сендерді қаңыратып бос қалдырып, жан-жақтан бас салып жаншып тастаған еді. Сендер өзге халықтардың меншігіне айналып, олардың мазағы мен зұлым өсегіне қалдыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:4 | Сол себептен тыңдаңдар, уа, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің мына сөзіне құлақ түріңдер: Жаратушы Тәңір Ие айналадағы басқа халықтарға олжа болып, олардың мазағына айналған Исраилдің тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына, қаңыраған далалары мен елсіз қалған қалаларына сөзін арнайды. | |
Ezek | Kaz | 36:5 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бүкіл Едом халқы мен қалған басқа ұлттар Менің меншікті жерімді қатты қуанып, қорлап тартып алып, талан-таражға салды. Сондықтан Мен лаулаған ашуыммен оларға қарсы сөйледім. | |
Ezek | Kaz | 36:6 | Сол себептен Исраил елі туралы хабарымды жеткізіп, оның тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендер басқа ұлттардың масқаралауынан зардап шеккендіктен Мен лаулаған ашу-ызамен сөйлеймін!» | |
Ezek | Kaz | 36:7 | Ендеше Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Сендердің айналаларыңдағы басқа ұлттардың өздері де масқара болады! Осыны салтанатты түрде ант етіп айтамын. | |
Ezek | Kaz | 36:8 | Ал сендер, Исраилдегі таулар, енді беткейлеріңдегі ағаш-бұталарыңның бұтақтарын жан-жаққа жайып өсіріп, Менің халқым Исраил үшін жемістеріңді молынан бересіңдер. Өйткені халқым жақында еліне қайтады! | |
Ezek | Kaz | 36:9 | Біліп қойыңдар, Мен сендерге назар аударып, қамдарыңды ойлаймын. Жерлерің қайтадан өңделіп, оған егін егілмек. | |
Ezek | Kaz | 36:10 | Мен өздеріңдегі адамдарды, бүкіл Исраил халқын, көбейтемін. Қалаларға тұрғындар қоныстанып, қаңыраған жерлерге қайтадан үйлер салынбақ. | |
Ezek | Kaz | 36:11 | Мен өздеріңдегі халыққа қоса мал санын да молайтамын, олар өсіп-өніп, көбейетін болады. Сөйтіп Мен сендерге баяғы замандағыдай адамдарды қоныстандырып, өздеріңді бұрынғыдан да бетер өркендетемін. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:12 | (Уа, Исраилдегі таулар) осылайша Мен қайтадан өздеріңде адамдарды, яғни өз халқым Исраилді, аяқ басып жүретін қыламын. Олар сендерді иемденіп, өз мұралық жерлері етеді. Енді қайтып сендер халқымды ұрпақтарынан айырмайтын боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:13 | Иә, Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: Біреулер сендерді: «Адамдарды жалмап, өздеріңдегі халықты балаларынан айырасыңдар!» деп қорлаған еді. | |
Ezek | Kaz | 36:14 | Сондықтан бұдан былай адамдарды жалмап, өздеріңдегі халықты балаларынан айыруды доғарасыңдар!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны мықтап ескертеді. | |
Ezek | Kaz | 36:15 | «Басқа халықтардың өздеріңе тіл тигізіп, қорлаған сөздерін бұдан былай естіртпеймін. Сендер енді өзге ұлттардың масқаралауына қалмайсыңдар, әрі өздеріңдегі халықты сүріндіріп күнәға батырмайсыңдар», — деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 36:17 | «Ей, пендем, Исраил халқы елін мекендеген кезде олар елді өздерінің салт-дәстүрлерімен және іс-әрекеттерімен арамдайтын. Олардың сол істері Мен үшін қанмен былғанған шүберектей жиренішті де лас болды. | |
Ezek | Kaz | 36:18 | Себебі Исраил халқы жазықсыз адамдардың қанын төгіп, жалған тәңірлеріне табынып осы елді арамдады. Сондықтан да Мен халықтың үстіне қаһарымды төктім. | |
Ezek | Kaz | 36:19 | Мен халықты бөтен ұлттардың арасына шашыратып жіберіп, олар түрлі елдердің ішіне тарап кетті. Оларға жаман салт-дәстүрлері мен зұлым іс-әрекеттеріне сәйкес осы үкімді шығардым. | |
