JUDGES
Chapter 3
Judg | Kaz | 3:1 | Исраилдіктердің Қанаханда бұрын жүргізген соғыстарының ешқайсысын көрмей өскен жаңа ұрпағын тексеріп, шайқасқа үйретіп, сынау үшін Жаратқан Ие бірнеше халықтарды осы елде қалдырды. Олар мыналар: | |
Judg | Kaz | 3:2 | Исраилдіктердің Қанаханда бұрын жүргізген соғыстарының ешқайсысын көрмей өскен жаңа ұрпағын тексеріп, шайқасқа үйретіп, сынау үшін Жаратқан Ие бірнеше халықтарды осы елде қалдырды. Олар мыналар: | |
Judg | Kaz | 3:3 | філістірлердің бес әміршісінің қарамағындағылар, барлық (қалған) қанахандықтар, сидондықтар, Бағал-Хермон тауынан Лебо-Хаматқа дейін созылған аралықтағы Ливан тауларында тұрып жатқан хевтіктер. | |
Judg | Kaz | 3:4 | Жаратқан Ие бұлардың ата-бабаларына Мұса арқылы берген өсиеттерін исраилдіктер орындай ма деп тексеріп сынау үшін осы халықтарды әдейі қалдырған болатын. | |
Judg | Kaz | 3:5 | Сол себепті Исраил халқы қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің араларында өмір сүріп жатты. | |
Judg | Kaz | 3:6 | Алайда исраилдіктер сол халықтармен қыз алысып, қыз берісіп, олардың тәңірсымақтарына құлшылық ететін болды. | |
Judg | Kaz | 3:7 | Исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, өз Құдайлары Жаратқан Иені естерінен шығарып, Бағал, Ашера есімді тәңірсымақтарға арналған мүсіндер мен бағаналарға табынып кетті. | |
Judg | Kaz | 3:8 | Сонда Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимның қолына бере салды. Содан олар осы патшаға сегіз жыл бойы басыбайлы қызмет етті. | |
Judg | Kaz | 3:9 | Бірақ халық Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: Халептің інісі Кеназдың ұлы Отниелді тағайындады. Отниел исраилдіктерді жау қолынан құтқарып алды. | |
Judg | Kaz | 3:10 | Жаратқан Иенің Рухы Отниелге қонып, ол Исраилге билік айтты. Отниел соғысқа аттанғанда Жаратқан Ие оның қолына Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимды тапсырып, Отниел оны жеңіп шықты. | |
Judg | Kaz | 3:11 | Осылайша елде қырық жыл бойы тыныштық орнады. Содан соң Кеназ ұлы Отниел көз жұмып дүние салды. | |
Judg | Kaz | 3:12 | Ал кейінірек исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Олардың сондай зұлымдық істегендері үшін Жаратқан Ие Моаб патшасы Еглонға Исраилге қарсы шығуға күш-қуат берді. | |
Judg | Kaz | 3:13 | Еглон аммондықтар мен амалектіктерді қасына жинап аттанып, Исраилге шабуыл жасады да, «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихонды басып алды. | |
Judg | Kaz | 3:15 | Бірақ исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: буняминдік Гера ұлы Ехудті тағайындады. Ехуд солақай болатын. Бірде исраилдіктер оны Моаб патшасы Еглонға алым-салықтарын табыстауға жіберді. | |
Judg | Kaz | 3:16 | Ехуд өзіне ұзындығы бір қысқалау шынтақ, екі жүзді семсер жасап алған еді. Оны оң жақ санына киімінің астынан асынып жүрді. | |
Judg | Kaz | 3:17 | Ехуд әкелген алым-салығын Моаб патшасы Еглонға тапсырды. Еглон өте семіз адам болатын. | |
Judg | Kaz | 3:18 | Алым-салықты табыстағаннан кейін Ехуд соны көтеріп алып келген адамдарын жөндеріне босатып жіберді. | |
Judg | Kaz | 3:19 | Өзі Ғылғалдың маңындағы тастан ойылған мүсіндерге жеткенде кері бұрылып, патшаға қайтып барды. Оған: «Тақсыр, менің сізге айтатын бір құпия хабарым бар!» — дегенді білдіртті.Патша: «Тыныштық болсын!» — деп бұйырғанда, қасындағы нөкерлерінің барлығы шығып кетіп қалды. | |
Judg | Kaz | 3:20 | Бұдан кейін Ехуд өзінің салқындау жоғарғы бөлмесінде оңаша отырған патшаға таяп барып: «Менде сізге жеткізетін Құдайдың хабары бар!» — деді. Сонда Еглон тағынан тұрды. | |
Judg | Kaz | 3:22 | Тіпті семсердің тұтқасы да патшаның ішіне кіріп кетті, ал ұшы оның арқасынан шыға келді. Ехуд семсерін қайта суырып алған да жоқ, себебі патшаның денесіндегі май семсердің кірген жерін жауып, бітеп тастады. | |
Judg | Kaz | 3:23 | Содан соң Ехуд жоғарғы бөлменің есігін ішінен бекітті де, өзі (терезеден) ауызғы бөлмеге шығып, сытылып кетті. | |
Judg | Kaz | 3:24 | Ехуд кетіп қалғаннан кейін патшаның қызметкерлері келіп, есіктің іштен бекітілгенін көріп: «Патша ішкі бөлмеде дәретте отырған шығар», — десіп, | |
Judg | Kaz | 3:25 | күтіп тұра берді. Міне, ғажап, патша есігін ашқан жоқ. Сондықтан олар абыржып, кілтті алып, есікті ашты. Кіріп барса, патша жерге құлап, өліп қалыпты. | |
Judg | Kaz | 3:26 | Олар кідірген кезде Ехуд сытылып қашып кеткен болатын. Ол манағы тас мүсіндердің қасынан өтіп, Сеираға барып, аман қалды. | |
Judg | Kaz | 3:27 | Сол жерге жете салысымен Ехуд Ефремнің таулы аймағында дабыл беріп керней тартты. Сонда исраилдік ер адамдар оған еріп қыраттардан төмен түсті, ал Ехуд оларды бастап жүрді. | |
Judg | Kaz | 3:28 | Ехуд оларға: «Соңымнан еріп аттаныңдар! Өз жауларың — моабтықтарды Жаратқан Ие сендердің қолдарыңа тапсырды», — деді. Олар Ехудтің соңынан ілесіп, Иордан өзеніндегі Моаб еліне алып баратын өткелдерді қолға түсіріп, ешкімді де өзеннен өткізбей қойды. | |
Judg | Kaz | 3:29 | Бұдан кейін олар шабуыл жасап, шамамен он мың моабтықтың көзін құртты. Барлығы денелі де мықты жауынгерлер болатын, бірақ бірде-біреуі қашып құтыла алмады. | |