HEBREWS
Chapter 9
Hebr | Kaz | 9:1 | Бұрынғы Келісімге сай Құдайға құлшылық ету үшін арнайы ережелер және жер бетіндегі қасиетті ғибадат орны болды. | |
Hebr | Kaz | 9:2 | Киелі шатыр тігіліп, оның «қасиетті бөлме» деп аталған алдыңғы бөлімінде шам қойғыш, үстел және соның үстінде сый-тарту ретінде ұсынылған нан тұратын. | |
Hebr | Kaz | 9:3 | Ал шатыр ішіндегі шымылдықтың арт жағында «ең қасиетті бөлме» деп аталған киелі орын болатын. | |
Hebr | Kaz | 9:4 | Сол жерде алтын жалатқан түтету үстелі және жан-жағынан алтынмен қапталған Келісім сандығы орналасқан еді. Сол үстелдің үстінде Құдайға арнап хош иісті заттар өртеліп түтетілетін.Сандықтың ішінде Келісімнің куәліктері: манна деген керемет тағам салынған алтын құмыра, Һаронның бүр жарған таяғы және он өсиет жазылған екі тас тақташа сақталатын. | |
Hebr | Kaz | 9:5 | Құдайдың салтанатты ұлылығы қонатын сол сандықтың үстінде керуб атты екі періштенің мүсіндері тұратын. Олардың жайылған қанаттары сандық қақпағын жауып тұрды. Сол қақпаққа халықтың күнәсінің құнын өтеу үшін жыл сайын шалынған құрбандықтың қаны бүркілетін. Алайда мұны қазір егжей-тегжейлі айтып жатудың қажеті жоқ. | |
Hebr | Kaz | 9:6 | Осылай жабдықталған киелі үйдің алдыңғы бөлмесіне діни қызметкерлер күн сайын кіріп, Құдайға құлшылық етеді. | |
Hebr | Kaz | 9:7 | Ал екінші, ең қасиетті бөлмесіне тек бас діни қызметкерге ғана жылына бір-ақ рет енуге болады. Сол кезде ол өзінің және халықтың білмей жасаған күнәларының құнын өтеу үшін шалынған құрбандықтың қанын ала кіруге тиісті. | |
Hebr | Kaz | 9:8 | Киелі Рух осы арқылы бізге мынаны білдіреді: киелі үйдің алдыңғы бөлімі әлі де бар болып тұрғанда, ең қасиетті бөлімге (яғни Құдайдың алдына) апаратын жол ашық емес. | |
Hebr | Kaz | 9:9 | Бұл — осы замандағы жайттың бейнесі! Құдайға ұсынылатын сый-тартулар мен құрбандықтар Оған сиынатын адамдардың ар-ұжданын өздерінің жасаған күнәларынан түпкілікті арылта алмайды. | |
Hebr | Kaz | 9:10 | Сол ескі ғибадат ету жолының ережелері тек ішіп-жеу және түрлі тазару рәсімдері сияқты сыртқы дәстүрлерге байланысты. Олар Жаңа Келісім енгізілген кезге дейін ғана күшінде болды. | |
Hebr | Kaz | 9:11 | Енді міне, Бас діни қызметкеріміз Мәсіх бізге соншама рухани игіліктер алып келді! Сонда Ол жер бетіндегі ғибадат орнынан гөрі әлдеқайда ұлы да кемелді көктегі киелі үйге кірді. Бұл адам қолынан шыққан, осы жаратылыстың бір бөлігі емес. | |
Hebr | Kaz | 9:12 | Мәсіх, сондай-ақ, құрбандыққа шалынған қошқарлар мен бұзаулардың қанын емес, Өзінің құрбан болған кезінде төгілген қанын осы киелі үйдің ең қасиетті бөліміне біржола алып кірді. Осылайша Ол бізді күнәмізден арылтып, мәңгілік азат етті. | |
Hebr | Kaz | 9:13 | Таураттың ережелеріне сай арам деп есептелген адамдарға құрбандыққа шалынған қошқардың не бұзаудың қаны, немесе шалынып, өртелген жас сиырдың күлі бүркіліп себілетін. Сол арқылы олар сырттай тазартылатын. | |
Hebr | Kaz | 9:14 | Олай болса, мәңгілік Киелі Рухқа кенелген, Өзін мүлдем кемшіліксіз құрбандық ретінде Құдайға ұсынған Мәсіхтің өз қаны рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан ар-ұжданымызды одан бетер арылтып тазартпақ! Соның нәтижесінде біз мәңгі тірі Құдайға шынымен ғибадат ете аламыз. | |
Hebr | Kaz | 9:15 | Сол себептен де Мәсіх Жаңа Келісімнің негізін салушы! Ол адамдардың Көне Келісімнің тұсында жасаған күнәларының құнын төлеп оларды азат ету үшін өз жанын өлімге қиды. Сондықтан енді Құдай шақырғандар Оның уәде еткен мәңгілік жарылқауына ие болады. | |
Hebr | Kaz | 9:16 | Құдай бекіткен Келісімді өсиетнамамен салыстыруға болады: өсиетнаманы қалдырған кісінің өлгендігі анықталған соң ғана оны ашып оқуға болады. | |
Hebr | Kaz | 9:19 | Алдымен Мұса пайғамбар бүкіл Исраил халқына Таурат заңының барлық өсиеттері мен ережелерін жариялаған еді. Содан кейін құрбандыққа шалынған бұзаулар мен қошқарлардың қанын алып, су қосты да, сайсағыз бұтақшалары мен аздаған ал қызыл түсті жүнді соған малып алып, Келісім кітабына және бүкіл халыққа бүркіп тұрып: | |
Hebr | Kaz | 9:21 | Дәл солай Мұса киелі шатырға да, Құдайға қызмет жасағанда қолданылатын барлық бұйымдарға да қан бүркіп септі. | |
Hebr | Kaz | 9:22 | Таурат заңы бойынша бәрі дерлік қанмен тазартылады. Қан төгілмей, Құдай күнәні кешірмейді. | |
Hebr | Kaz | 9:23 | Сонымен, көктегі киелі үйдің көшірмесі болған жердегі ғибадат орны құрбандыққа шалынған малдың қаны арқылы тазартылуға тиіс болды. Алайда көктегі киелі үй үшін бұдан әлдеқайда құнды құрбандық жасау қажет еді. | |
Hebr | Kaz | 9:24 | Себебі Мәсіх адам қолымен жасалған ғибадат орнына кірмеді. Сол ғибадат орны шынайы киелі үйдің көшірмесі ғана болатын. Қайта, Мәсіх көктің өзіне енді. Ол қазір сонда Құдайдың алдында тұрып, бізді қолдап сөйлейді. | |
Hebr | Kaz | 9:25 | Көне Келісімге сай бас діни қызметкер шалынған құрбандықтың қанын киелі үйдің ең қасиетті бөліміне жылма-жыл алып кіреді. Ал көкке енген Мәсіхке өз жанын қайта-қайта құрбан етудің қажеті жоқ. | |
Hebr | Kaz | 9:26 | Әйтпесе Ол әлем жаратылғаннан бері әлденеше рет азап шегіп өлуге мәжбүр болған болар еді. Керісінше, Мәсіх қазір, дүниенің ақырғы заманында, бір-ақ рет жер бетіне келіп, адамдарды күнәларынан біржола арылту үшін Өзін құрбандыққа қиды. | |