JUDGES
Chapter 15
Judg | Kaz | 15:1 | Біраздан кейін бидай орылып жатқан кезде Самсон сыйлыққа бір лақ алып, әйелін көруге барды да:— Мен әйелімнің бөлмесіне кіремін! — деді. Бірақ әйелдің әкесі оны бөлмеге кіргізбей, | |
Judg | Kaz | 15:2 | Самсонға:— Шынында мен сен оны әбден жек көресің деп ойлап, күйеу жолдасыңа ұзаттым. Ал сіңлісі одан әлдеқайда сұлу емес пе? Соны алсаңшы! — деп ұсынды. | |
Judg | Kaz | 15:3 | Бірақ Самсон:— Мен енді філістірлерге қандай жамандық жасасам да, кінәсіз боламын! — деп жауап қайырды. | |
Judg | Kaz | 15:4 | Самсон үш жүз түлкі ұстап алып, оларды қос-қостан құйрықтарынан матап, ортасынан бір алаудан байлап қойды. | |
Judg | Kaz | 15:5 | Сол алауларды тұтатып, түлкілерді філістірлердің пісіп тұрған егіндіктеріне қарай қоя берді. Осылай олар філістірлердің буылған масақтары мен пісіп тұрған егіндерін, тіпті жүзімдіктері мен зәйтүн бақтарын да өртеп жіберді. | |
Judg | Kaz | 15:6 | Філістірлер: «Мұны кім істеді екен?» — деп сұрастырып, «Мұны істеген — Самсон, тимналық бір адамның күйеу баласы. Сол адам Самсонның әйелін қайтарып алып, оның бір жолдасына қосыпты» — дегенді біліп алды. Сонда філістір жасақшылары өрлеп келіп, сол әйелдің өзін де, әкесін де өртеп жіберді. | |
Judg | Kaz | 15:7 | Ал Самсон оларға: «Сендер солай істегендіктен, мен де енді барлығыңа тиісті жазаларыңды тартқызып болмайынша осылай істеуімді тоқтатпаймын!» — деді. | |
Judg | Kaz | 15:8 | Содан ол соларға қатты соққы беріп, көбін қырып тастады.Мұнан кейін Самсон Етам атты жартасқа ылдилап барып, ондағы бір үңгірді паналап тұрды. | |
Judg | Kaz | 15:9 | Ал філістірлер өрлеп барып, Яһуда жерінде қостарын тікті. Олар Лехидің маңына жайылып, елді тонаумен болды. | |
Judg | Kaz | 15:10 | Яһуда руының адамдары:— Бізге қарсы неге аттанып келдіңіздер? — деп сұрағанда, олар:— Самсонды ұстап алып, бізге істегенінің есесін өзіне қайтаруға келдік! — деді. | |
Judg | Kaz | 15:11 | Сонда Яһуда руынан үш мың адам Етам жартасына ылдилап барып, Самсонға:— Філістірлердің бізге үстемдік жүргізетінін білмейсің бе? Бұлай істегенің не? — деген сұрақ қойды. Ол:— Олар маған не істесе, мен де оларға сонысын қайтардым! — деді. | |
Judg | Kaz | 15:12 | Яһуданың адамдары:— Сені байлап, філістірлердің қолына тапсыруға келіп отырмыз, — дегенде, Самсон:— Сендер маған бас салмаймыз деп ант етіңдер! — деп талап етті. | |
Judg | Kaz | 15:13 | Олар:— Біз сені тек мықтап байлап, олардың қолына ұстап береміз, сол ғана. Сені сөзсіз өлтірмейміз! — деп уәде беріп, оны екі жаңа арқанмен байлап, жартастан алып шықты. | |
Judg | Kaz | 15:14 | Самсон Лехиге келгенде, філістірлер оның алдынан қуана айқайлап шықты. Сонда Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, оның қолындағы арқандар от тиіп тұтанған зығыр жіп іспетті білектерінен жерге сырғып түсіп қалды. | |
Judg | Kaz | 15:15 | Самсон есектің құрғап кетпеген бір жақ сүйегін тауып алып, сол жақ сүйекпен бір мың адамды ұрып-соғып өлтірді. | |
Judg | Kaz | 15:16 | Содан соң Самсон мәтелдеп былай деді:«Мың жаудың көзін құрттым есек жағымен-ақ,Өліктерін үйіп салдым есек жағымен-ақ!» | |
Judg | Kaz | 15:17 | Мұны айтқаннан кейін Самсон қолындағы жақ сүйекті лақтырып тастады. Осы жерге Рамат-Лехи (яғни Жақ сүйек қыраты) деген ат қойды. | |
Judg | Kaz | 15:18 | Сол кезде Самсон қатты шөлдеді. Ол Жаратқан Иеге: «Уа, Ием, Сен мен арқылы осы зор құтқаруды сыйладың. Енді шөлден өлермен боп, мына құдайсыз жаулардың қолына түсуім керек пе?» — деп дауыстап сиынды. | |
Judg | Kaz | 15:19 | Сонда Құдай Лехидегі бір қуыс жерді қақ жарып, одан су аға жөнелді. Самсон судан ішіп, бойына күші қайтып, әл жинады. Сондықтан бұл қайнарды Ен-Хақоре (демек, Шақырғанның қайнары) деп атады. Лехиде осы су көзі әлі күнге дейін бар. | |