ACTS
Chapter 5
Acts | Kaz | 5:2 | Бірақ Анани түскен ақшаның бір бөлігін жасырып алып қалып, тек қалғанын ғана елшілердің алдына апарып қойды. Бұл туралы әйелі де хабардар болды. | |
Acts | Kaz | 5:3 | Сонда Петір Ананиға былай деді: «Анани, неге жүрегіңе шайтанды ұялатып, Киелі Рухты алдап, жеріңнен түскен ақшаның бір бөлігін жасырып алып қалдың? | |
Acts | Kaz | 5:4 | Ол сенің меншігің болып қалмайтын ба еді? Сатқаннан кейін де түскен ақшаға еркін ие болатын едің ғой. Неліктен жүрегіңде осылай істеуге шешім қабылдадың? Сен тек адамды емес, Құдайды да алдамақ болдың». | |
Acts | Kaz | 5:5 | Анани осы сөздерді естісімен құлап түсіп, жан тапсырды. Мұны естігендердің бәрін қатты үрей биледі. | |
Acts | Kaz | 5:6 | Жас жігіттер орындарынан тұрып, Ананидың мәйітін кебінге орап, алып шығып, қабірге қойды. | |
Acts | Kaz | 5:8 | Петір одан:— Айтшы, сендер жерді осы бағаға саттыңдар ма? — деп сұрады. Әйел:— Иә, сол бағаға, — деп жауап берді. | |
Acts | Kaz | 5:9 | Сонда Петір:— Қалайша сендер Жаратқан Иенің Рухын алдауға бола ма деп сынауға келістіңдер? Міне, күйеуіңнің мәйітін қабірге қойғандар есіктен кіріп келе жатыр. Олар сені де алып шығады, — деді. | |
Acts | Kaz | 5:10 | Әйел лезде-ақ Петірдің алдына құлап түсіп, жан тапсырды. Ішке кірген жас жігіттер оның өліп қалғанын көріп, алып шығып, күйеуінің қасына қойды. | |
Acts | Kaz | 5:12 | Ал Иеміз елшілері арқылы ел ішінде көп кереметтер істеп, құдіретін көрсетті. Сенушілердің барлығы ниеттес көңілмен ғибадатхананың Сүлеймен атындағы бағаналы ғимаратында жиналып жүрді. | |
Acts | Kaz | 5:13 | Бөтендерден ешкімнің де оларды мазалауға батылы бармады, ал халық бұларды дәріптеп мақтады. | |
Acts | Kaz | 5:14 | Барған сайын көптеген кісілер: еркектер де, әйелдер де Иемізге сенім артып, Оның қауымына қосылып жатты. | |
Acts | Kaz | 5:15 | Жандарынан өткенде Петірдің, тым болмаса, көлеңкесі түссін деп жұрт ауру адамдарды көшеге шығарып, төсеніштер мен зембілдерге жатқызып қойды. | |
Acts | Kaz | 5:16 | Иерусалимнің маңайындағы қалалардан да халық ағылып, науқастары мен жын қинаған кісілерін алып келді. Солардың бәрі сауығып кетті. | |
Acts | Kaz | 5:17 | Сол кезде бас діни қызметкер мен оның жақтастарының бәрі, яғни саддукейлер тобының мүшелері, елшілерді қызғаныштан көре алмай, іштері күйді. | |
Acts | Kaz | 5:20 | «Ғибадатханаға барып, халыққа осы Жаңа өмір жайлы Ізгі хабарды түгел жариялаңдар!» — деді. | |
Acts | Kaz | 5:21 | Елшілер оның айтқанына құлақ асып, таң ата ғибадатханаға барып, халыққа тәлім берді.Осы екі арада жақтастарын ертіп келген бас діни қызметкер Жоғарғы кеңесті, яғни Исраилдің басшыларының бүкіл мәжілісін, жинап алды. Содан олар елшілерді алып келуге түрмеге адамдарын жіберді. | |
Acts | Kaz | 5:23 | «Біз түрменің мұқият бекітілгенін, күзетшілердің қақпалардың алдында тұрғанын анықтадық. Бірақ ашқанда ішінен ешкімді таппадық», — деп баяндады. | |
Acts | Kaz | 5:24 | Ғибадатхана сақшыларының бастығы және басты діни қызметкерлер мұны естігенде оның немен аяқталарын білмей, аң-таң болды. | |
Acts | Kaz | 5:25 | Ал біреу келіп: «Сіздер түрмеге жапқан кісілер ғибадатханада халыққа тәлім беріп тұр!» — деп мәлімдеді. | |
Acts | Kaz | 5:26 | Сақшылардың бастығы қасындағы адамдарымен сол жерге барып, елшілерді алып келді. Бірақ зорлық болған жоқ, себебі олар тас лақтырып өлтірер деп халықтан қорықты. | |
Acts | Kaz | 5:28 | — Біз сендерге сол Адамның атынан тәлім беруге қатаң тыйым салған жоқпыз ба? Алайда сендер ілімдеріңді бүкіл Иерусалимге таратыпсыңдар. Осылайша сол Адамның қанын біздің мойнымызға артпақсыңдар, — деді ол. | |
Acts | Kaz | 5:29 | Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді:— Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек қой! | |
Acts | Kaz | 5:30 | Ата-бабаларымыздың сиынатын Құдайы сіздер ағашқа іліп өлтірген Исаны қайта тірілтіп алды. | |
Acts | Kaz | 5:31 | Құдай Оны көкке көтеріп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп жайғастырды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек. | |
Acts | Kaz | 5:32 | Біз де, Киелі Рух та бұл оқиғаларға куәміз. Құдай осы Киелі Рухын Өзіне бой ұсынғандарға сыйға береді. | |
Acts | Kaz | 5:34 | Алайда араларындағы Гамалиел есімді бір парызшыл адам орнынан тұрды. Ол бүкіл халық сыйлаған заң мұғалімі болатын. Гамалиел елшілерді біраз уақытқа ғимараттан шығаруға бұйырып, | |
Acts | Kaz | 5:35 | сөз сөйлей бастады:— Қадірлі исраилдіктер, елдестерім! Мына кісілерге не істегілерің келетінін жақсылап ойланыңыздаршы! | |
Acts | Kaz | 5:36 | Өздеріңіз білетіндей, біраз жыл бұрын Теуда ел алдына шығып, өзін ұлы көсеммін деп жариялап, оған төрт жүзге жуық адам қосылды. Бірақ ол өлтіріліп, оған ергендер шашырап, жоқ болып кетті. | |
Acts | Kaz | 5:37 | Одан кейін халық санағы кезінде ғалилеялық Яһуда ел алдына шығып, соңынан көп халық ертіп, көтеріліске шығарды. Оның да көзі құртылып, оған ергендер қуылып, тарап кетті. | |
Acts | Kaz | 5:38 | Ал енді сіздерге айтатыным мынау: бұл кісілерге тимеңіздер, босатып жіберіңіздер. Себебі егер бұл әрекет адам бастаған іс болса, ол өзінен-өзі құриды, | |
Acts | Kaz | 5:39 | бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар.Гамалиелдің сөзі қошталды. | |
Acts | Kaz | 5:40 | Содан олар елшілерді шақыртып, қамшылап соқтырды. Оларға бұдан былай Исаның атынан уағыз айтуға қатты тыйым салып, босатып жіберді. | |
Acts | Kaz | 5:41 | Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер Иеміз Исаның аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды. | |