GALATIANS
Chapter 5
Gala | Kaz | 5:1 | Мәсіх бізді еркін өмір сүрсін деп азат етті. Енді табанды болып, құлдықтың қамытын қайта кимеңдер! | |
Gala | Kaz | 5:2 | Мен, Пауыл, сендерге мынаны айтамын, сөзіме ден қойыңдар: егер Құдай алдында ақталу үшін сүндетке отырсаңдар, онда сендерге Мәсіхтен ешбір пайда болмайды. | |
Gala | Kaz | 5:3 | Сүндетке отыратындардың әрбіреуіне тағы да байыппен айтамын: ақталу үшін сүндеттелген әркім Таурат заңының барлық ережелерін де бұлжытпай орындауға міндетті! | |
Gala | Kaz | 5:4 | Осы заңды ұстану арқылы ақталуға тырыссаңдар, онда Мәсіхпен байланыстарың үзілді! Сендер Құдайдың рақымынан ада болдыңдар! | |
Gala | Kaz | 5:5 | Ал біз сенім жолымен Құдай алдында ақталғандықтан, мұның Мәсіх қайта оралғанда ашық жариялануын Киелі Рухтың арқасында үміт етіп күтудеміз. | |
Gala | Kaz | 5:6 | Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болғандар үшін сүндеттелу не сүндеттелмеу маңызды емес. Біз үшін ең маңыздысы — сүйіспеншілікпен әрекет жасайтын сенім. | |
Gala | Kaz | 5:7 | Жақсы жүріп бара жатыр едіңдер. Енді кім жолдарыңа бөгеу болып, сендерді шындыққа мойынсұнудан бас тартқызады? | |
Gala | Kaz | 5:9 | Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейді. (Сол сияқты, жалған ілімдер көп зиян келтіреді.) | |
Gala | Kaz | 5:10 | Бұдан былай Иеміз сендерді Ізгі хабардан басқа пікірлерді ұстанудан сақтайды деп сенемін. Сендерді абыржытып, адастырып жүрген адам, кім болса, ол болсын, өз сазайын тартатын болады. | |
Gala | Kaz | 5:11 | Ал маған келсек, бауырластар: егер мен (біреулер айтқандай) әлі де сүндеттелудің қажеттігін уағыздап жүрген болсам, неге күні бүгінге дейін қудаланудамын? Сонда Мәсіхтің айқышта жанын құрбан еткені туралы уағыздарым яһуди діндарларының ашуын қоздырмас еді ғой. | |
Gala | Kaz | 5:13 | Бауырластар, Құдай сендерді еркіндікке шақырды. Бірақ еркіндікті күнәлі құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін теріс пайдаланбаңдар, қайта, бір-біріңе сүйіспеншілікпен қызмет етіңдер! | |
Gala | Kaz | 5:14 | Бүкіл Таурат заңын орындау мына бір бұйрыққа саяды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» | |
Gala | Kaz | 5:16 | Ал мен былай деймін: Киелі Рухтың күші мен жетегінде өмір сүріңдер, сонда ескі күнәкар болмыстарыңның қалауы іске аспайды. | |
Gala | Kaz | 5:17 | Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар. | |
Gala | Kaz | 5:18 | Ал егер Киелі Рухтың жетелеуімен жүрсеңдер, онда Таурат заңының билігі сендерге жүрмейді. | |
Gala | Kaz | 5:19 | Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық; | |
Gala | Kaz | 5:20 | жалған тәңірлерге табынушылық пен сиқыршылық; қаскөйлік, ұрыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, жеке бастың абыройын ойлау, алауыздық туғызу, жік салу, | |
Gala | Kaz | 5:21 | күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ. | |
Gala | Kaz | 5:22 | Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, | |
Gala | Kaz | 5:24 | Сонымен қатар Иса Мәсіхтікі болғандар айқыш ағашта өлген Онымен бірігіп кетті. Сол себептен олар өздерінің ескі күнәкар болмыстарын және соның азғын құмарлықтары мен тілектерін сол айқыш ағашқа шегелеп тастағандай таза өмір сүреді. | |
Gala | Kaz | 5:25 | Біз Киелі Рухтың арқасында жаңа өмірге ие болғандай, Оның жетекшілігімен өмір сүре берейік. | |