JOEL
Chapter 2
Joel | Kaz | 2:1 | Сионда керней тартыңдар, киелі тауымда дабыл қағыңдар! Бүкіл елдің халқы қорқып қалтырасын, өйткені Жаратқан Иенің күні келеді, міне, ол таяп та қалды! | |
Joel | Kaz | 2:2 | Сол күн — қараңғылық пен қара түнектің, бұлттар мен қою тұманның күні! Таң ата жарықтың тау бастарына біртіндеп жайылатынындай, бір үлкен де қуатты әскер елді қаптап келе жатыр. Ол сияқты ежелде ештеңе болмаған, келер замандарда да болмайды. | |
Joel | Kaz | 2:3 | Әскердің алдында — бәрін жалмайтын от, артында — лаулаған жалын! Алдындағы жер Едемдегі пейіш бағы сияқты болып тұрады, ал әскер өткеннен кейін қаңыраған қу дала болып шыға келеді. Олардан ештеңе де құтыла алмайды. | |
Joel | Kaz | 2:5 | Олардың даусы тау бастарында гүрілдеген соғыс күймелеріндей, сабанды сатырлатып жалмайтын оттай, әрі шайқасқа дайындалып сап құрған қуатты әскердей естіледі. | |
Joel | Kaz | 2:7 | Сол әскер батырдай алға басады, жауынгердей қабырғаға өрмелейді! Барлығы бірдей алға басып, алған бағыттарынан таймайды. | |
Joel | Kaz | 2:8 | Бір-бірімен қақтығыспай, әрқайсысы өз жолымен жүреді. Жау қаруының арасын жарып өткенде де, оларды ештеңе тоқтата алмайды. | |
Joel | Kaz | 2:9 | Олар қалаға бас салып, оның қабырғасының үстінде жүгіреді, үйлеріне өрмелеп, ұры сияқты терезе арқылы кіреді. | |
Joel | Kaz | 2:10 | Олардың алдында жер сілкініп, аспан шайқалады, күн мен ай қараңғыланып, жұлдыздар да сөніп қалады. | |
Joel | Kaz | 2:11 | Жаратқан Ие сол әскерінің алдында дауысын шығарады. Оның жинаған қолы қандай орасан зор! Оның әмірін орындайтындар өте көп. Шын мәнінде Жаратқан Иенің соты күні ұлы да қатты қорқынышты! Оған кім шыдай алады? | |
Joel | Kaz | 2:12 | Тіпті қазірдің өзінде Жаратқан Ие мынаны нық айтады: «Шын жүректен Маған қайтыңдар, ораза ұстап, жылап қайғырыңдар!» | |
Joel | Kaz | 2:13 | Қайғыларыңды білдіру үшін тек киімдеріңнің өңірін жыртып қана қоймаңдар, істегендеріңе шын жүректен өкініңдер! Құдайларың Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Өйткені Ол рақымды да қайырымды, тез қаһарланбайды, берік мейірімі мол, әрі жазалаймын деген райынан қайтуға дайын. | |
Joel | Kaz | 2:14 | Кім біледі, мүмкін, Ол ашуы басылып, сендерді мүсіркейтін шығар? Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендердің Өзіне арнап астық әрі сұйық тартулар ұсынуларыңа жететіндей мол жарылқауын жаудырар. | |
Joel | Kaz | 2:15 | Сионда керней тартыңдар! Ораза ұстайтын уақытты белгілеп, салтанатты жиналыс жариялаңдар! | |
Joel | Kaz | 2:16 | Халықты жинаңдар, әрқайсысы тазару рәсімінен өтіп келсін! Бұған ақсақалдар мен балаларды да, тіпті емшектегі нәрестелерді де жинап әкеліңдер! Күйеу мен келін де отауларынан шығып, жиналысқа келсін! | |
Joel | Kaz | 2:17 | Жаратқан Иеге ғибадат етуші діни қызметкерлер киелі үйдің кіреберісі мен құрбандық үстелінің арасындағы жерде қайғырып жылап, былай деп жалынсын:— Уа, Жаратқан Ие, өз халқыңды аяй гөр, меншікті халқыңның масқаралануына жол бере көрме! Басқа халықтардың «Олардың сиынған Құдайы қайда екен?» деген мазағына қалдырмашы! | |
Joel | Kaz | 2:19 | Иә, Иеміз оларға жауап қатып былай дейді:— Мен сендерге астық, жүзім шырынын және зәйтүн майын жіберемін, сендер соларға тойынасыңдар. Бұдан былай Мен сендерді басқа халықтарға мазақтатып қоймаймын! | |
Joel | Kaz | 2:20 | Солтүстіктен баса-көктеп келген әскерді сендерден аластатамын. Оны басы шығыстағы Өлі теңізден басталып, аяғы батыстағы Жерорта теңізімен аяқталатын қылып, қуаңшылық басқан, қаңыраған бос елге жіберемін. Сол жерде шіріп сасып, олардан жағымсыз сасық иіс тарайтын болады. Себебі олардың істегендері ғаламат жауыздық болатын! | |
Joel | Kaz | 2:22 | Ей, жабайы аңдар, қорықпаңдар! Иен даланың жайылымдары жасыл, ағаштар жемісін уақытында береді, інжір ағашы мен жүзім бұтасы да молынан өнім береді. | |
Joel | Kaz | 2:23 | Сендер де, уа, Сион халқы, Құдайларың Жаратқан Иеге қуанып, шат-шадыман болыңдар! Өйткені Ол сендерді ақтағанының белгісі ретінде күзгі жаңбырды жаудырды. Бұдан былай Ол бұрынғысынша күзгі және көктемгі жаңбырларды уақытында жіберетін болады. | |
Joel | Kaz | 2:24 | Қырмандар астыққа толып, сыққыштарыңнан алынатын жүзім шырыны мен зәйтүн майы мол болады. | |
Joel | Kaz | 2:25 | Сол жылдары шегіртке, құрт, қоңыз және шегіртке құрттарының, яғни Өзім араларыңа жіберген ғаламат «әскерімнің», жегендерінің орнын сендер үшін толтырамын. | |
Joel | Kaz | 2:26 | Осылай жейтін тамақтарың мол болып тойынасыңдар. Маған, Құдайларың Жаратқан Иеге, шүкірлік айтасыңдар, себебі өздерің үшін істейтіндерім сондай ғажап болмақ! Осылай Менің халқым бұдан былай масқараға қалмайды. | |
Joel | Kaz | 2:27 | Сонда сендер Менің Исраилдің арасында тұратынымды және өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді, әрі Менен басқа ешқандай Құдайдың жоқ екенін білетін боласыңдар. | |
Joel | Kaz | 2:28 | Осылардан кейін Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, қарттарың түс, жас жігіттерің аян көреді. | |
Joel | Kaz | 2:30 | Мен аспан мен жерде керемет істер істеймін: қан, от және бұрқыраған түтін пайда болады. | |
Joel | Kaz | 2:31 | Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. | |