Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ACTS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 4
Acts Kaz 4:1  Петір мен Жохан жиналған жұртқа әлі де сөйлеп тұрған кезде оларға діни қызметкерлер, ғибадатхана сақшыларының басшысы және өзге саддукейлер де келді.
Acts Kaz 4:2  Олар екеуінің халыққа тәлім беріп, «Иса өлімнен қайта тірілді» деп жариялап жүргендеріне наразы болды.
Acts Kaz 4:3  Содан олар Петір мен Жоханды тұтқындап, келесі күнгі таңертеңге дейін түрмеде ұстады. Себебі мезгіл кеш болып қалған еді.
Acts Kaz 4:4  Петірдің уағызын тыңдағандардың көбі сенімді қабылдап, қауымдағы ер адамдардың саны бес мың шамасында болды.
Acts Kaz 4:5  Келесі күні таңертең яһудилердің басшылары, рубасылары және дін мұғалімдері Иерусалимде жиналды.
Acts Kaz 4:6  Бас діни қызметкер Ханна әрі Қаяфа, Жохан, Ескендір және басты діни қызметкер әулетінің тағы басқа кісілері де түгел сол жерде болды.
Acts Kaz 4:7  Олар екі елшіні ортаға шығарып:— Сендер мұны қандай күшпен, кімнің атынан істедіңдер? — деген сұрақ қойды.
Acts Kaz 4:8  Киелі Рухқа ерекше кенелген Петір оларға былай жауап берді:— Халықты басқарушылар мен рубасылары!
Acts Kaz 4:9  Біз бүгін: «Ол кім арқылы сауықты?» деп, ауруға жасаған жақсылығымыз үшін тергелмек болып жатырмыз.
Acts Kaz 4:10  Ендеше бәріңіз де біліп алыңыздар, бүкіл Исраил халқына да мәлім болсын: сіздер айқышқа шегелетіп өлтірткен, ал Құдай өлімнен қайта тірілткен назареттік Иса Мәсіхтің атынан мына кісі сауығып, қарсы алдарыңызда тұр.
Acts Kaz 4:11  Иса — құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбей бас тартқан Тас. Ол «енді үйдің басты іргетасына айналды!»
Acts Kaz 4:12  Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған!
Acts Kaz 4:13  Кеңес мүшелері Петір мен Жоханның батылдығын көріп, олардың арнайы діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар екенін байқағанда таңғалды. Сондай-ақ, олар екеуінің Исаның шәкірті болғанын білді.
Acts Kaz 4:14  Алайда қастарында тұрған сауыққан кісіні көріп, қарсы ештеңе айта алмады.
Acts Kaz 4:15  Оларға: «Жоғарғы кеңестен шығыңдар!» — деп бұйырды да, өзара ақылдасып:
Acts Kaz 4:16  «Мына кісілерге не істесек екен? Олар арқылы бір кереметтің жасалғаны анық, бұл Иерусалимде тұрып жатқандардың бәріне белгілі, онымен таласа алмаймыз.
Acts Kaz 4:17  Дегенмен бұл іс халыққа одан бетер тарап кетпес үшін, бұдан былай сол Есімді атап ешкімге сөйлемеңдер, олай етпеген күнде жазаға тартамыз деп қатаң тыйым салайық», — десті.
Acts Kaz 4:18  Әлгілерді шақырып алып, оларға:— Исаның атымен ешқандай уағыз айтпаңдар да, тәлім бермеңдер де! — деп тыйым салды.
Acts Kaz 4:19  Бірақ Петір мен Жохан оларға:— Құдайды емес, сіздерді тыңдау Оның алдында жөн болар ма екен? Мұны өздеріңіз ойлап көріңіздерші!
Acts Kaz 4:20  Ал біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз, — деп жауап берді.
Acts Kaz 4:21  Жоғарғы кеңес болған оқиғаға бола Құдайды дәріптеп жүрген халықты ескеріп, екі елшіні жазалаудың ретін таппай, оларды қорқыта түсіп, жөндеріне жіберді.
Acts Kaz 4:22  Себебі көп жылғы ауруынан сауығып, кереметті басынан кешірген кісінің жасы қырықтан асып кеткен еді.
Acts Kaz 4:23  Өздерін босатқаннан кейін Петір мен Жохан қауымдастарына барып, басты діни қызметкерлер мен рубасыларының өздеріне айтқандарын түгел баяндап берді.
Acts Kaz 4:24  Сенушілер осыны естігенде ниеттес көңілмен Құдайға сиынып, дауыстап былай деді:— Уа, Әлемнің Әміршісі, көк пен жерді, теңізді және олардағы нәрселердің бәрін жаратқан Сенсің!
Acts Kaz 4:25  Өзіңнің қызметшің — арғы атамыз Дәуіттің аузымен Киелі Рух арқылы былай дедің:«Неге халықтар жатыр ашуланып,Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып?
Acts Kaz 4:26  Жаратқан мен Оның қойған ПатшасынаӘлемнің патшалары қарсы тұрып,Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп».
Acts Kaz 4:27  Рас, осы қалада Ирод пен Понти Пилат Өзіңе бағынбаған ұлттармен және Исраилдің руларымен бірігіп, Өзің Патша етіп тағайындаған қасиетті Қызметшің Исаға қарсы одақтасты.
Acts Kaz 4:28  Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана.
Acts Kaz 4:29  Ал енді, уа, Иеміз, олардың қоқан-лоқысын көріп, құлдарыңа Сенің сөзіңді зор батылдықпен уағыздайтын күш бере гөр!
Acts Kaz 4:30  Қолыңды созып ауруларды сауықтыра гөр, қасиетті Қызметшің Исаның атынан кереметтер мен ғажап істер жасап құдіретіңді көрсете гөр!
Acts Kaz 4:31  Олар сиынып болғаннан кейін өздері жиналып отырған жер қозғалып кетті. Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Құдай сөзін батылдықпен уағыздады.
Acts Kaz 4:32  Сенушілердің қауымы ой-ниеттері бірдей шын жүректен ынтымақтас болды. Ешкім қолындағы мал-мүлкін өз меншігім демей, олар барлығымен бөлісті.
Acts Kaz 4:33  Елшілер Иеміз Исаның қайта тірілгендігі туралы зор жігермен куәлік берді. Осылайша олардың бәріне Құдайдың мол рақымы жауды.
Acts Kaz 4:34  Араларында жоқшылық көрген ешкім болған жоқ. Себебі жері немесе үйлері барлар керек болғанда меншіктерін сатып, ақша түсіріп,
Acts Kaz 4:35  оны елшілердің алдына әкеліп қойып отырды. Осыдан әркімге керегінше берілді.
Acts Kaz 4:36  Мысалы, Леуі руынан шыққан кипрлік Жүсіп есімді адам болды. Елшілер оған Барнаба — аударғанда Жігерлендіруші деген қосымша ат берген еді.
Acts Kaz 4:37  Барнаба өзінің меншікті егістік жерін сатып, түскен ақшаны алып келіп, елшілердің алдына қойды.