I CHRONICLES
Chapter 14
I Ch | Kaz | 14:1 | Тир патшасы Хирам Дәуітке елшілерін, сондай-ақ самырсын бөренелерін, тас қалаушылар мен ағаш ұсталарын да жіберді. Осы мамандар Дәуітке сарай салып берді. | |
I Ch | Kaz | 14:2 | Сонда Дәуіт Исраилдің үстінен патша болуға өзін Жаратқан Иенің бекіткенін, әрі халқы Исраилдің игілігі үшін патшалық мәртебесін көтергенін түсінді. | |
I Ch | Kaz | 14:4 | Оның Иерусалимде дүниеге келген балаларының аттары мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен, | |
I Ch | Kaz | 14:8 | Дәуіттің бүкіл Исраилдің үстінен патша болып тағайындалғанын естіген соң, барлық філістір жасақшылары Дәуітті іздеуге шықты. Бұл туралы хабар алған Дәуіт астананы тастап, оларға қарсы аттанды. | |
I Ch | Kaz | 14:10 | Дәуіт Құдайдан:— Філістірлерге қарсы өрлеп шығайын ба? Оларды жеңіп шығуыма қол жеткіздіресің бе? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды:— Өрлеп шық! Мен оларды сенің қолыңа тапсырамын! | |
I Ch | Kaz | 14:11 | Сонымен Дәуіт Бағал-Перасимге өрлеп барып, філістірлерді сол жерде күйрете жеңді. Ол: «Су тасқыны жолындағының бәрін жайпайтынындай, Құдай да менің қолым арқылы жау саптарын бұзып-жарды!» — деді. Сондықтан сол жер Бағал-Перасим («Иенің бұзып-жарғаны») деп аталып кетті. | |
I Ch | Kaz | 14:12 | Філістірлер қашқанда сол жерге өздерінің табынатын тәңірсымақтарын тастап кеткен еді. Дәуіттің әмірімен сол мүсіндер өртеліп жіберілді. | |
I Ch | Kaz | 14:14 | Дәуіт қайтадан Құдайдың еркін сұрағанда, Құдайдың жауабы мынау болды: «Оларға тікелей қарсы аттанбай, айналып өтіп, арт жағынан тұт ағаштарының алдынан кенеттен тап бер! | |
I Ch | Kaz | 14:15 | Сен тұт ағаштарының үстінен басқан қадамдардың дыбысын естіген кезде шайқасқа аттан! Бұл, Құдайдың філістірлердің жасағын шабу үшін сенің алдыңа шыққанын білдіреді». | |
I Ch | Kaz | 14:16 | Құдай нені бұйырса, Дәуіт солай істеді. Содан олар філістірлердің жасағын Гибеоннан тіпті Гәзерге дейін қырып-жойды. | |