II KINGS
Chapter 19
II K | Kaz | 19:1 | Езекия патша осыларды естігенде қатты күйзеліп көйлегінің өңірін айыра жыртты. Үстіне азалы киім киіп, Жаратқан Иенің киелі үйіне кіріп, Оған сиынды. | |
II K | Kaz | 19:2 | Содан кейін патша сарай басқарушысы Елиәкімге, хатшысы Себнаға және аға діни қызметкерлерге азалы киім кигізіп, оларды Амос ұлы Ишая пайғамбарға жіберді. | |
II K | Kaz | 19:3 | Олар пайғамбарға мына сәлемді жеткізді:— Езекия сізге былай дейді: Бүгінгі күн біз үшін азапқа, балағатқа, масқараға толы күн болып тұр! Толғатып отырғанымен баласын тууға тым әлсіз әйелдей бейшара күйдеміз. | |
II K | Kaz | 19:4 | Ассур патшасы мәңгі тірі Құдайды қорлауға өзінің бас уәзірін жіберді. Мүмкін, Құдайыңыз Жаратқан Ие осы сөздерді естіген соң, Ассур патшасын айтқандары үшін сөгіп ескертер. Сондықтан халықтың әлі де тірі қалғандары үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңізші! | |
II K | Kaz | 19:6 | пайғамбар оларға былай деп жауап берді:— Тақсыр иелеріңе былай деңдер: Жаратқан Ие мынаны айтады: Ассур патшасының нөкерлерінің Мені балағаттап айтқан сөздеріне бола қорықпа! | |
II K | Kaz | 19:7 | Біліп ал, Мен оған (үрейін ұшыратын) рухты дарытамын; сонда ол бір суық хабар естіп, еліне қайтып кетеді. Оны өз елінде семсердің жүзімен өлтіртемін. | |
II K | Kaz | 19:8 | Осы аралықта ассурлық бас уәзір Ассур патшасының Лахыштан кеткенін біліп алды. Содан ол кері қайтып, патшаны Либна қаласына қарсы соғысып жатқан жерінен тапты. | |
II K | Kaz | 19:9 | Сол кезде Ассур патшасына «Құштық патша Тирхақ сізге қарсы соғысуға аттанып келе жатыр» деген хабар жетті. Мұны естіген Ассур патшасы Езекияға қайтадан елшілерін жіберіп, оларға мына тапсырманы берді: | |
II K | Kaz | 19:10 | «Яһуда патшасы Езекияға былай деңдер: Өзің үміт артқан Құдайыңның сені «Иерусалим Ассур патшасының қолына берілмейтін болады» деп алдауына жол берме! | |
II K | Kaz | 19:11 | Ассур патшаларының барлық елдерге не істегендерін естідің: оларды толығымен жойылуға бағыштады ғой! Ендеше сен аман қалар ма екенсің?! | |
II K | Kaz | 19:12 | Әлде мына халықтардың тәңірлері: Ғозанның, Харанның, Ресефтің әрі Тел-Ассардағы Еденнің тәңірлері сол елдерді құтқарып қалды ма? Оларды менің аталарым құртқан жоқ па?! | |
II K | Kaz | 19:13 | Хамат пен Арпадтың патшалары, Сепар-Уайм қаласының, Ена мен Ибахтың патшалары қайда екен?» | |
II K | Kaz | 19:14 | Езекия елшілердің алып келген хатын алып, оқып шыққаннан кейін Жаратқан Иенің киелі үйіне өрлеп барды. Сол жерде ол хатты Жаратқан Иенің алдында жайып салды. | |
II K | Kaz | 19:15 | Содан Езекия Жаратқан Иеге дұға етіп былай деді: «Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие! Керуб мүсіндерінің үстіндегі «тағыңда» отырған Сен жер бетіндегі күллі патшалықтардың үстінен қарайтын жалғыз Құдайсың, көк пен жерді жаратқан да Сенсің! | |
II K | Kaz | 19:16 | О, Жаратқан Ие, құлақ асып тыңдай гөр, уа, Иеміз, көз салып назар аудара гөр! Сеннахиримнің Сені, мәңгі тірі Құдайды, балағаттап айтқан сөздеріне құлақ салшы! | |
II K | Kaz | 19:17 | Уа, Жаратқан Ие, Ассур патшаларының сол халықтарды құртып, жерлерін қаңыратып бос қалдырғандары, | |
II K | Kaz | 19:18 | олардың табынған тәңірлерін өртеп жібергендері рас. Алайда солар шынайы құдай емес, адам қолынан шыққан ағаш, тас мүсіндер ғана. Сондықтан да ассурлықтар оларды құртып жібере алды. | |
