JUDGES
Chapter 20
Judg | Kaz | 20:1 | Сонда Дан мен Бер-Шебаның арасында жатқан бүкіл елден және оған қоса Ғилақад аймағынан Исраил халқы Миспаға жиналып, барлығы бір адамдай Жаратқан Иенің алдында тұрды. | |
Judg | Kaz | 20:2 | Құдай халқының жиналысына бүкіл басшылар және Исраилдің барлық рулары — семсер асынған төрт жүз мың жаяу жасақшы қатысты. | |
Judg | Kaz | 20:3 | Сол кезде буняминдіктер де өзге исраилдіктердің Миспаға өрлеп барғаны туралы естіді, (бірақ өздері сол жерге бармай қойды). Жиналыста исраилдіктер:— Айтып беріңдерші, осы сұмдық қалай болды? — деп сұрады. | |
Judg | Kaz | 20:4 | Сонда өлтірілген әйелдің күйеуі — леуілік адам жауап беріп былай деді:— Буняминнің жеріндегі Гибея қаласына кәнизагым екеуіміз түнеуге тоқтаған едік. | |
Judg | Kaz | 20:5 | Бірақ Гибеяның азаматтары маған қарсы шығып, өлтірмек болып, біз жатқан үйді түнде қоршап алды. Олар кәнизагымды зорлап, ақыры өлтіріп тынды. | |
Judg | Kaz | 20:6 | Мен әйелдің мәйітін бөлшектеп, Исраилдің бүкіл мұралық жеріне таратып жібердім. Өйткені олар Исраилде масқара сұмдық істеді. | |
Judg | Kaz | 20:7 | Ал енді, уа, Исраил халқы, барлығыңыз бұл істі осы жерде қарап, ақыл-кеңестеріңізді айтыңыздар! | |
Judg | Kaz | 20:8 | Мұны естіп отырған халықтың бәрі бір адамдай орындарынан тұрып:— Ешқайсымыз да қосымызға оралмаймыз, жоқ, ешқайсымыз да үйімізге қайтпаймыз! | |
Judg | Kaz | 20:10 | Сол жерге баратындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуді барлық рулардың әрбір жүз адамынан онына, әрбір мың адамынан жүзіне, әрбір он мыңынан мыңына тапсырамыз! Содан жасақ Гибеяға жеткенде Исраилде жасаған сол сұмдығы үшін оны жазалайтын болады, — деп шешті. | |
Judg | Kaz | 20:12 | Исраилдің рулары Бунямин руына жіберген елшілері арқылы: «Араларыңнан орын алған бұл не қылған сұмдық? | |
Judg | Kaz | 20:13 | Енді Гибеядағы сол сұмырайларды өлтіру үшін бізге ұстап беріңдер! Солай Исраилді бұл сұмдықтан тазартайық», — деген хабарды жіберді.Бірақ Бунямин руының адамдары ағайынды исраилдіктердің айтқандарына құлақ асқан жоқ. | |
Judg | Kaz | 20:14 | Қайта, олар өздерінің барлық қалаларынан Гибеяға жиналып, исраилдіктермен соғысуға дайындалды. | |
Judg | Kaz | 20:15 | Сол күні буняминдіктер Гибея қаласының тұрғындарының таңдаулы жеті жүз жасақшысын қоспағанда, өздерінің басқа қалаларынан семсер асынып келгендерден жиырма алты мың адамды жинады. | |
Judg | Kaz | 20:16 | Олардың арасында жеті жүз таңдаулы адам солақай болатын. Бұлардың әрқайсысы сақпанмен атқан тасы тимей қоймайтын қас мергендер еді. | |
Judg | Kaz | 20:17 | Ал исраилдіктер болса, Бунямин руын есептемегенде төрт жүз мың семсер асынған адамды түгендеп санады. Олардың барлығы да тәжірибелі сарбаздар болатын. | |
Judg | Kaz | 20:18 | Исраилдіктер Бетелге өрлеп барып, сонда Құдайдан:— Буняминдіктерге қарсы шайқасуға қай ру бірінші болып өрлеп барсын? — деп сұрады. Жаратқан Ие оларға:— Яһуда руы бірінші болып өрлеп барсын! — деп бұйырды. | |
Judg | Kaz | 20:20 | Содан Исраил сарбаздары Буняминге қарсы шайқасуға шығып, Гибеяның түбінде шеп құрып тұрды. | |
Judg | Kaz | 20:21 | Ал буняминдік жасақшылар Гибеядан аттанып келіп, сол күні жиырма екі мың исраилдік адамды баудай түсірді. | |
Judg | Kaz | 20:22 | Кейін исраилдіктер күш-қайратын жинап, бірінші күні шайқас болған жерде тағы да шеп құрып тұрды. | |
Judg | Kaz | 20:23 | Себебі олар Жаратқан Иенің алдына барып, сонда кешке дейін қайғырып жылап, Жаратқан Иеден былай деп сұраған еді:— Ағайынымыз Бунямин руына қарсы қайтадан аттанып шайқасуға тиістіміз бе? — Жаратқан Ие:— Оларға қарсы аттаныңдар! — деп жауап берген болатын. | |
Judg | Kaz | 20:25 | Бунямин руының жасағы сол күні де Гибеядан оларға қарсы аттанып келіп, исраилдіктердің он сегіз мыңын жер жастандырды. Олардың бәрі де семсер асынған сарбаздар болатын. | |
