Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ACTS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 18
Acts Kaz 18:1  Бұдан кейін Пауыл Афиныдан шығып, Қорынт қаласына бет алды.
Acts Kaz 18:2  Сол жерде ол Ақила есімді понттық яһудиге тап болды. Ол әйелі Прискиламен жақында Италиядан келген екен. Себебі Клауди патша барлық яһудилердің Рим қаласынан кетуін бұйырған еді. Пауыл ерлі-зайыпты екеуімен кездесуге барды.
Acts Kaz 18:3  Олар әріптес болғандықтан, бірге тұрып, бірге жұмыс істеді. Ортақ кәсіптері шатыр жасау еді.
Acts Kaz 18:4  Әр сенбі сайын Пауыл мәжілісханадағы жамағатпен сөйлесіп, яһудилер мен гректерді Ізгі хабарға сендіруге ұмтылды.
Acts Kaz 18:5  Македониядан Сыйлас пен Тімоте келген соң, Пауыл өзін түгелдей уағыз жұмысына арнап, яһудилерге Исаның Құтқарушы Мәсіх екеніне куәлік келтірумен болды.
Acts Kaz 18:6  Ал яһудилер оған қарсы шығып, тіл тигізгеннен кейін, Пауыл үстіндегі киімдерінің шаң-тозаңын қағып тастап, оларға былай деді: «Қандарың өз мойындарыңда! Менің ар-ұжданым таза! Қазірден бастап басқа ұлттарға барамын».
Acts Kaz 18:7  Пауыл осыны айтты да, мәжілісханадан шығып, соған көршілес тұрған Тит Иусттың үйіне барды. Тит Иуст Құдайды қастерлейтін басқа ұлттық адам еді.
Acts Kaz 18:8  Мәжілісхана басшысы Крисіп және оның бүкіл үй іші Иемізге сенді. Пауылдың уағызын тыңдаған көптеген басқа қорынттықтар да сенімді қабылдап, шомылдыру рәсімінен өтті.
Acts Kaz 18:9  Бір түні Иеміз Пауылға аян беріп: «Қорықпа! Үнсіз қалмай айта бер!
Acts Kaz 18:10  Мен саған жар боламын. Ешкім де саған бас салып зиян келтіре алмайды, өйткені бұл қалада Менің халқым көп», — деді.
Acts Kaz 18:11  Сондықтан Пауыл бір жарым жыл сол жерде қалып, Құдайдың Ізгі хабарын уағыздап жүрді.
Acts Kaz 18:12  Ал Галлио Ахая өлкесінің әміршісі болғанда, діндар яһудилер бәрі бір адамдай Пауылға қарсы шықты. Оны сот алдына алып барды да:
Acts Kaz 18:13  — Мына кісі адамдарды заңға қайшы жолмен Құдайға құлшылық етуге үгіттеп жүр, — деп айыптады.
Acts Kaz 18:14  Пауыл енді сөйлейін дегенде, Галлио яһудилерге қарап былай деді:— Ей, яһудилер, егер оны белгілі бір қылмыс жасап, зұлымдық істеді деп айыптасаңдар, шағымдарыңа құлақ асар едім.
Acts Kaz 18:15  Ал бұл жерде бір ілім, атақтар және өз заңдарың туралы айтыс болып жатқандықтан, оны өздерің қараңдар! Мұндай мәселеге мен төрелік еткім келмейді.
Acts Kaz 18:16  Осымен Галлио оларды соттан қуып жіберді.
Acts Kaz 18:17  Сонда (гректердің) бәрі мәжілісхана басшысы Состенді ұстап алып, сот алдында сабап тастады. Ал Галлио бұған көңіл де бөлген жоқ.
Acts Kaz 18:18  Пауыл тағы едәуір күн Қорынтта аялдағаннан кейін бауырластарымен қоштасып, (жақын маңдағы) Кеніхрея қаласына барды. Сонда ол Құдай алдында ант бергендіктен шашын алғызып тастады. Мұнан кейін Прискила мен Ақиланы ертіп кемемен Сирияға қарай жүріп кетті.
Acts Kaz 18:19  Олар Ефеске жеткенде, Пауыл Прискила мен Ақиланы сол қалаға қалдырып кетті. Өзі мәжілісханаға барып, яһудилермен сөйлесті.
Acts Kaz 18:20  Олар Пауылдың осында ұзағырақ болуын өтінді, бірақ ол бұған келіспей:
Acts Kaz 18:21  «(Алдағы мейрамды қалайда Иерусалимде өткізуім керек. Ал) Құдай қаласа, сендерге кейінірек қайтып келемін», — деді. Осылай Пауыл олармен қоштасып, кемемен Ефестен жүріп кетті.
Acts Kaz 18:22  Кесарияға жеткен соң, ол (Иерусалимге) өрлеп барды. Сонда қауымдағылармен сәлемдесті, содан (Сириядағы) Антақияға қарай бағыт алды.
Acts Kaz 18:23  Бұл қалада біраз болып, тағы да жолға шықты; Ғалатия мен Фрүгия аймақтарын аралап, Иеміздің жолын қуушы шәкірттерінің бәрін жігерлендіріп, сенімдерін нығайтты.
Acts Kaz 18:24  Сол екі арада Ефеске Аполлос есімді ескендіриялық яһуди келді. Ол Киелі жазбалардан молынан хабардар, сөзге шебер, парасатты кісі болатын.
Acts Kaz 18:25  Иеміздің жолы туралы негізгі тәлім алған Аполлос Жақияның шомылдыру рәсімін ғана білсе де, Иеміз Иса туралы қызу сөйлеп, ұқыпты үйрететін.
Acts Kaz 18:26  Аполлос мәжілісханада батыл сөйлей бастады. Оны тыңдаған Прискила мен Ақила үйіне шақырып, оған Құдайдың ізгі жолын толығырақ түсіндіріп берді.
Acts Kaz 18:27  Аполлос Ахаяға бармақшы болғанда, бауырластарымыз оны қолдап жігерлендірді. Олар сол аймақтағы Мәсіхтің шәкірттеріне арнап сәлемхат жазып, оны жылы қабылдауларын өтінді. Аполлос Ахаяға жеткен соң Тәңір Иенің рақымымен Ізгі хабарға сенгендерге зор көмек көрсетті.
Acts Kaz 18:28  Себебі ол ашық айтыстарда Исаның Құтқарушы Мәсіх екенін Киелі жазбаларға сүйене отыра дәлелдеп, сенбейтін яһудилердің ой-пікірлерінің дұрыс еместігін әшкереледі.