ACTS
Chapter 3
Acts | Kaz | 3:1 | Осы күндердің бірінде Петір мен Жохан күндізгі сағат үште, яғни Құдайға сиынатын мезгілде, ғибадатханаға өрлеп бара жатты. | |
Acts | Kaz | 3:2 | Кісілер тумысынан сал болып туған бір ер адамды күн сайын ғибадатхананың «Көрікті қақпасының» қасына көтеріп алып келіп, отырғызып қоятын. Сол жерде ол ғибадатхана ауласына енгендерден қайыр сұрайтын. | |
Acts | Kaz | 3:6 | Бірақ Петір: «Менде күміс пен алтын жоқ. Дегенмен саған барымды беремін: назареттік Исаның атынан айтамын: орныңнан тұрып, жүріп кет!» — деді де, | |
Acts | Kaz | 3:8 | ол ұшып тұрып, жүріп кетті. Содан әлгі адам екі елшімен бірге ғибадатхана ауласына кіріп, әрі-бері жүріп, секіріп, Құдайды мадақтаумен болды. | |
Acts | Kaz | 3:10 | Олар бұның ғибадатхананың «Көрікті қақпасының» жанында отырып, қайыр сұрайтын сал кісі екенін танып, онымен болған оқиғаға таңғалып, қатты абыржыды. | |
Acts | Kaz | 3:11 | Әлгі кісі Петір мен Жоханнан екі елі ажырамай қойды. Аң-таң болған бүкіл жұрт солардың қасына, ғибадатхананың Сүлеймен атындағы бағаналы ғимаратына жиналды. | |
Acts | Kaz | 3:12 | Мұны көрген Петір халыққа арнап былай сөз сөйледі:— Уа, исраилдіктер, сендер бұған неменеге таңғалып тұрсыңдар? Мынаның жүріп кетуіне өз күшімізбен немесе құдайшылдығымызбен себепші болғандай бізге неге қарай қалдыңдар? | |
Acts | Kaz | 3:13 | Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайы, яғни біздің ата-бабаларымыздың сиынған Құдайы, Өзінің Қызметшісі Исаны ұлылыққа бөледі. Соны Пилат босатып жібермекші болған еді. Бірақ сендер опасыздық жасап, Пилаттың алдында Одан танып бас тарттыңдар. | |
Acts | Kaz | 3:15 | ал шынайы өмірдің Бастауын өлтірттіңдер! Бірақ та Құдай Оны өлімнен қайта тірілтіп алды, бұған біз куәміз! | |
Acts | Kaz | 3:16 | Ал енді, өздерің танып, көріп жүрген мына кісіге Исаның құдіреті күш-қуат беріп сауықтырды. Өйткені Оның есіміне сендік. Иә, Иса берген сенім сендердің көз алдарыңда оның денсаулығын түгелімен қалпына келтірді. | |
Acts | Kaz | 3:18 | Ал Құдай барлық пайғамбарлардың аузымен Өзі жіберетін Құтқарушы Мәсіх сондай азаптар шегеді деп алдын ала жариялатқан хабарларын осылайша жүзеге асырды. | |
Acts | Kaz | 3:20 | сендерге рухтарыңды жаңғыртатын мезгілді сыйлайды, әрі өздерің үшін алдын ала тағайындаған Құтқарушы Мәсіх — Исаны жібереді. | |
Acts | Kaz | 3:21 | Барлық нәрсе қалпына келетін уақытқа дейін Құдай Мәсіхті Өзіне қайтарып алды. Сол күндерді Құдай қасиетті пайғамбарларының аузымен баяғыда-ақ жариялап қойған болатын. | |
Acts | Kaz | 3:22 | Мұса ата-бабаларымызға былай деген еді ғой: «Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір Пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарының бәрін тыңдаңдар! | |
Acts | Kaz | 3:24 | Самуилден бастап одан кейінгі барлық пайғамбарлар да осы күндері болған оқиғаларды алдын ала айтып кеткен. | |
Acts | Kaz | 3:25 | Сендер пайғамбарлардың ұрпағысыңдар, Құдайдың ата-бабаларыңмен жасаған Келісімін мұра етесіңдер. Ол Ыбырайымға: «Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады» деген еді ғой. | |