JUDGES
Chapter 12
Judg | Kaz | 12:1 | Ал Ефрем руының сарбаздары жиналып, Сафонға өтіп барды да, Ефтахқа:— Аммондықтарға қарсы соғысу үшін солардың жеріне аттанғанда неге бізді шақырмадың? Сол үшін біз сені өз үйіңде өртеп жібереміз! — деп қоқан-лоқы айтты. | |
Judg | Kaz | 12:2 | Ефтах оларға жауап беріп былай деді:— Халқыммен бірге аммондықтармен зор дауға түстім. Алайда мен сендерді шақырған кезде де сендер мені олардың қолынан құтқарған жоқсыңдар. | |
Judg | Kaz | 12:3 | Маған көмектеспейтіндеріңе көз жеткізген соң, мен солардың жеріне аттанып, аммондықтарды өзім шабуылдап басымды өлімге тіктім. Жаратқан Ие оларды қолыма табыстады. Ал енді, өздерің неге маған қарсы соғысуға келіп отырсыңдар? | |
Judg | Kaz | 12:4 | Ал ефремдіктер: «Ей, ғилақадтықтар, сендер небәрі Ефрем мен Манасаның ортасындағы Ефремнің қашқынысыңдар, ә!» — деп оларды жәбірледі. Сол себепті Ефтах Ғилақадтың барлық ер адамдарын жинап, Ефрем жасағымен соғысып, оларды талқандады. | |
Judg | Kaz | 12:5 | Ғилақадтықтар Иордан өзенінің өткелдерін басып алып, ефремдіктерге елдеріне қайтатын жолды жауып тастады. Осылайша Ефремнің қашып келе жатқан адамы: «Ана жаққа өтейін деп едім!» — десе, ғилақадтықтар одан: «Сен ефремдіксің бе?» — деп сұрайтын еді. Егер анау жоқ десе, | |
Judg | Kaz | 12:6 | олар оған: «Шибболет деп айт!» — деп бұйыратын. Егер ана адам сол сөзді дұрыс айта алмай, «Сибболет» деп ерсілеу айтса, онда оны ұстап алып, өткелдің маңында өлтіріп тастайтын. Сонымен бұл соғыста Ефремнің қырық екі мың адамы өлді. | |
Judg | Kaz | 12:7 | Ғилақадтық Ефтах би Исраилге алты жыл бойы билік айтты. Ол қайтыс болғанда мәйіті Ғилақад аймағындағы бір қаланың маңайындағы қабірге қойылды. | |
Judg | Kaz | 12:9 | Оның отыз ұлы мен отыз қызы болды. Ол қыздарын өз әулетінен тыс жаққа ұзатып, ұлдарына әулетінен тыс жақтан әйел алып берді. Ибесан Исраилге жеті жыл бойы билік айтты. | |
Judg | Kaz | 12:14 | Оның жетпіс есекке мініп жүретін қырық ұлы мен отыз немересі болды. Абыдон Исраилге сегіз жыл билік айтты. | |