NUMBERS
Chapter 30
Numb | Kaz | 30:1 | Мұса Жаратқан Иенің өзіне айтқандарының барлығын Исраилдің үрім-бұтағына жеткізіп айтып берді. | |
Numb | Kaz | 30:2 | Мұнан кейін Мұса Исраилдің рубасыларына былай деді: «Жаратқан Иенің берген бұйрығы мынау: | |
Numb | Kaz | 30:3 | Егер бір адам Жаратқан Иеге бір нәрсені ұсынуға не бір нәрседен бас тартуға ант етсе, я болмаса біреуге берген сөзін сертпен байласа, онда ол өзінің берген уәдесін бұзбай, аузынан шыққанының бәрін де орындауға тиісті болады. | |
Numb | Kaz | 30:4 | Егер әкесінің қолында тұрып жатқан қыз Жаратқан Иеге бір нәрсені ұсынуға не бір нәрседен бас тартуға ант етсе, я болмаса біреуге берген уәдесін сертпен байласа | |
Numb | Kaz | 30:5 | және әкесі оның берген анты не серті туралы естігенмен ештеңе демесе, онда қыздың берген барлық анттары да, сертпен байлаған барлық уәделері де өз күшінде қалады. | |
Numb | Kaz | 30:6 | Ал егер әкесі сол туралы естіген күні қызына тыйым салса, онда қыздың берген анттары мен уәделерінің ешқайсысы күшінде қалмайды. Қыздың әкесі тыйым салғандықтан, Жаратқан Ие қызды берген сертінен босатады. | |
Numb | Kaz | 30:7 | Егер де қыз ант етіп, асығыстықпен біреуге берген уәдесін сертпен байлап, бұдан кейін күйеуге шықса | |
Numb | Kaz | 30:8 | және күйеуі сол туралы естіген күні ештеңе демесе, онда бұл әйелдің берген анттары да, сертпен байлаған уәделері де өз күшінде қалады. | |
Numb | Kaz | 30:9 | Ал егер күйеуі сол туралы естіген күні әйеліне тыйым салса, онда ол әйелінің берген антының не байлаған сертінің күшін жояды, әрі Жаратқан Ие әйелді берген сертінен босатады. | |
Numb | Kaz | 30:10 | Бірақ егер жесір немесе күйеуінен ажырасқан әйел ант етсе, я болмаса берген уәдесін сертпен байласа, онда сонысы күшінде қалады. | |
Numb | Kaz | 30:11 | Егер күйеуімен бірге тұрып жатқан әйел ант етсе немесе берген уәдесін сертпен байласа | |
Numb | Kaz | 30:12 | және күйеуі сол туралы естіп, ештеңе демесе әрі тыйым салмаса, онда әйелдің берген анттарының бәрі де, сертпен байлаған әрбір уәдесі де өз күшінде қалады. | |
Numb | Kaz | 30:13 | Ал егер күйеуі сол туралы естіген күні әйеліне тыйым салса, онда әйелдің ауызынан шыққан әрбір анты не серті күшінен айырылады. Күйеуі олардың күшін жойғандықтан, Жаратқан Ие әйелді берген сертінен босатады. | |
Numb | Kaz | 30:14 | Әйелдің еткен әрбір антын немесе Жаратқан Иеге ерекше бой ұсынып ораза ұстауға берген әрбір сертін оның күйеуі не бекіте, не күшінен айыра алады. | |
Numb | Kaz | 30:15 | Егер күйеуі бұл туралы естіген соң, күн өткен сайын әйеліне ештеңе демесе, онда ол бұнысымен әйелінің берген анттары мен серттерінің бәрін бекітеді. Себебі ол сол туралы естіген күні үндемегені арқылы оларды бекітіп қойды. | |
Numb | Kaz | 30:16 | Ал егер күйеуі (біраз уақыт өткеннен кейін ғана) тыйым салса, онда әйелінің осыған байланысты кінәсі күйеуінің мойнында болады». | |