Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ACTS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 11
Acts Kaz 11:1  Яһудея аймағындағы елшілер мен бауырластар Құдайдың Ізгі хабарын басқа ұлттың адамдары да қабылдағанын естіп білді.
Acts Kaz 11:2  Петір Иерусалимге қайтып келгенде, Мәсіхке сенуші яһудилер оны:
Acts Kaz 11:3  — Сіз сүндеттелмеген адамдарға барып, солармен бірге тамақ ішіпсіз, — деп жазғырды.
Acts Kaz 11:4  Сонда Петір оларға оқиғаның қалай болғанын рет-ретімен баяндап беріп былай деді:
Acts Kaz 11:5  — Мен Иоппе қаласында мінажат етіп отырғанда, ерекше күйге еніп аян көрдім: үлкен дастарқанға ұқсас бір нәрсе төрт бұрышынан ұсталған күйі көктен түсіріліп, қасыма төмендеп келе жатты.
Acts Kaz 11:6  Анықтап қарағанымда одан төрт аяқты жануарларды, жабайы аңдарды, бауырымен жорғалаушылар мен жабайы құстарды көрдім.
Acts Kaz 11:7  Сондай-ақ, «Петір, тұр, бұлардың біреуін сойып, же!» деген дауысты да естідім.
Acts Kaz 11:8  Ал мен: «Жоқ, Ием! Мен ешқашан да арам тамақ жеген емеспін», — деп жауап қаттым.
Acts Kaz 11:9  Ал көктен естілген жаңағы дауыс тағы да: «Құдай адал еткенді сен арам деп айтпа!» — деп бұйырды.
Acts Kaz 11:10  Осы үш рет қайталанып, бәрі қайтадан көкке тартылып кетті.
Acts Kaz 11:11  Дәл сол кезде мен тұрған үйдің алдына Кесариядан маған жіберілген үш кісі келді.
Acts Kaz 11:12  Киелі Рух маған ойланбастан солармен бірге кетуім керек екенін айтып бұйырды. Мына алты бауырласымыз да ілесіп барып, осылай сол адамның үйіне кірдік.
Acts Kaz 11:13  Ол бізге өзінің үйінде отырғанда періштенің аян беріп: «Біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петір дегенді шақырт!
Acts Kaz 11:14  Ол саған Ізгі хабар айтады, сол арқылы өзің де, бүкіл үй ішің де құтқарыласыңдар» дегенін әңгімелеп берді.
Acts Kaz 11:15  Мен оларға сөйлей бастағанда, тура о баста бізге қонғандай, олардың үстіне де Киелі Рух қонды.
Acts Kaz 11:16  Сонда Иеміздің мына сөзі есіме түсті: «Жақияның шомылдыру рәсімі сумен болатын, ал сендер Киелі Рухпен шомылдырыласыңдар».
Acts Kaz 11:17  Сондықтан, егер Құдай бізге берген сыйын Иеміз Иса Мәсіхке сенетін оларға да берсе, онда мен Құдайға қарсы келетін кіммін?
Acts Kaz 11:18  Яһуди сенушілері осыны естігенде тынышталып:— Сонымен Құдай басқа ұлттардың да теріс жолдан қайтып, шынайы өмірге ие болуына мүмкіндік берді! — деп қорытып, Құдайды мадақтай бастады.
Acts Kaz 11:19  Степан өлгеннен кейін қуғынға ұшырап, бытырап кеткен сенушілер сол екі арада Финикия өлкесіне, Кипр аралына және Сирияның астанасы Антақияға дейін барған еді. Олар Ізгі хабарды тек яһудилерге ғана уағыздап жүрді.
Acts Kaz 11:20  Бірақ кейбір кипрлік және күренелік сенушілер Антақияға келіп, Иеміз Иса туралы Ізгі хабарды грекше сөйлейтін басқа ұлттық адамдарға да айтып жүрді.
Acts Kaz 11:21  Иеміз құдіретті қолын созып мейірімді шапағатымен жарылқағандықтан, көп кісілер теріс жолдарынан қайтып, Иеміздің жолына түсті.
Acts Kaz 11:22  Бұл жайында Иерусалимдегі сенушілер қауымы да құлақтанып, Антақияға Барнабаны жіберді.
Acts Kaz 11:23  Ол келіп, сол кісілерге деген Құдайдың рақымын көрген соң қатты қуанып, бәріне: «Иемізге шын жүректен адал болыңдар!» — деп жігер берді.
Acts Kaz 11:24  Өйткені Барнаба Киелі Рух пен сенімге молынан кенелген жақсы кісі еді. Осылай Иеміздің қауымына көптеген адамдар қосылды.
Acts Kaz 11:25  Содан кейін Барнаба Саулды іздеу үшін Тарсқа барып,
Acts Kaz 11:26  оны тауып, Антақияға алып келді. Сол жердегі қауымда екеуі бір жылдай болып, көп кісілерге тәлім берді. Антақияда Исаның жолын қуушы шәкірттері алғаш рет «мәсіхшілер» деп аталды.
Acts Kaz 11:27  Осы кезде Иерусалимнен Антақияға бірнеше пайғамбар келді.
Acts Kaz 11:28  Солардың ішінен Агаб деген біреуі орнынан тұрып, Киелі Рухтың бүкіл жерді аштық жайлайды деген хабарын жеткізді. Осы аштық Клаудидің патшалық құрған кезінде болды.
Acts Kaz 11:29  Сондықтан Иеміздің жолын қуушылар әрқайсысы өзінің шамасы келгенше Яһудея аймағындағы бауырластарына жәрдем жіберуге шешім қабылдады.
Acts Kaz 11:30  Олар осылай істеп, жинағандарын Иерусалим қауымының жетекшілеріне Барнаба мен Саул арқылы жөнелтті.