JAMES
Chapter 2
Jame | Kaz | 2:1 | Бауырластарым менің, сендер салтанатты ұлылыққа бөленген Иеміз Иса Мәсіхке сенгендіктен, адамдарды сыртына қарап алаламаңдар! | |
Jame | Kaz | 2:2 | Айталық, қауым жиналыстарыңа алтын жүзік тағып, жалтыраған сәнді киім киген кісі, сондай-ақ, жұпыны киінген кедей де келді дейік. | |
Jame | Kaz | 2:3 | Сонда сендер жүзік таққан байға: «Төрге шығып, жайғасыңыз» деп, ерекше назар аударасыңдар. Ал мүсәпірге: «Ана жерге тұр» немесе «Мұнда, аяқ жағыма отыр» дейсіңдер. | |
Jame | Kaz | 2:5 | Сүйікті бауырластарым, ден қойып тыңдаңдаршы! Құдай осы дүниелік тұрғыдан кедейлерді сенімдері арқылы рухани бай болуға, әрі өз Патшалығына кіріп, үлес алуға таңдаған жоқ па еді? Осы Патшалығын Ол Өзін сүйетіндерге аманаттауға уәде етті ғой. | |
Jame | Kaz | 2:6 | Ал сендер кедейлерді кемсітіп келесіңдер! Өздеріңді жәбірлеп, сотқа тартатындар сол байлар емес пе?! | |
Jame | Kaz | 2:8 | Киелі жазбада берілген «асыл заң» мынау: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы кісіні де солай сүй!» Осыны іс жүзінде орындасаңдар, дұрыс істегендерің. | |
Jame | Kaz | 2:9 | Егер адамдарды сыртына қарап алаласаңдар, күнә жасап Құдайдың заңын бұзушы болып әшкереленесіңдер. | |
Jame | Kaz | 2:10 | Тіпті бүкіл Таурат заңын орындай тұра, бір жерінде сүрінген адам оны түгел бұзғандай айыпты. | |
Jame | Kaz | 2:11 | Тауратта «Неке адалдығын бұзба!» деп бұйырған Тәңір Иеміз «Кісі өлтірме!» деп те айтты. Егер де неке адалдығын бұзбай, кісі өлтірсең, бәрібір Құдайдың заңын бұзушы болып табыласың. | |
Jame | Kaz | 2:12 | Мәсіх сендерге рухани азаттық әкелген өз тәлімі бойынша төрелік ететін болады. Сөздерің мен іс-әрекеттерің соған сай болсын! | |
Jame | Kaz | 2:14 | Бауырластарым менің, біреу сенемін дей тұра, игі істер жасамаса, онысынан не пайда?! Сондай сенімі оны Тәңір Иенің қаһарынан құтқара ала ма? | |
Jame | Kaz | 2:15 | Айталық, сендердің сенуші бауырластарың, не еркек, не әйел заты болсын, киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік. | |
Jame | Kaz | 2:16 | Араларыңдағы біреуің оларға: «Аман-сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп тілек білдіріп, солардың тәндік қажеттерін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?! | |
Jame | Kaz | 2:18 | Мүмкін кейбіреу: «Сенің сенімің бар, ал мен игі істер жасаймын» дер. Игі істер тудырмайтын сеніміңнің шынайылығына көзімді жеткізші, ал мен жасаған игі істерім арқылы сенімімді дәлелдеймін. | |
Jame | Kaz | 2:19 | Сен «жалғыз Құдай бар» деп сенесің. Мұның дұрыс, алайда жындар да соған сеніп, Оның қаһарынан қорқып дірілдейді. | |
Jame | Kaz | 2:21 | Түп атамыз Ыбырайым баласы Ысқақты құрбандыққа ұсынғанда сол ісі арқылы Құдай алдында ақталды емес пе? | |
Jame | Kaz | 2:22 | Байқайсың ба: Ыбырайым Құдайға сенді, сондай-ақ Оның айтқаны бойынша әрекет етті де. Осылайша сол істегендері арқылы Ыбырайымның сенімі кемеліне жетті. | |
Jame | Kaz | 2:23 | Сонда Киелі жазбадағы мына сөздер жүзеге асты: «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан Оның алдында ақталды». Содан Ыбырайым тіпті «Құдайдың досы» деген атаққа да ие болды. | |
Jame | Kaz | 2:24 | Өздерің көріп отырғандай, Тәңір Иенің алдында адамды тек оның сенімі ғана емес, істегендері де ақтайды. | |
Jame | Kaz | 2:25 | Сол секілді, бұрын жеңіл жүрісті әйел болған Рахаб та (Құдайға сеніп) барлаушыларды үйіне түсіріп, басқа жолмен қашып құтылуларына жағдай жасады. Рахаб осы ісі арқылы ақталды емес пе? | |