I CHRONICLES
Chapter 6
I Ch | Kaz | 6:3 | Ымрамның балалары: Һарон, Мұса, Мәриям.(Діни қызметкер) Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар. | |
I Ch | Kaz | 6:10 | одан Азариях. Азариях Сүлейменнің Иерусалимде тұрғызған ғибадатханасында діни қызметкер болды. | |
I Ch | Kaz | 6:15 | Жаратқан Ие Яһуда елі мен Иерусалимнің халқын Набуходоносордың қолымен жер аударғанда Ехосадық та бірге кеткен болатын. | |
I Ch | Kaz | 6:19 | Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши.Түп аталарына сәйкес леуіліктердің әулеттері мыналар: | |
I Ch | Kaz | 6:29 | Мераридің үрім-бұтағындағы Мәхлиден өрбіген ұрпақтар: Мәхлиден Лібіни, одан Шимей, одан Ұза, | |
I Ch | Kaz | 6:31 | Келісім сандығын Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіп, сондағы тұрақты орнына қойғаннан кейін Дәуіт патшаның сол жерде әнші-күйші болып, қызмет етуге тағайындаған адамдарының аттары төменде берілген. | |
I Ch | Kaz | 6:32 | Сүлеймен патша Иерусалимде Жаратқан Иеге ғибадатхана тұрғызғанға дейін, олар әнші-күйші қызметін киелі кездесу шатырында атқарып жүрген еді. Олар бұл міндеттерін өздеріне арналған ережелер бойынша орындайтын. | |
I Ch | Kaz | 6:33 | Қызмет еткендердің есімдері ұлдарымен қоса мыналар: қахаттық тармақтан әнші-күйші Хеман. Оның шыққан ата-тегі мынау: Хеман Жоелден, Жоел Самуилден, | |
I Ch | Kaz | 6:39 | Хеманның оң жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Асаф болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Асаф Барақияхтан, Барақиях Шимадан, | |
I Ch | Kaz | 6:44 | Хеманның сол жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Мерари тармағына жататын Етан болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Етан Қишидан, Қиши Әбдиден, Әбди Маллухтан, | |
I Ch | Kaz | 6:48 | Олармен рулас өзге леуіліктер Құдайдың жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырдағы барлық басқа жұмыстарды атқаруға тағайындалды. | |
I Ch | Kaz | 6:49 | Һарон әрі одан кейінгі ұрпақтары құрбандық өртелетін үстелде құрбандықтарды және түтету үстелінде хош иісті заттарды өртеп ұсынатын. Олар киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіндегі барлық басқа қызметтерді де атқарып, Исраил халқын жасаған күнәларының арамдығынан тазартатын. Бұл Құдайдың қызметшісі Мұса оларға берген барлық нұсқауларына сәйкес болды. | |
I Ch | Kaz | 6:54 | Леуіліктерге белгіленген елді мекендер мен жерлер мыналар: Қахат тармағынан шыққан Һаронның ұрпақтарына бірінші жеребе түскендіктен, | |
I Ch | Kaz | 6:56 | Бірақ Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халепке бөлініп берілді. | |
I Ch | Kaz | 6:57 | Сонымен Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы табысталды. Хеброн абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Һаронның ұрпақтарына мұнан басқа Либна, Ятир, Ештемоға, | |
I Ch | Kaz | 6:60 | Бунямин руынан оларға (Гибеон әрі) Геба, Алемет, Анатот қалалары жайылымдарымен қоса берілді. Һаронның ұрпақтарына әулеттеріне қарай берілген осы қалалардың жалпы саны он үш болды. | |
I Ch | Kaz | 6:61 | Қахат тармағының қалған бөлігіне Манасаның (Иорданның батыс жағындағы) жарты руының жерінен он қала жеребе бойынша тиді. | |
I Ch | Kaz | 6:62 | Герсон тармағына әулеттеріне қарай Исашар, Ашир, Нафталим рулары және Манаса руының (шығыстағы) екінші жартысынан Башандағы он үш қала тиді. | |
I Ch | Kaz | 6:63 | Мерари тармағына әулеттеріне қарай Рубен, Ғад, Забулон руларының жерінен он екі қала тиді. | |
I Ch | Kaz | 6:65 | Оларға Яһуда, Шимон, Бунямин руларынан жоғарыда аты аталып өткен қалаларды жеребе бойынша үлестіріп берді. | |
I Ch | Kaz | 6:66 | Қахат тармағының басқа да кейбір әулеттеріне Ефрем руының жерінен мына қалалар жайылымдарымен қоса бөлінді: | |
I Ch | Kaz | 6:67 | Ефремнің таулы аймағынан: Сихем қаласы. Ол абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Сол әулеттерге одан басқа Гәзер, | |
I Ch | Kaz | 6:70 | Қахат тармағының қалған әулеттеріне Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Анер, Билеам қалалары жайылымдарымен қоса бөлінді. | |
I Ch | Kaz | 6:71 | Герсон тармағына мына қалалар жайылымдарымен қоса тиді: Манаса руының шығыстағы жартысынан: Башан аймағындағы Ғолан мен Аштарот; | |
I Ch | Kaz | 6:77 | Леуіліктердің қалған тармағы — мерариліктерге мына қалалар жайылымдарымен қоса берілді: Забулон руынан: Жоқнеам, Қарта, Риммоно, Табор; | |
I Ch | Kaz | 6:78 | Иордан өзенінің шығыс жағындағы Рубен руынан Иерихонға қарама-қарсы иен даладағы Бесер; одан басқа Жахса, | |