II K | Kaz | 19:19 | Ал енді, уа, Құдайымыз Жаратқан Ие, бізді сол адамның қолынан құтқара гөр! О, Жаратқан Ие, сонда бүкіл дүниенің патшалықтары жалғыз Сенің шынайы Құдай екеніңді білетін болады». | |
II K | Kaz | 19:20 | Амос ұлы Ишая пайғамбар сол кезде Езекияға мына хабарды жіберді: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Сенің Маған Ассур патшасы Сеннахирим жайлы еткен дұғаңа құлақ салдым. | |
II K | Kaz | 19:21 | Мен, Жаратқан Ие, оған қарсы мына сөзді айттым:Маған бағышталған Сион қаласы сені менсінбей, келекелеп отыр! Иерусалим қаласы қашып кетіп бара жатқан сені мазақтап басын шайқайды! | |
II K | Kaz | 19:22 | Сен кімді мазақтап, балағаттадың? Кімді дауыстап қорлап, кімге паңдана қарап тұрдың, соны білесің бе?! Маған, Исраилдің киелі Құдайына қарсы солай істеп тұрсың! | |
II K | Kaz | 19:23 | Сен елшілерің арқылы Мені, Жасаған Иені, балағаттап, тағы былай деп паңдана мақтандың: Мен көптеген соғыс күймелеріммен таулардың зәулім бастарына, тіпті Ливанның ең алшақ баурайларына көтерілдім. Оның ең биік деген самырсын, ең таңдаулы қарағай ағаштарын шауып құлаттым, ең қиыр түкпіріндегі елді мекеніне әрі ормандарының ең қалың түбіне дейін жеттім! | |
II K | Kaz | 19:24 | Бөтен елдерде құдық қазып, суын іштім. Басқан табаныммен Мысырдың барлық өзендерін құрғатамын!» деп те көкідің. | |
II K | Kaz | 19:25 | Сен осының барлығын Менің бұрыннан-ақ дайындап қойғанымды естімеп пе едің?! Енді Мен соны жүзеге асырдым. Содан да сен бекіністі қалалардың талқанын шығара алдың. | |
II K | Kaz | 19:26 | Осы себептен де сол елдердің халықтары дәрменсіз болып, абдырап, масқараға қалды. Олар даладағы отты шөп әрі жас өскін секілді нәзік, үй төбесіндегі өсіп шықпай жатып, күннің аптабынан солып қалатын шөпке ұқсас болды. | |
II K | Kaz | 19:27 | Ал сенің өзің туралы, қайда тұрып, қашан жолға шығып, қашан қайтып келіп, не істейтініңді Мен жақсы білемін. Маған өршелене қарсы шыққаныңды да білемін. | |
II K | Kaz | 19:28 | Сенің сол өршелене қарсы шыққаның әрі тәкаппарлығың құлағыма шалынды. Соныңа бола Мен енді мұрныңа мұрындық, аузыңа ауыздық саламын. Қай жолмен келген болсаң, сол жолмен сені өз жағыңа қайтарамын! | |
II K | Kaz | 19:29 | Ей, Езекия, не болайын деп жатқанының белгісі мынау болады: биыл былтырғы шашылып қалған масақ дәндерінен өсіп шыққан астықпен күн көріп күнелтесіңдер. Келесі жылы да өздігінен өсіп шыққанды азық қыласыңдар. Бірақ одан кейінгі жылы тұқым сеуіп, астық орасыңдар, жүзімдіктер отырғызып, жемістерін жинап, жейтін боласыңдар. | |
II K | Kaz | 19:31 | Себебі халқымның құтқарылып, тірі қалғандары Иерусалимдегі Сион тауынан өсіп шығатын болады. Әлемнің Иесі бұларды қайрат-жігерімен іске асырады. | |
II K | Kaz | 19:32 | Сондықтан Жаратқан Иенің Ассур патшасы туралы айтқаны мынау: «Ол бұл қалаға кірмейді, оған бірде-бір жебе атпайтын да болады! Жасақшылары қалқан ұстап оған жақындамайды, тас-топырақтан үймек жасап, қамалынан өтпейді. | |
II K | Kaz | 19:33 | Ассур патшасы қай жолмен келсе, сол жолмен кері қайтып, осы қалаға кірмейтін болады. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын. | |
II K | Kaz | 19:35 | Сол түні-ақ Жаратқан Иенің періштесі ассурлық әскер қосына барып, ондағы бір жүз сексен бес мың адамды қырып кетті. Таң ата тірі қалғандары тұрып қараса, солардың бәрінің өліктері жатыр екен! | |
II K | Kaz | 19:36 | Сонда Ассур патшасы Сеннахирим жолға шығып, еліне кері қайтып, астанасы Ниневиде тұрып қалды. | |