Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 27
I Ch Kaz 27:1  Төменде исраилдік әулет басшылары, мыңбасылар, жүзбасылар және олардың басқарушыларының тізімі берілген. Бұлар әр жылда кезектесіп, бір айдан қызмет етіп шығатын жасақ бөлімдеріне басшылық ететін. Осылай олар сол жасақ бөлімдеріне байланысты күллі міндеттерін атқарып патшаға қызмет көрсететін. Әрбір жасақ бөлімі жиырма төрт мың сарбазды қамтитын.
I Ch Kaz 27:2  Жиырма төрт мың сарбазды қамтыған бірінші жасақ бөлімінің қолбасшысы Забдиелдің ұрпағы Яшобам болды. Осы бөлім бірінші айда қызмет ететін.
I Ch Kaz 27:3  Яһуда руындағы Парес әулетінен шыққан осы Яшобам бірінші айда жасақтағы барлық сардарларға басшылық ететін.
I Ch Kaz 27:4  Ахоахтың ұрпағы Додай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, екінші айда қызмет ететін екінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. Оның қол астындағы әмірші Миқлот еді.
I Ch Kaz 27:5  Діни қызметкер Еходайдың ұлы Бенаях жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, үшінші айда қызмет ететін үшінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:6  Осы Бенаях атақты Отыз батырдың ішіндегі ерен батыры және солардың басшысы болатын. Оның ұлы Амизабад әкесінің қол астындағы әмірші еді.
I Ch Kaz 27:7  Жоғабтың туған інісі Асахил жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, төртінші айда қызмет ететін төртінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. Кейін Асахилдің ұлы Забадиях әкесінің орнын басып қолбасшы болып тағайындалды.
I Ch Kaz 27:8  Израқ әулетінен шыққан Шамхут жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, бесінші айда қызмет ететін бесінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:9  Текоялық Икеш ұлы Ирақ жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, алтыншы айда қызмет ететін алтыншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:10  Ефрем руынан шыққан пәлеттік Хелес жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, жетінші айда қызмет ететін жетінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:11  Зарах әулетінен шыққан хушалық Сипхай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, сегізінші айда қызмет ететін сегізінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:12  Бунямин руынан шыққан анатоттық Әбиезер жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, тоғызыншы айда қызмет ететін тоғызыншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:13  Зарах әулетінен шыққан нетопаттық Маһарай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, оныншы айда қызмет ететін оныншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:14  Ефрем руынан шыққан пиратондық Бенаях жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, он бірінші айда қызмет ететін он бірінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:15  Отниел әулетінен шыққан нетопаттық Хелдай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, он екінші айда қызмет ететін он екінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды.
I Ch Kaz 27:16  Исраилдің руларын басқаруға тағайындалған әкімдер мыналар болды: Рубен руын — Зіхри ұлы Елиезер, Шимон руын — Маха ұлы Шафатиях,
I Ch Kaz 27:17  Леуі руын — Кемуел ұлы Хашабиях, Һаронның ұрпақтарын — (діни қызметкер) Садық,
I Ch Kaz 27:18  Яһуда руын — Дәуіттің ағайыны Еліху, Исашар руын — Михайл ұлы Омри,
I Ch Kaz 27:19  Забулон руын — Абадиях ұлы Ишмаях, Нафталим руын — Азриил ұлы Еримот,
I Ch Kaz 27:20  Ефрем руын — Азазиях ұлы Ошия, Манаса руының жартысын — Педаях ұлы Жоел,
I Ch Kaz 27:21  Манаса руының Ғилақад аймағындағы жартысын — Зәкәрия ұлы Иддо, Бунямин руын — Әбенир ұлы Ясиел,
I Ch Kaz 27:22  Дан руын — Ерохам ұлы Азарил басқаратын.Исраил руларының басшылары осылар болды.
I Ch Kaz 27:23  Дәуіт Исраил елінде санақ жүргізгенде, жасы жиырмадағы немесе одан төмен адамдарды санаған жоқ. Себебі Жаратқан Ие Исраил халқын аспандағы жұлдыздардай көп қыламын деп уәде берген болатын.
I Ch Kaz 27:24  Сарұяның ұлы Жоғаб ересек ер адамдарды санай бастағанмен, онысын аяқтамады. Санақтың кесірінен Жаратқан Ие Исраилге қаһарын төкті. Сол себепті осы санақтың нәтижесі «Дәуіт патшаның билігінің шежіре кітабына» кіргізілген жоқ.
I Ch Kaz 27:25  Патшаның Иерусалимдегі қоймаларын Адиел ұлы Азмаует, ал басқа қалалар мен елді мекендердегі және бақылау мұнараларындағы қоймаларын Ұзиях ұлы Жонатан басқаратын.
I Ch Kaz 27:26  Патшаның егістік жерлерін өңдеумен айналысатын шаруалардың басқарушысы Хелуб ұлы Езра болатын.
I Ch Kaz 27:27  Оның жүзім бақтарын рамақтық Шимей, ал шарап қоймаларын шефамдық Забди басқаратын.
I Ch Kaz 27:28  Батыстағы төменгі қыраттарда зәйтүн және тұт ағаштарын өсірумен айналысушыларға гедерлік Бал-Ханан басшылық ететін, ал зәйтүн майы сақталатын қоймалардың басқарушысы Жоғас болатын.
I Ch Kaz 27:29  Шарондық Шитрай Шаронның маңында жайылатын мүйізді ірі қара малды басқаратын, ал Адлай ұлы Шапат аңғарлардағы мүйізді ірі қара малды бағушылардың үстінен қарайтын.
I Ch Kaz 27:30  Түйе өсіруді ысмағұлдық Обил, есек өсіруді мероноттық Едиях,
I Ch Kaz 27:31  ал қой-ешкілерді өсіруді ажарлық Жазиз басқаратын.Осылардың бәрі Дәуіт патшаның мал-мүлкін қарайтын қызметкерлері болды.
I Ch Kaz 27:32  Дәуіттің әкесінің ағайыны Жонатан патшаның кеңесшісі болды. Жонатан зерек, көп оқыған адам еді. Ахамони ұлы Ехиел патшазадаларға тәлім-тәрбие беретін.
I Ch Kaz 27:33  Ахитопел де патшаның кеңесшісі, ал архилік Хушай патшаның досы әрі жеке кеңесшісі болатын.
I Ch Kaz 27:34  Ахитопел өлгеннен кейін Бенаях ұлы Еходай мен Абиятар оның орнын басты. Жоғаб патша жасағының қолбасшысы болды.