Judg | Kaz | 20:26 | Сонда исраилдіктердің барлығы, бүкіл жасақ, Бетелге қайта оралды да, Жаратқан Иенің алдында қайғырып жылап, сол күні кешке дейін ораза ұстады. Содан соң Жаратқан Иенің алдында түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарын ұсынды. | |
Judg | Kaz | 20:27 | Сол кездері Құдайдың Келісім сандығы Бетелде орналасқан еді. Һаронның немересі Елазар ұлы Пінехес оның алдында діни қызмет атқаратын. Сонда исраилдіктер Жаратқан Иеден: | |
Judg | Kaz | 20:28 | — Шынымен ағайынымыз Буняминнің адамдарымен тағы да шайқасқа шығуға тиістіміз бе, жоқ па? — деп ақыл сұрады. Жаратқан Ие:— Аттаныңдар! Ертең мен оны сендердің қолдарыңа тапсырамын! — деп әмір берді. | |
Judg | Kaz | 20:30 | Олар үшінші күні де буняминдіктерге қарсы өрлеп барып, бұрынғыдай Гибея қаласының маңында шеп құрып бекінді. | |
Judg | Kaz | 20:31 | Буняминдіктер олармен шайқасу үшін шығып, қала маңынан алшақтап кетті. Олар шабуыл жасап, бұрынғы кездегідей исраилдіктерге шығын келтіре бастады: Бетел мен Гибеяға баратын жолдардың үстінде және егістік жерінде болған шайқастарда олар отыз шақты адамды өлтірді. | |
Judg | Kaz | 20:32 | Буняминдіктер: «Оларды бұрынғыдай күйретіп жатырмыз!» — деп ойлады. Бірақ исраилдіктер: «Кері шегініп, оларды жолдарға қарай бастап әкетіп, қаладан біршама алыстатып жіберейік!» — деп келіскен еді. | |
Judg | Kaz | 20:33 | Олардың бәрі өз орындарынан кері шегініп, Бағал-Тамар деген жердің маңында шеп құрды. Сол сәтте тосқауылда жатқан исраилдік сарбаздар Гибеяның батысындағы өз орындарынан лап етіп шыға келді. | |
Judg | Kaz | 20:34 | Осылай бүкіл Исраилден жиналған он мың таңдаулы жасақшы Гибея қаласына бас салды. Шайқас аса қызу болды, ал буняминдік жасақшылар бастарына төнген қасіретті еш аңғармады. | |
Judg | Kaz | 20:35 | Жаратқан Ие Буняминді Исраилдің алдында ойсырата талқандап, исраилдіктер сол күні олардың жиырма бес мың бір жүз адамын құртты. Солардың бәрі семсер асынған сарбаздар еді. | |
Judg | Kaz | 20:36 | Сонда буняминдіктер өздерінің жеңілгендеріне көз жеткізді.Ал шайқас басында исраилдіктер Гибеяның маңында тығылып жатқан тосқауыл топтарына сеніп, буняминдіктерден кері шегінген болатын. | |
Judg | Kaz | 20:37 | Тосқауыл топтары Гибеяға ентелеп кіріп, қаладағы адамдардың бәрін семсердің жүзімен қырып тастаған еді. | |
Judg | Kaz | 20:38 | Исраилдіктердің негізгі жасағы мен тосқауылда тығылып жатқандардың арасындағы келісім мынадай болатын: тосқауылдағылар қаланың үстінен түтінді будақтатқанда, соны көрген жасақшылар | |
Judg | Kaz | 20:39 | кері бұрылып, буняминдіктерге қарсы шайқасуға тиіс болды.Бұған дейін буняминдіктер исраилдіктердің отыздайын өлтіргендіктен, «бұларды бұрынғыдай жеңіп жатырмыз» деп ойлаған еді. | |
Judg | Kaz | 20:40 | Алайда қаланың үстінен түтін бағанадай будақтап көтеріле бастағанда, буняминдіктер арттарына қарап, бүкіл Гибея қаласының түгелдей өртеніп, жалыны аспанға көтеріліп жатқанын көрді. | |
Judg | Kaz | 20:41 | Сонда Исраилдің жасақшылары бұларға қарай бұрылды. Бастарына қасірет түскенін ұққан буняминдіктер сасқалақтап, | |
Judg | Kaz | 20:42 | елсіз далаға қарай қаша бастады. Бірақ олар енді шайқастан қашып құтыла алмады, өйткені басқа қалалардан шыға келген исраилдіктер оларды ортадан тықсырып қыра бастады. | |
Judg | Kaz | 20:43 | Исраилдіктер буняминдік сарбаздарды қоршап алып, еш тоқтаусыз соңдарынан өкшелеп, Гибеяның шығыс маңында қуып жетті. | |
Judg | Kaz | 20:44 | Сонда буняминдіктердің он сегіз мың адамы жер жастанды. Олардың бәрі мықты сарбаздар болатын. | |
Judg | Kaz | 20:45 | Қалғандары бұрылып, елсіз далаға, Риммон жартасына қарай қаша жөнелді. Алайда исраилдіктер олардың бес мыңына үлкен жол бойларында тап беріп, қырып-жойып, басқаларын Гидомға дейін қуып барып, сонда тағы екі мың буняминдіктің көзін құртты. | |
Judg | Kaz | 20:46 | Осылайша сол күні жиырма бес мың семсер асынған буняминдік адам өлім құшты. Олардың барлығы да мықты сарбаздар болатын. | |
Judg | Kaz | 20:47 | Ал алты жүз адам бұрылып, елсіз даладағы Риммон жартасына дейін қашып үлгеріп, сонда төрт ай бойы бас сауғалады. | |