Ezek | Kaz | 36:20 | Бірақ халқым қай ұлттардың жерлеріне бармасын, олар жайлы: «Бұл — Жаратқан Иенің халқы, әйтсе де, олар Оның жерінен кетуге мәжбүр болды!» делініп, Менің қасиетті есімім қорланды. | |
Ezek | Kaz | 36:21 | Сонда Мен Исраил халқы жер аударылған өзге халықтардың арасында қорлыққа ұшыраған өз қасиетті есімімнің қамын ойладым. | |
Ezek | Kaz | 36:22 | Сондықтан Исраил халқына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, Исраил халқы, Мен енді әрекет етемін. Бірақ сендерге бола емес, Өзімнің қасиетті есіміме бола солай істеймін. Сендер жер аударылып барған халықтардың арасында есімімді қорлыққа ұшыраттыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:23 | Бірақ Мен өздерің халықтардың арасында қорлаған ұлы есімімнің қандай киелі екенін көрсетемін! Осылайша Мен халықтардың көз алдында Өзімнің киелілігімді араларыңда көрсеткенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 36:24 | Өйткені Мен сендерді халықтардың арасынан шығарып, барлық елдерден жинап, өз елдеріңе алып келмекпін. | |
Ezek | Kaz | 36:25 | Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын. | |
Ezek | Kaz | 36:26 | Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын, | |
Ezek | Kaz | 36:27 | әрі бойларыңа өз Рухымды дарытамын. Осылай сендерді бұйрықтарыма сәйкес өмір сүріп, ережелерімді мұқият орындайтын қыламын. | |
Ezek | Kaz | 36:28 | Сендер Мен ата-бабаларыңа табыстаған елді қайтадан мекендеп, Өзімнің халқым боласыңдар, ал Мен Құдайларың боламын. | |
Ezek | Kaz | 36:29 | Осылай сендерді барлық арамдықтарыңнан арылтамын.Мен егінді мол етіп өсіріп шығарамын. Бұдан былай сендерге ашаршылық жібермеймін. | |
Ezek | Kaz | 36:30 | Ендігәрі ашаршылыққа ұшырап, басқа халықтардың арасында масқара болмауларың үшін Мен ағаштардың жемістерін және егістіктердің өнімін мол қыламын. | |
Ezek | Kaz | 36:31 | Сонда сендер бұрынғы әділетсіз жолдарың мен зұлым істеріңді естеріңе аласыңдар. Сол арам да жексұрын іс-әрекеттерің үшін өз-өздеріңнен жиренетін боласыңдар! | |
Ezek | Kaz | 36:32 | Әрине, Менің жасаған осы жақсылықтарымның себебі өздеріңнің соған лайықты екендіктерің емес! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сендер мұны біліп қойыңдар! Уа, Исраил халқы, істеген зұлым істеріңе шын жүректен ұялып өкініңдер!» | |
Ezek | Kaz | 36:33 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Мен сендерді әділетсіз істеріңнің арамдығынан тазартқан кезде қалаларыңды халықпен қоныстандырып, қираған елді мекендеріңді қайтадан тұрғызамын. | |
Ezek | Kaz | 36:34 | Ел ішімен өтіп бара жатқандар бұдан былай оның қаңырап бос жатқанын емес, жыртылып өңделгенін көреді. | |
Ezek | Kaz | 36:35 | Содан олар: «Мына жер бұрын қаңырап бос жататын еді, ал енді ол пейіш бағындай болып кетіпті. Бұрын қирап, елсіз қу медиен болған қала орындары мекенделіп, бекіністі қалаға айналыпты!» дейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 36:36 | Сонда айналаңда қалып отыратын халықтар қираған жерлерді қайта тұрғызған әрі қаңырап қалған далаға қайтадан бау-бақша отырғызған Өзім, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Осыны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын әрі жүзеге асырамын да!» | |
Ezek | Kaz | 36:37 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқының өтінішіне жауап беріп, олар үшін мынаны істеймін: халықты отардағы қойлардың көбейгеніндей мейлінше көбейтемін. | |