JUDGES
Chapter 19
Judg | Kaz | 19:1 | Исраилде әлі де патша болмаған сол заманда Ефремнің таулы аймағының алыс түкпірінде бір леуілік келімсек адам тұратын. Ол Яһуда аймағындағы Бетлехемнен кәнизак алған еді. | |
Judg | Kaz | 19:2 | Бірақ осы келіншегі леуілікке өкпелеп, Бетлехемдегі әкесінің үйіне кетіп қалды. Әйел сонда шамамен төрт ай болғаннан кейін, | |
Judg | Kaz | 19:3 | күйеуі жолға жиналды да, әйеліне жылы сөйлеп, оны қайтып келуге көндіру үшін оның артынан барды. Өзімен бірге қызметшісі мен екі есегін ертіп ала жүрді. Леуілік қайын атасының үйіне жете бергенде, келіншек оның алдынан шығып, үйге кіргізді. | |
Judg | Kaz | 19:4 | Қайын атасы күйеу баласын көргенде жылы шырай танытып қарсы алды. Ол леуілік күйеу баласынан біраз уақыт сонда қалуын өтінді. Леуілік оның үйінде үш күн бойы ішіп-жеп, қонақ болды. | |
Judg | Kaz | 19:5 | Төртінші күні олар ерте тұрып, леуілік жолға шығуға дайындалды. Бірақ келіншегінің әкесі: «Тамақ жеп жүрек жалға, содан кейін-ақ жолға шығарсыңдар», — деп, | |
Judg | Kaz | 19:6 | екеуі тағы да ішіп-жеумен болды. Содан соң келіншектің әкесі: «Өтінемін, осы түнде де қонып, көңіл көтерсеңші!» — деді. | |
Judg | Kaz | 19:7 | Алайда леуілік жолға шығу үшін орнынан тұрды. Бірақ қайын атасы қиыла өтініп, қоймаған соң ол тағы да бір түнге қалды. | |
Judg | Kaz | 19:8 | Бесінші күні де леуілік жолға шығуға ертемен орнынан тұрғанда, келіншектің әкесі: «Жүрек жалғап, түс қайтқанша қала тұрыңдар!» — деп сұрады. Осылай екеуі қайтадан ішіп-жеп отыра берді. | |
Judg | Kaz | 19:9 | Содан соң әлгі адам, оның кәнизагы және қызметшісі жолға жиналғанда, қайын атасы оған: «Қарашы, күн батуға жақын, кеш түсіп-ақ қалды. Түнесеңдерші. Міне, кеш түсіп бара жатыр. Осында түнеп, көңіл көтер. Сендер ертең таң сәріде жолға шығарсыңдар», — деді. | |
Judg | Kaz | 19:10 | Алайда сол адамның тағы бір түнге қалғысы келмеді. Ол жолға шығып, Ебуске, яғни Иерусалимге қарай бет алды. Оның қасында ерттелген екі есегі және келіншегі бар еді. | |
Judg | Kaz | 19:11 | Олар Ебуске келгенде, кеш түсе бастады. Қызметшісі қожайынына:— Жүріңіз, ебустіктердің қаласына кіріп, сонда түнеп шығайық! — деп ұсынды. | |
Judg | Kaz | 19:12 | Бірақ қожайыны оған:— Жоқ, біз исраилдік емес, бөгде жұрттың қаласына кірмейміз. Одан да жолымызды жалғастырып, Гибеяға барайық! — деп жауап берді. | |
Judg | Kaz | 19:13 | — Исраилдік қалалардың бірі — Гибеяға немесе Рамаққа барып, сонда түнейік! — деп қосты ол. | |
Judg | Kaz | 19:14 | Осылайша олар сапарларын жалғастырып, Бунямин руына тиісті Гибея қаласына жеткенде, күн батып та кетті. | |
Judg | Kaz | 19:15 | Сонда олар жолдан бұрылып, түнеп шықпақ болып Гибеяға кірді. Қаланың алаңына келіп, сонда жайғасқан еді, бірақ оларды үйіне қонуға шақырған ешкім болмады. | |
