ACTS
Chapter 4
Acts | Kaz | 4:1 | Петір мен Жохан жиналған жұртқа әлі де сөйлеп тұрған кезде оларға діни қызметкерлер, ғибадатхана сақшыларының басшысы және өзге саддукейлер де келді. | |
Acts | Kaz | 4:2 | Олар екеуінің халыққа тәлім беріп, «Иса өлімнен қайта тірілді» деп жариялап жүргендеріне наразы болды. | |
Acts | Kaz | 4:3 | Содан олар Петір мен Жоханды тұтқындап, келесі күнгі таңертеңге дейін түрмеде ұстады. Себебі мезгіл кеш болып қалған еді. | |
Acts | Kaz | 4:4 | Петірдің уағызын тыңдағандардың көбі сенімді қабылдап, қауымдағы ер адамдардың саны бес мың шамасында болды. | |
Acts | Kaz | 4:5 | Келесі күні таңертең яһудилердің басшылары, рубасылары және дін мұғалімдері Иерусалимде жиналды. | |
Acts | Kaz | 4:6 | Бас діни қызметкер Ханна әрі Қаяфа, Жохан, Ескендір және басты діни қызметкер әулетінің тағы басқа кісілері де түгел сол жерде болды. | |
Acts | Kaz | 4:7 | Олар екі елшіні ортаға шығарып:— Сендер мұны қандай күшпен, кімнің атынан істедіңдер? — деген сұрақ қойды. | |
Acts | Kaz | 4:8 | Киелі Рухқа ерекше кенелген Петір оларға былай жауап берді:— Халықты басқарушылар мен рубасылары! | |
Acts | Kaz | 4:9 | Біз бүгін: «Ол кім арқылы сауықты?» деп, ауруға жасаған жақсылығымыз үшін тергелмек болып жатырмыз. | |
Acts | Kaz | 4:10 | Ендеше бәріңіз де біліп алыңыздар, бүкіл Исраил халқына да мәлім болсын: сіздер айқышқа шегелетіп өлтірткен, ал Құдай өлімнен қайта тірілткен назареттік Иса Мәсіхтің атынан мына кісі сауығып, қарсы алдарыңызда тұр. | |
Acts | Kaz | 4:11 | Иса — құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбей бас тартқан Тас. Ол «енді үйдің басты іргетасына айналды!» | |
Acts | Kaz | 4:12 | Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған! | |
Acts | Kaz | 4:13 | Кеңес мүшелері Петір мен Жоханның батылдығын көріп, олардың арнайы діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар екенін байқағанда таңғалды. Сондай-ақ, олар екеуінің Исаның шәкірті болғанын білді. | |
Acts | Kaz | 4:16 | «Мына кісілерге не істесек екен? Олар арқылы бір кереметтің жасалғаны анық, бұл Иерусалимде тұрып жатқандардың бәріне белгілі, онымен таласа алмаймыз. | |
Acts | Kaz | 4:17 | Дегенмен бұл іс халыққа одан бетер тарап кетпес үшін, бұдан былай сол Есімді атап ешкімге сөйлемеңдер, олай етпеген күнде жазаға тартамыз деп қатаң тыйым салайық», — десті. | |
Acts | Kaz | 4:18 | Әлгілерді шақырып алып, оларға:— Исаның атымен ешқандай уағыз айтпаңдар да, тәлім бермеңдер де! — деп тыйым салды. | |
Acts | Kaz | 4:19 | Бірақ Петір мен Жохан оларға:— Құдайды емес, сіздерді тыңдау Оның алдында жөн болар ма екен? Мұны өздеріңіз ойлап көріңіздерші! | |
Acts | Kaz | 4:21 | Жоғарғы кеңес болған оқиғаға бола Құдайды дәріптеп жүрген халықты ескеріп, екі елшіні жазалаудың ретін таппай, оларды қорқыта түсіп, жөндеріне жіберді. | |
Acts | Kaz | 4:22 | Себебі көп жылғы ауруынан сауығып, кереметті басынан кешірген кісінің жасы қырықтан асып кеткен еді. | |
Acts | Kaz | 4:23 | Өздерін босатқаннан кейін Петір мен Жохан қауымдастарына барып, басты діни қызметкерлер мен рубасыларының өздеріне айтқандарын түгел баяндап берді. | |
Acts | Kaz | 4:24 | Сенушілер осыны естігенде ниеттес көңілмен Құдайға сиынып, дауыстап былай деді:— Уа, Әлемнің Әміршісі, көк пен жерді, теңізді және олардағы нәрселердің бәрін жаратқан Сенсің! | |
Acts | Kaz | 4:25 | Өзіңнің қызметшің — арғы атамыз Дәуіттің аузымен Киелі Рух арқылы былай дедің:«Неге халықтар жатыр ашуланып,Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып? | |
Acts | Kaz | 4:26 | Жаратқан мен Оның қойған ПатшасынаӘлемнің патшалары қарсы тұрып,Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп». | |
Acts | Kaz | 4:27 | Рас, осы қалада Ирод пен Понти Пилат Өзіңе бағынбаған ұлттармен және Исраилдің руларымен бірігіп, Өзің Патша етіп тағайындаған қасиетті Қызметшің Исаға қарсы одақтасты. | |
Acts | Kaz | 4:28 | Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана. | |
Acts | Kaz | 4:29 | Ал енді, уа, Иеміз, олардың қоқан-лоқысын көріп, құлдарыңа Сенің сөзіңді зор батылдықпен уағыздайтын күш бере гөр! | |
Acts | Kaz | 4:30 | Қолыңды созып ауруларды сауықтыра гөр, қасиетті Қызметшің Исаның атынан кереметтер мен ғажап істер жасап құдіретіңді көрсете гөр! | |
Acts | Kaz | 4:31 | Олар сиынып болғаннан кейін өздері жиналып отырған жер қозғалып кетті. Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Құдай сөзін батылдықпен уағыздады. | |
Acts | Kaz | 4:32 | Сенушілердің қауымы ой-ниеттері бірдей шын жүректен ынтымақтас болды. Ешкім қолындағы мал-мүлкін өз меншігім демей, олар барлығымен бөлісті. | |
Acts | Kaz | 4:33 | Елшілер Иеміз Исаның қайта тірілгендігі туралы зор жігермен куәлік берді. Осылайша олардың бәріне Құдайдың мол рақымы жауды. | |
Acts | Kaz | 4:34 | Араларында жоқшылық көрген ешкім болған жоқ. Себебі жері немесе үйлері барлар керек болғанда меншіктерін сатып, ақша түсіріп, | |
Acts | Kaz | 4:36 | Мысалы, Леуі руынан шыққан кипрлік Жүсіп есімді адам болды. Елшілер оған Барнаба — аударғанда Жігерлендіруші деген қосымша ат берген еді. | |