JUDGES
Chapter 5
Judg | Kaz | 5:2 | Басшылар бастап шықты Исраилді,Халық өз еркімен бағышталып ерді,Мақтаңдар, содан Жаратқан Иемізді! | |
Judg | Kaz | 5:3 | Ей, патшалар, құлақ салыңыздаршы,Ей, билеушілер, тыңдаңыздаршы,Жаратқан Иеге жырымды арнаймын,Исраилдің Құдайына әнімді шырқаймын: | |
Judg | Kaz | 5:4 | Уа, Жаратқан, Сен Сейірден шыққанда,Едом аймағынан алға басқанда,Жер сілкініп, бұлттан жаңбыр құйды сонда, | |
Judg | Kaz | 5:5 | Таулар дірілдеді Иеміздің алдында,Синай тауы да Жаратқанның алдында:Исраилдің Құдайының көз алдында. | |
Judg | Kaz | 5:6 | Анат ұлы Шамғардың заманындаӘрі Жаилдың да уақытындаҮлкен жолдар қаңырап бос жататын,Жүргіншілер сүрлеумен алға басатын. | |
Judg | Kaz | 5:8 | Халық жаңа тәңірлер алды таңдап,Содан қақпаларға соғыс келді таяп.Исраилдің қырық мың ері арасынанБайқалды ма бірде-бір найза не қалқан? | |
Judg | Kaz | 5:9 | Жүрегімде Исраилдің әміршілеріҺәм халықтың бағышталып ерген ерлері,Бәрің мадақтаңдар Жаратқан Иемізді! | |
Judg | Kaz | 5:10 | Уа, ақ есекке мініп алған байлар,Қымбат кілем үстінде отыратындар,Әрі жаяу жүргендер, соны хабарлаңдар! | |
Judg | Kaz | 5:11 | Суатта ән-жыр айтқандарға құлақ асыңдар,Жаратқанның әділ істерін мадақтаңдар!Исраил өз диқандарының ерлігін мақтар.Жаратқанның халқы қала қақпасына барды: | |
Judg | Kaz | 5:12 | «Уа, Дебора, енді ояныңызшы,Оянып, жырлап, ерлерді шақырыңызшы!Уа, Абиноғам ұлы, тұрыңызшы,Уа, Барақ, жауларды тұтқындаңызшы!» | |
Judg | Kaz | 5:14 | Амалектің жері болған Ефремнен түсті,Буняминдіктер олардың соңынан ілесті,Махырдан аттанды әскербасылар,Забулоннан билік басындағылар. | |
Judg | Kaz | 5:15 | Исашар басшылары еріп Дебораға,Исашар Барақпен атой салды аңғарға.Ал пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. | |
Judg | Kaz | 5:16 | Неге жылжымай жаттың қораларда,Шопанның ысқырығын тыңдап отырдың ба?Пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. | |
Judg | Kaz | 5:17 | Ғилақад қалды Иорданның ар жағында,Дан неге жалтарды кемелер қасында?Ашир отырды теңіз жағалауында,Әрекет етпеді кемежайларында. | |
Judg | Kaz | 5:19 | Жау патшалары аттанды соғысуға,Қанахан патшалары Тағанахта,Мегидо бұлақтарының бойындаШайқасқанмен олар ешқандай олжаНе күмісті түсіре алмады қолдарына. | |
Judg | Kaz | 5:20 | Аспан әлемінен жұлдыздар сондаЖүрген жолдарынан соғысып, олар даШабуыл жасады сол Сисараға. | |
Judg | Kaz | 5:21 | Жауларды шайып ағызып Қишон жылғасыӘкетті: ежелден бар бұл Қишон жылғасы.Алға басып, қабылдайық күш-қуатты! | |
Judg | Kaz | 5:23 | «Мероз қаласы жазасын тартсын! — дедіЖаратқан Иеміздің періштесі, —Қала тұрғындарына қарғыс тиеді,Жаратқанға олар қолдау көрсетпеді,Мықты жауға қарсы көмектеспеді». | |
Judg | Kaz | 5:24 | Әйелдер ішінен Жаил жарылқансын,Бұл батыл әйелі кендік Хебердің!Ол шатырда тұратын әйелдердіңЕң молынан жарылқанғаны болсын! | |
Judg | Kaz | 5:26 | Жаил оң қолын созды қазыққа,Сол қолын жұмысшының балғасына.Бір ұрып жарды ол жауыздың басын,Тесіп жіберді Сисараның самайын. | |
Judg | Kaz | 5:27 | Жаилдың аяқтарына жау иілді,Аяқтарының арасына жығылды,Жығылған жерінде лезде қырылды. | |
Judg | Kaz | 5:28 | Сисараның шешесі сыртқа қарады,Терезе торынан былай деп зарлады:«Неге келмеді оның соғыс күймесі?Кешікті-ау дөңгелектерінің дүбірі!» | |
Judg | Kaz | 5:30 | «Олжа тауып, бөлісіп жатыр екен,Әр сарбазға тұтқын қыз бір-екіден,Алуан түсті шапандар Сисараға,Кестелі түрлі түсті маталар да,Һәм кестеленген шәлілер менің мойныма,Осылардың барлығы да бізге олжа!» | |