Judg | Kaz | 19:16 | Сол кезде бір қарт адам егістігіндегі жұмысынан үйіне кештетіп қайтып келе жатты. Ол Ефремнің таулы аймағынан көшіп келіп, Гибея қаласында тұратын жат жұрттық келімсек болатын. Ал сол жердің тұрғындары буняминдіктер еді. | |
Judg | Kaz | 19:17 | Қария өтіп бара жатып, қала алаңындағы сол жолаушыны байқап қалды. Одан:— Қайда бара жатырсыз, қайдан келдіңіз? — деп жөн сұрады. | |
Judg | Kaz | 19:18 | Леуілік оған жауап беріп:— Біз Яһудадағы Бетлехемнен Ефремнің таулы аймағының алыс түкпіріне бара жатырмыз, өзім сол жақтанмын. Яһудадағы Бетлехемге барып, енді Жаратқан Иенің үйіне бара жатырмын. Үйіне шақырған ешкім болмай тұр. | |
Judg | Kaz | 19:19 | Есектерімізге шөп пен жем, өзіме, кәнизагым мен қызметшіме қажетті нан мен сусынымыз бар. Қожайын, бізге жататын орыннан басқа ештеңе керек емес, — деді. | |
Judg | Kaz | 19:20 | Қария оған:— Ал, қош келдіңіз! Мұқтаждарыңыздың бәрімен қамтамасыз етемін. Тек осы алаңда түней көрмеңіз! — деп үйіне шақырды. | |
Judg | Kaz | 19:21 | Содан ол бұларды үйіне ертіп келді де, есектеріне жем салды. Ал ана үшеуі аяқтарын жуып, ішіп-жеп тамақтануға отырды. | |
Judg | Kaz | 19:22 | Олар көңілдері жайланып тым жақсы отырған кезде, қаланың азғын-сұмырайлары жиналып, сол үйді қоршап, есігін тоқпақтай берді. Үй иесі қариядан олар:— Үйіңе түскен кісіні бері алып шық, онымен жақындасып көрейік! — деп талап етті. | |
Judg | Kaz | 19:23 | Үй иесі сол бұзақылардың алдына шығып:— Оу, ағайындар, мұндай жамандыққа бармаңдар! Сол адам — менің қонағым, оған масқаралық жасай көрмеңдер! | |
Judg | Kaz | 19:24 | Міне, менің әлі күйеуге шықпаған қызым, ал мұның кәнизагы бар. Оларды алдарыңа алып шығайын. Соларды жәбірлеп білгендеріңді істей беріңдер. Ал бұл адамға мұндай масқаралық жасай көрмеңдер! — деп басу айтқан болды. | |
Judg | Kaz | 19:25 | Алайда жиналған еркектер оны тыңдағылары келмеді. Сонда жолаушы кәнизагын алып, есіктен шығарып жіберді. Бұзақылар әйелді түні бойы зорлап, масқаралаумен болды. Таң сәріде ғана оны қоя берді. | |
Judg | Kaz | 19:26 | Әйел күн шыға бастағанда қожайыны тоқтаған үйдің есігінің алдына келіп, құлап түсіп, жарық болғанша жата берді. | |
Judg | Kaz | 19:27 | Таңертең қожайыны тұрып, жолға шығу үшін есікті аша бергенде, есік алдында екі қолын табалдырыққа салып, етпетінен жатқан кәнизагын көрді. | |
Judg | Kaz | 19:28 | Оған: «Түрегел, жолға шығайық», — деді, бірақ ол еш жауап қатпай жата берді. Сонда адам оның мәйітін есегіне өңгеріп алып, тұратын жеріне қайтып кетті. | |
Judg | Kaz | 19:29 | Үйіне жеткен соң ол пышақ алып, әйелдің мәйітін он екі бөлікке мүшелеп бөлшектеді. Сол бөліктерді Исраил елінің барлық аймақтарына таратып жіберді. | |